Кезекті фракция отырысы өтті
Кезекті фракция отырысы өтті
Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында Саяси кеңес бюросының мүшесі Сағын Қазиевтің төрағалығымен аудандық филиалы фракциясының отырысы офлайн форматта өтті. Фракция отырысына аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері қатысты. Күн тəртібіне енгізілген мәселеге қатысты С.Қазиевтің 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына атқарған жұмысы туралы есебі тындалды. Депутаттық фракция мүшелері сайлаушылардың аманаттарын орындау, олардың мұң-мұқтаждарын шешу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Осы мақсатта олар бекітілген кестеге сай қоғамдық қабылдаулар өткізіп, тұрғындармен тығыз қарым-қатынастар жасауда. Фракция мүшелері өз өкілеттіктер шегінде мүдделі мекеме, ұйымдармен бірлесе отырып, тұрғындар тарапынан қойылған мәселелердің оң шешілеуіне барынша атсалысуда. Жиынды қорытындылаған С.Қазиев осы бағыттағы жұмыстарды атқару үшін депутаттар тиісті атқарушы органдармен тығыз байланыста болуы керек деді.
