Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 556 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Бейімбет Майлин ескерткіші алдында

Қостанай қаласы бас қаладан 700 шақырымнан астам қашықтықта, дегенмен туған облыс орталығына жету қиынның қиыны екен.Ұлттық лоукостерге билет жоқ.Сосын Қазақстан теміржолының сайтына кіріп, онлайн билет алмақшы болдым. Орын жоқ деп тұр, кейін өзге агрегаторлардан іздеп, таптым. "Асыққан шайтанның ісі" деген рас екен, "билет қалтада, поезд қайда кетеді" - деп "Нұрлы Жол" вокзалына барғанда ғана, алған билетім келесі айға екенін көріп, өзім де түсінбей, таң қалып қалдым. Бұрын, Қостанайға автобуспен барып, енді мінбейтіндей болғам. Жол ұзақ, шаршайсың, аяғыңынды еркін жазып отыру мүмкін емес, ең бастысы қалаға түн ортасында келесің? Онда, қаларалық такси қызметін пайдаланып көрейін деп шештім, әрине, бір жолы ондай такси ертеңіне ғана келіп, астанаға ала кеткен. Осы жолы түні бойы жүретін б…

0
0
1388

"Дің" туралы

Жалпы, "дің" туралы айтқанда есімізге "Екідің" еске түседі.Екідің – VIII-IХ ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіштері, шамамен ерте темір дәуірінде пайда болған. Қостанай облысы Арқалық қаласы Екідің ауылының солтүстік-шығысына қарай, Қараторғай өзенінің екі жақ жағасында орналасқан. Ол ертедегі екі рәсімдік құрылыс жабайы тастан киіз үй тәріздес салынған.Ескерткішті 1959 жылы Ә.Марғұлан жетекшілік еткен ғылыми экспедиция зерттеген. Академик Әлкей Марғұланның деректеріне сүйенсек, бұл ескерткіш қазақ мәдениетіндегі алғашқы үй құрылысы өнерінің дамуын бейнелейді. Екідің І Қараторғай өзенінің сол жағалауында орналасқан, Екідің ІІ – биігіректе, алыстан жақсы байқалады. Екеуінің арақашықтығы 4 шақырым. Біріншісі (Дің-1) Екідің ауылынан шығар жол жиегінде, өзеннің сол жағында, ал екінші…

0
0
708

Дәуітбай сайы

Торғай қаласынан 18 шақырым қашықтақта Дәуітбай сайы деп аталатын жер бар.Дәуітбай сайына, дұрысы сол жердегі үлкен қорымға бәлен рет барсам да ар жағындағы сайды толық көрмеген екенмін. Кейін оған да жол түскен еді.Аңыз бойынша жаугершілік заманда шапқыншылардан тығылған жұрт осы сайға келіп паналаған екен. Сонда, қатты жаңбыр жауып, сай-саланы су басып, сайдағы талай адам ажал құшыпты. Анық-қанығын білмедім әрине, бірақ естіген құлақта жазық жоқ.Көрінісі керемет екен, біресе тік жар, енді үлкен сайыңыз тіпті шатқалға ұқсап кете ме? Ол жерде кідіріп, суретке түсіріп, одан кейін әйдік қорымға барған едік.Бұл кішкене қырда орналасқан үлкен қорымның менің білуімше кем дегенде үш ғасырлық тарихы бар, бәлкім одан да ұзақ болуы мүмкін. Жалпы, мен мынадай бір ерекшелікті байқадым. Әдетте, қазақ…

0
0
1253

Тосынқұм туралы

Бір жолы Шақшақ Жәнібек адамдарымен қонысқа жер көріп жүргенінде қалмақтарға кездесіп қалып, жерді босатыңдар деген талап қояды. Олар қарсы дау айтады. «Онда берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан алармын»,– дейді Жәнібек. Қалмақ жағы: – Соғысып адам шығындамайық, жекпе-жекке тұрайық. Кімнің батыры жеңсе, жерді соған қалдырайық, – дейді. Бәтуә осы болған соң, күн байласып, жекпе-жек өтетін орынды белгілеп, үш күнге пұрсат алысады.Содан Жәнібек жекпе-жекке Уақтың Жолмырза, Қарамырзаларына ат шаптыртып, Қазы Бармақ батырды қосар атпен алдыртады. Бармақ келіп жеткенде, – Жолсоқты болып келдің ғой, бүгін демал, ертең болсын жекпе-жек, – дейді. Бармақ, – Жоқ, неде болса осы келген бетімде көрейін, хабар бергізе беріңіз, – дейді. Қалмақ жағына жекпе-жекке әзірміз деген хабар жіберіледі. Ол жақтан С…

0
0
554

Баба Түкті Шашты Әзіз

«Қобыланды батыр» жырында батыр жауға аттанғалы тұрғанда анасы былай жалбарынады:Қалғып кетсе, қағып жүр,Адасып кетсе, бағып жүр.Қозыма келген пәлені,Ықылас ата, Шашты Әзіз.Осы кеткен қозымды,Тек тапсырдым қолыңа… («Батырлар жыры», 1-том).Иә, батырлар жырында, жалпы ауыз әдебиетінде Баба Түкті Шашты Әзіз жиі айталады, қайталанады.Ал, бұрынан естіп жүрген аңыздың бірінде Баба Түкті Шашты Әзіздің үш пері қызын көргені айтылады. Ол әлгі үш қыздың біреуінің қолынан ұстайды. Қыз суға сүңгиді, әулие де сүңгиді. Ақырында Баба Түкті Шашты Әзіз соған үйленеді. Қыз үш түрлі шарт қояды: аяқ киімімді шешкенде аяғыма қарама, киімімді шешкенде қолтығыма қарама, шашымды жуғанда, төбеме қарама дейді. Алайда, Баба Түкті Шашты Әзіз әлгі үш шартты бұзады. Оны сезген пері: «Ішімде алты айлық балаң бар! Соны…

0
0
1323

Өзгемен емес, өзіңмен жарыс

Мен бірнеше апта бойы осы мақалаға дайындалдым. Адам өмірі және осындай жаһандық және үлкен таңдау туралы жазу оңай емес.Шынында да, іс жүзінде біз мамандықты ғана емес, өмір сүргіміз келетін өмір жолын таңдаймыз.Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз!Бір-екі жыл бұрын менің бұрынғы сыныптасым: «Адамдардың, жұмыс күні тезірек бітсе екен деп армандауы дұрыс емес.Бұл олардың ешкім ешқашан қайтарып бермейтін жеке күні!» деген болатын. Бұл сөздер мені ойға әкелді.Пессимистік болып көрінуі мүмкін... Бірақ шындық мынада, американдық Gallup консалтингтік компаниясының мәліметтері бойынша, әлемдегі жұмыс істейтін халықтың 70% -ы өз істеріне теріс немесе немқұрайлы қарайды. Яғни, көптеген сау, талантты, ерекше адамдар өздерінің күндері (және, шын мәнінде, олардың бүкіл өмірі) тезірек аяқталуын армандайды.С…

0
0
274

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қазақстан» әніне бейнебаян түсірілді

Ән авторлары – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева (музыкасы) мен айтыскер ақын Сырым Әуезхан (сөзі).Ақын сөзі Тәуелсіз елдің тарихын тоқырау жылдарынан осы кезге дейін жігерімен жетектеп жеткізген Елбасының еңбегіне алғыс айтып, мызғымас бірлігіміздің беріктігі жетістіктерге жетелерін айта отырып, тыңдаушыны жақсылықты көре білуге, өткенге көз жүгірте отырып, болашаққа сеніммен қарауға шақырады.Мағыналы тексті ырғағы белсенді, диапазоны кең, көңілді шарықтатар әсерлі музыка толықтырып тұр.Әннің бейнебаянында Азаттықтың алғашқы 30 жылында өндірісте, білім мен ғылымда, спорт пен медицинада, әскери салада жеткен жетістіктерді, шегенделген шекарамыз бен тәуелсіз Қазақ елінің туы тігілген Алматы мен елордасы Нұр-Сұлтанның, Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанның даму жолы көрс…

0
0
221

Партия бақылау комиссия (ПБК) назарында

2021 жылдың 25 маусымы күні Тасқала ауданының "Nur Otan" партиясы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссия отырысы жұмысын жұмыспен қамту орталығынан бастады.Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының I-бағыты аясында яғни, «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша:2019 жылы 122 адам оқытылып, «Газэлектродәнекерлеуші», «Аргондәнекерлеу», «Бала күтуші», «Жылу қазандығының операторы», «Дербес компьютер операторы», «КиПиА электригі», «Іс-қағаздар жүргізуші», «Аспаз-кулинар», «Автокран машинисі», «Әлеуметтік қызметкер» және «Тракторист-машинисті» мамандықтары бойынша сертификаттарын алды. Оқуды аяқтағандардың 92-і жұмысқа орналасты…

1
0
283

Қоғамдық қабылдау

"Nur Otan" партиясы Тасқала аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Сәлімгерей Уәлиұлы Ғаббасов онлайн режимінде қабылдау өткізді. Ауыл тұрғындарының түрлі сұрақтары бойынша заң аясында жауаптар берді.

1
0
204