Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 544 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Құқық қорғау саласының басшысы қабылдайды

Құрметті жерлестер! Құқық қорғау саласына қатысты айтар ұсыныстар мен арыз шағымдарыңыз болса, немесе басшы қабылдауына кіре алмай жүрсеңіз ертең, 10 наурыз күні облыстық полиция департаментінің басшысы Бектөре Жеңісбайұлы партия ғимаратында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау өткізетіндігін назарларыңызға саламыз!

0
0
206

Аналар алғыстарын айтты

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалына қарасты аумақтық филиалдар партияның «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай түрлі санаттағы аналарды мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.

Олардың қатарында тыл ардагерлері, әлеуметтік жағынан аз қамтылған көп балалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған сондай-ақ, қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан батырлардың аналары бар.

Мереке аясында ұйымдастырылған шараларға облыстық, аудандық мәслихаттардағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция мүшелері белсенді атсалысып, аналарға ыстық ықыластарын білдірді.

Көктемнің шуақты мерекесінде өздеріне көрсетілген құрметке разы болған аналар шараны ұйымдастырушыларға ерекше алғыстарын айтты.

0
0
185

Облыстық мәслихат депутаты Батпакулова Гүлмира тұрғындарды қабылдады

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Батпакулова Гүлмира тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.Қабылдауға ерекше баланы тәрбиелеп отырған ана жолықты. Дәрі-дәрмекпен қолдау көрсетуді сұрады. Депутат жауапты мекемеге өтініш жолдап, заңнамалық тұрғыда түсініктемелер берді. Сонымен қатар жалғызбасты зейнеткер жолықты. Өзінің жағдайын түсіндіріп, үй тұрмысына көмек сұрап келді. Зейнеткерге "Jas Otan" ЖҚ белсенді жастарын жолдау арқылы көмек көрсетілетінін депутат түсіндіріп өтті.Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайлары анықталды. Мамандардың кеңестері немесе басқа ведомстволардың жауаптары қажет болатын өтініштер қабылданып, жауаптары міндетті түрде өтініш бер…

0
0
217

Үгіт насихат жұмыстары

Мәжіліс депутаттығына үміткер Нурумова Гүлдара Алданышқызы "Айқын" шаруақожалығының малшыларымен Мойынқұм ауылының тұрғындарымен кездесіп, 2021 жылғы қаңтардың 10 болатын сайлауға қатысуға шақырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

0
0
206

Тәуелсіздік тұғыры

Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 29 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!

0
0
187

Заң аясында түсінік берілді

"Nur Otan" партиясы Мойынқұм аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тізімге енген кандидат М.Қырғызбай офлайн жағдайда жеке сұрақтарымен қабылдады. Ауыл тұрғыны әлеуметтік көмек, тұрғын үй, ауыз су мәселелерімен қайырылды. Барлық сұрақтарға заң аясында түсініктеме берілді.

0
0
201

Әлеуметтік мәселелермен қабылдады

"Nur Otan" партиясы Мойынқұм аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тізімге енген кандидат Т.Кәрібаева офлайн жағдайда жеке сұрақтарымен қабылдады. Ауыл тұрғыны әлеуметтік көмек пен ауыз су мәселелерімен қайырылды. Барлық сұрақтарға заң аясында түсініктеме берілді.

0
0
153

Қоғамдық қабылдау

партияның аудандық филиалының сайлауалды штабында қоғамдық қабылдау бөлмелесінің салтанатты ашылу сәті өтті. Ашылу салтанатына штаб төрағасы Ш.Исабеков ашты. Сонымен қатар, партиялық тізімге енген кандидаттар, сенімді өкілдер қатысты.

Сайлауалды штаб жанындағы қоғамдық қабылдаудың ең басты мақсаты – «Nur Otan» партиясы жүргізіп келе жатқан саясат негізінде қарапайым халықтың өтініш-тілектерін тыңдау болып табылады.

Жалпы, электоралды науқан кезеңінде партияның сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесі өз жұмысын 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 8 қаңтары аралығында атқарады.

Қоғамдық қабылдаудың презентациясына бұқаралық ақпарат құралдары, партиялық тізімге енгізілген кандидаттар мен партияның сенімді өкілдері де қатысты.

0
0
145

Партиялық бақылау

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аудан орталығындағы №8 Мойынқұм колледжіндегі санитарлық талаптардың сақталуын бақылап, студенттер мен ұстаздардың санитарлық нормаларды қатаң сақталуын бақылауға алды.

0
0
148