"Ардагерлерді ардақтайық" акциясы
Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығы, "Жас Отан" жастар қанатының ұйымдастыруымен 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай Кәсіптік оқудағы Көпсалалы колледжінің волонтерлеры жалғыз басты ардагер атамыздың үйіне барып "Ардагерлерді ардақтайық" акциясын өткізді.
Жастар Шамсувалиев Гисматбек атамызға құрмет көрсетіп қана қоймай, тазалық жұмыстарын жүргізіп, бау-бақшасын ретке келтірді. Өскелең ұрпақтың осындай сыйластығын сезген ардагер атамыз риза болып, жастарға ақ батасын берді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай осындай игі іс шаралар жылдың соңында дейін жалғасын табатын болады.
#Ардагерлердіардақтайық
#30игііс
#Тәуелсіздікке30жыл
#ЖетісуЖастары
#ҚарасайЖастары
#Ардагерлердіардақтайыққарасайауданы
