Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 554 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

"Қайырымды 30 игі іс"

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған "Қайырымды 30 игі іс" «Халыққа көмек», партиялық жобасы аясында аудандық мәслихат депутаты Қожақов Елтай Тұрлықожаұлы 22 сәуір күні кезектен тыс қоғамдық қабылдау өткізді.Қабылдауға көпбалалы ана Султанбекова Алма Асылбайқызы келіп, өзінің жұмысқа кіруіне көмек сұрады. Көп балалы ананың мәселесі қарастырылып, тиісті орындарға хабарласып алдағы екі айға аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмысқа кіргізілетін болды.

0
0
132

А.Байгунысовтың құттықтауы

«Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысовтың құттықтауы.

Еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз. Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі құтты болсын ағайын!#ҚҰТТЫҚТАУ

0
0
136

1 мамыр - Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай партия қатарына салтанатты қабылдау болып өтті.

Бүгін аудандық партия филиалында 1 мамыр - Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай партия қатарына салтанатты қабылдау болып өтті. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Мұқажанұлы партия қатарына қабылданушы азаматтарға партиялық билет табыстады. Келе жатқан мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

0
0
154

"Ардагерлерді ардақтайық" акциясы

Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығы, "Жас Отан" жастар қанатының ұйымдастыруымен 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай Кәсіптік оқудағы Көпсалалы колледжінің волонтерлеры жалғыз басты ардагер атамыздың үйіне барып "Ардагерлерді ардақтайық" акциясын өткізді.

Жастар Шамсувалиев Гисматбек атамызға құрмет көрсетіп қана қоймай, тазалық жұмыстарын жүргізіп, бау-бақшасын ретке келтірді. Өскелең ұрпақтың осындай сыйластығын сезген ардагер атамыз риза болып, жастарға ақ батасын берді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай осындай игі іс шаралар жылдың соңында дейін жалғасын табатын болады.

#Ардагерлердіардақтайық

#30игііс

#Тәуелсіздікке30жыл

#ЖетісуЖастары

#ҚарасайЖастары

#Ардагерлердіардақтайыққарасайауданы

0
0
138

Партия билеттері салтанатты түрде табысталды

«Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысов Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойына байланысты партия қатарына ауданымыздың жас,жеке кәсіпкер, заң консультанты, халыққа жанашыр, әрдәйым қиналған сәтте ақыл-кеңесін беруге дайын - Магамадов Магамед Хасанұлын, Тастөбе ауылдық округ әкімшілігінің спорт нұсқаушысы, салауатты өмір салтын ұстанатын - Нүсіпбеков Бек Бауманұлын, жас та болса, басшы бола білген ,жас кәсіпкер, ЖШС «DIOS CAPITAL» директоры - Мұхамадиев Дияз Шәріпбекұлын қабылдап, партия билеттері салтанатты түрде табысталды.

0
0
139

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды бақылау

2021 жылдың 30 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысовтың қатысуымен Алматы облысы, Қаратал ауданы, "Бастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-де Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды бақылау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тексеру жұмыстары өткізілді. Тексеру нәтижесінде кемшіліктер анықталып, тиісті ұсыныстар берілді.#КЕДЕРГІСІЗКЕЛЕШЕК

0
0
102

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды бақылау

2021 жылдың 30 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысовтың қатысуымен Алматы облысы, Қаратал ауданы, Бастөбе ауыл округіндегі "М.Горький атындағы орта мектеп" Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды бақылау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тексеру жұмыстары өткізілді. Тексеру нәтижесінде кемшіліктер анықталып, тиісті ұсыныстар берілді.#КЕДЕРГІСІЗКЕЛЕШЕК

0
0
134