Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мен Тәуелсіздік құрдасымын

1991 жыл -кең байтақ қазақ еліміз Көк байрағымызды көгімізде желбіретіп, Ата -бабамыз аңсаған азаттыққа қол жеткізген жылы дүниеге келген Тәуелсіздік құрдасы - Панфилов аудандық мәслихатының депутаты, Абай атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бегімбекова Ұлдана Қуандыққызымен " Мен Тәуелсіздік құрдасымын" атты кездесу өтті.

" Тәуелсіздік бұл-Таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдыретті сөз. Сондықтан ата-бабамыз аңсаған азаттықты жырлау мен үшін үлкен бақыт!-дейді Ұлдана Қуандыққызы. Елім деген жұдырықтай жүрегін қуаныш кернейтін тәтті ұғым Тәуелсіздік құрдасына шабыт беріп, сиясы әлі кеппеген жаңа туындысын арнады... Қиялына қанат бітсе, қаламына тіл бітетін жас ақынның Тәуелсіздікке тартуы мұнымен шектелмесі анық.

0
0
185

Осы тақырып бойынша

Мен Тәуелсіздік құрдасымын - Yvision.kz