Партия бақылау комиссия (ПБК) назарында
2021 жылдың 25 маусымы күні Тасқала ауданының "Nur Otan" партиясы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссия отырысы жұмысын жұмыспен қамту орталығынан бастады.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының I-бағыты аясында яғни, «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша:
2019 жылы 122 адам оқытылып, «Газэлектродәнекерлеуші», «Аргондәнекерлеу», «Бала күтуші», «Жылу қазандығының операторы», «Дербес компьютер операторы», «КиПиА электригі», «Іс-қағаздар жүргізуші», «Аспаз-кулинар», «Автокран машинисі», «Әлеуметтік қызметкер» және «Тракторист-машинисті» мамандықтары бойынша сертификаттарын алды. Оқуды аяқтағандардың 92-і жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 47-сі оқыған мамандықтары бойынша.
2020 жылы 15 адам жұмыс берушінің өтініштері негізінде оқытылып, «Тракторист-машинисті», «Аспазшы», «Маникюр –педикюр шебері» және «Газэлектродәнекерлеуші» мамандықтары бойынша сертификаттарын алды. Оқудың аяқтағандардың барлығы жұмысқа орналастырылды.
2021 жылы ниет білдіруші 51 адам «Тракторист-машинисті», «Маникюр шебері», «Іс-қағаздар жүргізуші», «Кондитер», «Шаштараз», «Тігінші» және «Кәсіпкерлік негіздері» мамандықтарына оқуға жолданды. Есепті күнге 14 адам оқуларын аяқтап, 4 адам жұмысқа орналастырылды және 10 адам жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру мақсатында қайтарымсыз мемлекеттік грант иегерлері атанды. Қалған 37 адам оқуын жалғастыруда.
Аудандық партиялық бақылау комиссиясы алдағы уақытта жастарды еңбекпен қамту, жұмысқа орналастыру мәселелерін бақылауды жүзеге асыратын болады.
