
Балаларға мейірімді жүректен!
М-С.Бабажанов атындағы ЖОББ мектебінде өткізілген "Тәуелсіздік ұландары" атты аттестат табыстау рәсімінің екінші кезеңінде жас түлектер үлкен өмірге деген жаңа қадамдарын жақсылық жасаумен бастады. "Балаларға мейірімді жүректен" акциясы аясында бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау мақсатында оқушылар салтанатты рәсімінен кейін "Ер Төстік" бөбекжайының бүлдіршіндеріне түлектер атынан ойыншықтар тарту етті. Кішкентайларға өз жылы лебіздерін білдіріп, әкелген ойыншықтармен бөлісті. Еліміздің келешегі саналатын осындай жас өрендердің жаңа бастама жасап, өздерінің артынан ерген буынға жақсы үлгі көрсеткендері қуантады. Сәт сапар, Жас түлек!
Рәміздер - елімнің мақтанышы!
Елін, жерін сүю мен қатар Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерді қадыр тұту болып табылады. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына қызмет етуге елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында М.Мәметова атындағы орта мектепте бірыңғай Әнұран орындау, тәрбие сағаттары және түрлі викториналар ұйымдастырылды.
"Jas Otan" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы
БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗСапалы білім алуға ынталы, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын, өзінің және елінің болашағы үшін жауапкершілікті терең сезіне отырып, біздің құндылықтарымыз бен қағидаттарымызға ортақтасатын әрбір жас қазақстандық патриоттың мүддесін білдіру және қолдау. БІЗДІҢ ЖОБАЛАР«Jastar – Otanga!» жастар саяси лагеріМақсаты: жастардың саяси резервін қалыптастыру, дарынды, белсенді және креативті жастарды қолдау.Жыл сайын «Jas Otan» ЖҚ-мен 200-ден астам жас үшін «Jastar – Otanga!» жастар саяси лагері ұйымдастырылады. Лагерьде тәжірибелі және танымал жаттықтырушылар дәрістер, түрлі тренингтер, семинарлар, тренд-сессиялар, сондай-ақ зияткерлік ойындар мен бұқаралық спорттық жарыстар өткізеді."Жас саясаткерлер" мектебі - студент жастардың саяси сауаттылықтарын арттырып, облысымыздың белсенді,…
Қоғамдық қабылдау
Бөкей ордасы аудандық мәслихатының депутаты, «Ақбота» балабақшасы директоры, экологиялық мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің төрайымы қоғамдық қабылдау жүргізді. Қабылдау барысында Хан Ордасы ауылының тұрғыны Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенті балабақшадан байқау машығынан өтуге сұраныс алуға келді. Қабылдау барысында толық түсінік жұмыстары жүрді. Машықтан өтуге жолдама алды. Аудандық мәслихат депутатына өз алғысын жеткізді.
Қоғамдық қабылдау
"Депутатқа сауал қой"
Қоғамдық қабылдау
Ойла: Дейл Карнеги «Достар табу және адамдарға әсер ету өнері»
Педагог, лектор, жазушы, психолог Дейл Карнеги өзінің аты аңызға айналған «Достар табу және адамдарға әсер ету өнері» кітабында адамдармен тіл табысудың негізгі принциптері туралы жазады. 1937 жылы алғаш рет шыққан кітап әлі күнге дейін оқырмандар арасында танымал, өйткені автор адамдарды сіздің ойларыңызбен келісуге және достар шеңберін кеңейтуге көмектесуге қалай сендіру керектігін қол жетімді түрде түсіндіреді.
Қоғамдық қабылдау
Казталов аудандық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Гүлбарам Елтайқызы Лұқпанова қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда ауыл тұрғыны тұрғын үй және еңбек заңдылықтарының орындалуы мен әлеуметтік тақырыптарда сауал жолдады. Депутат Гүлбарам Елтайқызы мәселелер 2025 жылға арналған Жол картасы негізінде шешімін табатындығын жеткізді.