
«Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалы Саяси кеңес Бюро отырысы
Үстіміздегі жылдың 16 сәуірінде аудан әкімі Ғ.Сарыбаевтың қатысуымен "Nur Otan"партиясының Кербұлақ аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті.«Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалы Саяси кеңес Бюросы отырысының күн тәртібінде:1. «Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының XXVIII есеп беру-сайлау конференциясын шақыру, күн тәртібін және делегаттарды сайлау жөнінде квотаны бекіту туралы.2. «Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аудандық қоғамдық кеңестердің төрағаларын, құрамдарын, Ережелерін бекіту туралы.3. «Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросы отырысын және бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарын, аудандық партия филиалының XXVIII есеп беру – сайлау конференциясын…
"Талдыбұлақ" БПҰ - да есеп беру - сайлау жиналысы өтті.
30 игі іс
Айту би ауылдық округі, Көкпекті ауылының тұрғыны Құдайберген Ұзақов атамыздың отбасылық қаражат есебінен балалар ойын алаңының құрылысын, және оның абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Осы игілікті іс шараға ауылдың тұрғындары мен қонақтары белсене қатысуда. #30игііс
Іле аудандық Саяси кеңес Бюросының отырысы
Іле аудандық Саяси кеңес Бюросының отырысы2021 жылғы 16 сәуір күні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының Саяси Кеңесі Бюросының отырысы өтті. Отырысқа «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Б.Қарасаев, «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сатибаев, Саяси кеңес Бюросының мүшелері қатысты. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:«Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы XXVII -шы есеп беру –сайлау Конференциясын шақыру, күн тәртібін және делегаттарды сайлау жөніндегі квотаны бекіту. «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аудандық қоғамдық кеңестер төрағаларын, құрамдарын және ережелерін бекіту. «Nur Otan» партия…
Қоғамдық қабылдау
Алматы облысы Ауғанстан соғысы және әскери қызмет ардагерлер қауымдастығының жауынгерлік- бауырластық ұйымының төрағасы- Данабеков Ержан Сүлейменұлы "Nur Otan" партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысов пен аудан әкімі Е.Исабековке Қаратал ауданы ауған соғысы ардагерлерінің түйіткілді мәселелерін айта келді. Е.С.Данабековтың мәселесі болашақта қолға алынатыны айтылды
Құттықтау
Алматы облысы Ауғанстан соғысы және әскери қызмет ардагерлер қауымдастығының жауынгерлік- бауырластық ұйымының төрағасы- Данабеков Ержан Сүлейменұлы "Nur Otan" партиясы Қаратал аудандық филиалына партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысовты жаңа жұмыс орнымен құттықтап, ісінің игілікті болуын тілеп қайтты.
Мен Тәуелсіздік құрдасымын
1991 жыл -кең байтақ қазақ еліміз Көк байрағымызды көгімізде желбіретіп, Ата -бабамыз аңсаған азаттыққа қол жеткізген жылы дүниеге келген Тәуелсіздік құрдасы - Панфилов аудандық мәслихатының депутаты, Абай атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бегімбекова Ұлдана Қуандыққызымен " Мен Тәуелсіздік құрдасымын" атты кездесу өтті.
" Тәуелсіздік бұл-Таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдыретті сөз. Сондықтан ата-бабамыз аңсаған азаттықты жырлау мен үшін үлкен бақыт!-дейді Ұлдана Қуандыққызы. Елім деген жұдырықтай жүрегін қуаныш кернейтін тәтті ұғым Тәуелсіздік құрдасына шабыт беріп, сиясы әлі кеппеген жаңа туындысын арнады... Қиялына қанат бітсе, қаламына тіл бітетін жас ақынның Тәуелсіздікке тартуы мұнымен шектелмесі анық.
Иновациялық жобалар және қазақстандық ғылымның даму болашағы
«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы, Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің ұйымдасуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Иновациялық жобалар және қазақстандық ғылымның даму болашағы» атты онлайн кездесу өтті. Колледж студенттері арасында V халықаралық ғылыми-практикалық қашықтық конференциясында Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы Ә.Т.Шәріпбаеваның жетекшілігімен 1-курс студенті Оразақан Бағлан Бекалиқызы «Әдебиет және физика әлемі» тақырыбында ғылыми жоба қорғап II-орынды иеленді.
Пенжім БПҰ-да Zoom платформасы арқылы жиналыс өтті.
«Nur Otan» партиясының құрылымдық бөлімшелерінде есеп беру-сайлау науқанын дайындау және ұйымдастыру бойынша Пенжім БПҰ-да Zoom платформасы арқылы жиналыс өтті.
Жиналысқа «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Досмаилов Қанат Нүркешұлы арнайы қатысты. Күн тәртібінде БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер; Төрағаны және төрағаның орынбасарын, қажет болған жағдайда – БПҰ Бюросын сайлау; Партияның тиісті аумақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралды.
Жиын соңында жоғарыда айтылған күн тәртібіндегі үш мәселе бойынша шешім қабылданып, бірауыздан мақұлданды.