Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 556 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Үгіт - насихат жұмысымен аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен кездесті.

Ернар Галимов үгіт - насихат жұмысымен аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында алдағы сайлау жөнінде түсінік беріп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Өз кезегінде жастар өздерін толғандыратын мәселелерін және ұсыныс пікірлерін айтып, алдағы сайлауға белсенді қатысатындарын жеткізді.

0
0
151

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Жастар ресурс орталығында жас мемқызметшілермен алдағы Округ әкіміне үміткер Е.Б.Галимов пен кездесу өткізіп үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздім.Округ әкімінің көтеретін жүгі ауыр.Яғни жауапты міндеттер жүктейтін,абыройлы іс деуге болады. Өз кезегінде Округ әкіміне үміткер Ернар Бақтиярұлы алға қойған басты мақсаттарының бірі - халыққа қалтқысыз адал қызымет етіп, ауыл тұрғындарының сайлауда сенімнен шығу және елдің дамуына өзіндік үлесін қосатынын жеткізді. Үміткердің сенімді өкілі,қоғам белсендісі Н.Н.Хұсайнов

0
0
188

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті Шыңғырлау ауданының тұрғындары!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрбан айт – ізгілік пен мейірбандықтың, жақсылық пен қайырымдылықтың мейрамы.

Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды Алла тағала қабыл етсін. Шаңырақтарыңыз құт-береке мен төрлеріңіз ырыс-ынтымаққа толсын! Жаратқан иеміз баршаңызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық нәсіп етсін!

Отбасыларыңызға амандық пен саулық, бірлік мен береке тілейміз.

"Nur Otan" партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы

0
0
202

Қоғамдық қабылдау өтеді.

Қоғамдық қабылдау өтеді.

«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Шыңғырлау аудандық мәслихат депутаты Талдыбаев Әлібек Жұмаханұлы 23 шілде күні, сағат 10:00-12.00-де аймақта короновирустық жағдайдың күрделенуіне байланысты, санитарлық талаптарды сақтай отырып, аудан тұрғындарымен онлайн және WhatsApp желісі арқылы жеке қоғамдық қабылдау өткізеді.

Қандай да бір өтініш, ұсыныс-пікірлеріңіз болса, Шыңғырлау аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде күтеміз.

Мекен-жайымыз: Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев көшесі, №114 а үй.

Байланыс: 8(711) 37 34-100 .

0
0
241

Қоғамдық қабылдау өтеді.

Қоғамдық қабылдау өтеді.

«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Абдрашитов Дархан Ережепұлы 23 шілде күні, сағат 10:00-12.00-де аймақта короновирустық жағдайдың күрделенуіне байланысты, санитарлық талаптарды сақтай отырып, аудан тұрғындарымен онлайн және WhatsApp желісі арқылы жеке қоғамдық қабылдау өткізеді.

Қандай да бір өтініш, ұсыныс-пікірлеріңіз болса, Шыңғырлау аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде күтеміз.

Мекен-жайымыз: Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев көшесі, №114 а үй.

Байланыс: 8(711) 37 34-100 .

0
0
229

Кезекті фракция отырысы өтті

Кезекті фракция отырысы өттіБүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында Саяси кеңес бюросының мүшесі Сағын Қазиевтің төрағалығымен аудандық филиалы фракциясының отырысы офлайн форматта өтті. Фракция отырысына аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері қатысты. Күн тəртібіне енгізілген мәселеге қатысты С.Қазиевтің 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына атқарған жұмысы туралы есебі тындалды. Депутаттық фракция мүшелері сайлаушылардың аманаттарын орындау, олардың мұң-мұқтаждарын шешу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Осы мақсатта олар бекітілген кестеге сай қоғамдық қабылдаулар өткізіп, тұрғындармен тығыз қарым-қатынастар жасауда. Фракция мүшелері өз өкілеттіктер шегінде мүдделі мекеме, ұйымдармен бірлесе отырып, тұрғындар тарапынан қойылған мәселелердің оң шешілеуіне барынша атсалысуд…

0
0
187

Сіздерді Елордамыз Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Астана күнін мемлекеттік мереке деп жариялаудың тарихи, танымдық, тәрбиелік тұрғыдан мәні айрықша зор. Бұлай дейтін себебіміз, елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру – бұл қазақтың өз билігі өзінің қолына тигеннен кейін ұлттың болмыс-бітімін сақтап, мемлекеттің келешегін кемелдету мақсатында «он ойланып, тоғыз толғанып» барып қабылданған тарихи шешім болды. Қазақстанның тарихындағы жаңа елордамызды әспеттеп, ұлықтау арқылы біздер еліміздің келешегі – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді дарытып, қанына патриоттық сезімдерді сіңіреміз. Бас қаламыз жасай берсін, жаңара берсін!

0
0
179

«30 қайырымды іс»

2021 жылы 26 маусым күні партияның бастамасымен «30 қайырымды іс» акциясы аясында аудандық «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері "Ардагерлерді ардақтайық!" жобасы аясында тыл ардагері, жалғызбасты қария М.Погорелованың үйіне барып хал жағдайын біліп, үйінің ауласын тазартып, үй жұмыстарына қолғабыс етті.

#nurotan #jasotan #30игііс #30добрыхдел #tauelsizdiktolqyny

0
0
186

«30 қайырымды іс»

2021 жылы 26 маусым күні партияның бастамасымен «30 қайырымды іс» акциясы аясында "Ақбұлақ" БПҰ төрағасы Байтенова С.Е "Ардагерлерді ардақтайық!" жобасы аясында алтын алқа иегері Каналиева Мариям үйіне барып хал жағдайын біліп, қоғамдық мәселелер жайында сыр бөлісті. Өмірден түйгені көп, ұрпаққа айтары бар ардагерлеріміз аман болсын!

#nurotan #jasotan #30игііс #30добрыхдел #tauelsizdiktolqyny

0
0
220

"Ардагерлерді ардақтайық" Канвассинг өтті.

"Ардагерлерді ардақтайық" Канвассинг өтті.

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында Шыңғырлау аудандық мәслихатының депутаты, Казиев Сағын Самигуллиевич тыл ардагері Бисембаев Құлымбет шаңырағында болды. Кездесу барысында тыл ардагері Қ.Бисембаев еліміздің ертеңі жас ұрпақтың бойына, туған жерге, елге, халыққа деген сүйіспеншілікті арттыру, отбасы құндылықтарын сақтау, рухани дүниемізді жаңғырту бағытында өздерінің ақыл кеңестерін айтып, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырудағы өз ұсыныстарымен бөлісті. Сонымен қатар, партияның әрбір бастамасынан хабардар екенін жеткізе отырып, партия мүшелері мен депутаттардың жұмысына сәттілік тілеп, ризашылығын білдірді.

«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы

0
0
218