Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы 12 тамыз - Халықаралық жастар күнімен құттықтайды!

«Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы 12 тамыз - Халықаралық жастар күнімен құттықтайды!

Жастар — қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы.

Олар қай кезде де белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жарқын келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағыт алып, “Мәңгілік ел” болуына нық қадам бастайды.

Біздің елімізде де әр түрлі салада жастар жетістікке жетіп, алыс жақын шет елдерде білім алып, мемлекет тарапынан да көптеген қолдауларға ие болып келеді.

Осы орайда, «Nur Otan» партиясы да іскер, көшбасшы, ел сенетін тұлғаларды іріктеу үшін праймериз өткізіп, онда жалынды жастарға тың бастама арқылы саясатқа араласып, өзін тұлға ретінде танытуға зор мүмкіндік берді. Ел бойынша депутаттық мандаттың 20%-на жастар ие болып, қазіргі таңда аймақ істеріне етене араласуда. Онан бөлек, «Nur Otan» партиясы өзінің 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасы мен «Жастар – Отанға!» жобасында жастарды барынша қолдауды мақсат етіп отыр.

Бүгінгі күні өңір жастары үшін бағытталған жобалар тиімді іске асуда.

"Жастары жалын жүректі, өршіл намысты елдің алар асуы биік болады"- деп Тұңғыш Президентіміз, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей сіздерге жастық шақтарыңыз жарқын, табысты әрі болашағы зор болуына тілектеспіз!

#NurOtan #Raimbek

0
0
193

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы 12 тамыз - Халықаралық жастар күнімен құттықтайды! - Yvision.kz