
«Баланың бесігі-кең дүниенің есігі»
#ҰлтықМұра«Баланың бесігі-кең дүниенің есігі»📷2021 жылғы, тамыз айының 5күні, сағат 11:00де, Райымбек аудандық мәдениет үйінде Нарынқол БПҰ ұйымдастыруымен, аудандық мәдениет үйінің ұжымымен бірлесе отырып, қазағымыздың киелі де қасиетті санаған , ата-дәстүріміздің бірі "бесікке салу" рәсімі бойынша қойылымдық кеші өтті.📷 Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқҰйықтап жатқан ұлымды тербетуге ,-деп жырлап кеткен ақиық ақынымыз М.Мақатаев сәбидің шыр етіп дүниеге келуі тек туған ата-анасының емес , бүкіл ағайын –туыстың, ел-жұрттың қуанышы болып есептелген. Қазіргі жас отбасыларға бесіктің киелі, қасиетті, құтты мүлік екенін,бесікке салу дәстүрімен таныстыра отырып, сөздік қорына бесік жабдықтарының атауларын, дене мүшелерін дұр…
Хантәңірі газетіне шыққан мақала
10 тамыз Абай күні
10 тамыз " Абай күніне" және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Жамбыл БПҰ ұйымдастыруымен ауылдық кітапханада" Ұлтымыздың ұлы перзенті" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ғұлама Абай - қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер.
Абай мұрасы - біздің ұлт болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық Шара барысында оқырмандарға Абайдың "Ескендір","Хикмет кітабы","Қарасөз","Мыңмен жалғыз алыстым", М. Мырзахметұлы "Абайтану" кітабының 10 томдығы, Ә. Тарақов "Ғаламның жыр данасы" және басқа да әдебиеттер таныстырылды.
Мақсаты: Абай мұрасын насихаттау.
«Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы 12 тамыз - Халықаралық жастар күнімен құттықтайды!
«Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы 12 тамыз - Халықаралық жастар күнімен құттықтайды!⠀Жастар — қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы.Олар қай кезде де белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жарқын келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағыт алып, “Мәңгілік ел” болуына нық қадам бастайды.Біздің елімізде де әр түрлі салада жастар жетістікке жетіп, алыс жақын шет елдерде білім алып, мемлекет тарапынан да көптеген қолдауларға ие болып келеді.Осы орайда, «Nur Otan» партиясы да іскер, көшбасшы, ел сенетін тұлғаларды іріктеу үшін праймериз өткізіп, онда жалынды жастарға тың бастама арқылы саясатқа араласып…
«Әділет кеңес береді» акциясы онлайн ұйымдастырылды.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында «Әділет кеңес береді» акциясы онлайн ұйымдастырылды.Шараға, Панфилов ауданында орналасқан ауданаралық Әділет басқармасының басшысы Марат Рахымбердіұлы онлайн қатысып, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мен құқықтық білімін арттыру бойынша азаматтардың заңды құқықтарын пайдалану мен қорғау бойынша кеңес берді.«Әділет кеңес береді» акциясының мақсаты тұрғындарға кәсіби заңгерлік көмек көрсету үшін және де құқықтық нормалар мен қолданыстағы заңдарға, сондай-ақ оларға енгізілген өзгерістер мен түзетулер туралы ақпараттар беріп, азаматтардың заң және құқық бойынша түсініктерін қалыптастыру мен жеке жауапкершілі…
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде республика көлемінде аталып өтті.
Абай туралы белгілі ғалым, жазушы Мұхтар Әуезов: "Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен толықтырды.Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр",-деген болатын.Иә, Абайдың қай шығармасын алып қарасаңыз да қазақтың ұлттық болмысы мен тұрмыс-салты әдемі бейнеленген. Ұлы ақынның қара сөздерінің өзі бір ұлтқа сарқылмайтын қазына деп айтсақ та артық етпес. Абай Құнанбайұлы туралы биыл 175 жылдығы өтіп жатқан жыр алыбы Жамбыл атамыз да: "…
Депутатқа сауал қой!
Қоғамдық қабылдауға жазылған тұрғындарға заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көтерген мәселелері аяқсыз қалмайтынын жеткізді.
Бүгін "NurOtan" партиясы Жамбыл аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесінде
өзіне сұрақ қойған тұрғындарға жауап берді. Тікелей эфир барысында мерзімі өткен куәлікті алу, ЭЦҚ алу, кезекті онлайн брондау сынды сұрақтар келіп түсті. Тікелей эфирде қойылған сұрақтарға түгелдейдерлік жауап беріліп, тұрғындарға egov.kz сайты туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.