Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 556 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

ZOOМ платформасы арқылы Ауған соғысының ардагерлерімен өткен канвассинг кездесу

Кездесуге Қарасай аудандық Ауған соғысының мүгедектер мен қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Рысмағамбетов, төрағаның орынбасары Сансызбай Шонкин және аталмыш қоғамдық кеңестің Шамалған ауылдық округі бойынша төрағасы Фамиша Акифов, сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

Кездесудің мақсаты ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады. Кездесу барсында ардагерлеріміз Ауған жерінде болған кезеңдерімен бөлісіп, Ауғанстандағы әскери қызметтері туралы естеліктермен бөлісті.

0
0
190

Мектепте ақша жинау фактісі бойынша қайда хабарласу қажет

Жаңа оқу жылының жақындап қалуына байланысты мектептер мен балабақшаларда ата-аналардан немесе қызметкерлерден ақшалай қаражат жинау мәселесі өзекті болып отыр. Сондықтан барлық азаматтардың бұл мәліметтен хабардар болуы өте маңызды.Білім беру мекемелерінде ақшалай қаражат жинау заңмен тыйым салынғанын еске сала кетейік. Сол себепті, ата-аналардан немесе қызметкерлерден ақша жинау, сондай-ақ басқа да жемқорлық фактілері орын алса, 1424 Call-орталығыныңтелефонына хабарласу керек. Азаматтардың барлық өтініштері міндетті түрде қаралып, қажетті шаралар қолданылады.Сондай-ақ, шағымданушының білім беру мекемелеріндегі жемқорлық фактісі бойынша әлеуметтік желі арқылы Департаменттің жеке аккаунттарына (@anticorruption.almatyoblysy) тікелей жүгіне алатынын атап өтеміз.Қазақстан Республикасы Сыбайл…

0
0
229

«Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы»

Семей ядролық полигонында 456 ядролық сынақ жүргізілді, одан бір жарым миллионнан астам адам зардап шекті. 1991 жылғы 29 тамызда Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды.

Қазақстанды ядролық полигонды жабу жөніндегі теңдессіз шешімі үшін әлем мойындады. Қазақстанның бітімгершілік үлгісі 2009 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясын 29 тамызды «Халықаралық Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні» деп жариялауға септігін тигізді.

Атаулы датаға орай Елбасы кітапханасы Қазақстанның гуманистік миссиясы – ғаламшарды жаппай қырып-жоятын қарудан босатып, ядролық қарудан азат әлем құруға арналған бейнеролик дайындады.

0
0
361

Облыстың жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен вебинар-кеңес өткізілді

Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа жүйеге сәйкес төленеді. Ендігі кезекте олардың еңбекақысы атқаратын лауазымға жүктелген функционалдық өкілеттіктерге байланысты бекітіледі және қызмет ерекшелігіне байланысты 3 блоктан тұрады.«А» блогына мемлекеттік органға жүктелген миссияларды, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді тікелей іске асырумен, мемлекеттік саясатты тұжырымдауға, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындаумен байланысты лауазымдар жатқызылады.«В» блогы - мемлекеттік органға жүктелген миссияны, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға, мемлекеттік саясатты тұжырымдауға, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға жәрдемдесу сипатына ие.«С» блогы - мемлеке…

0
0
352

Мәжіліс депутаты туған жерінде

Бүгін ауданға Парламент Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар келіп, Жәнібек ауылында бой түзеп жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Мәжіліс депутаты алдымен 160 көрерменге арналған дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты.Кешеннің құрылысы 2019 жылы басталды. Қазіргі таңда аумақты абаттандыру, ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Нысан биыл тамыз айының аяғында қолданысқа берілмек. Құрылыс жұмыстарын «Наурыз СКФ» ЖШС жүргізуде.Келесі кезекте Мәлік Иманқұлұлы аудан орталығында салынып жатқан екі қабатты 12 пәтерлік екі тұрғын үйге ат басын тіреді.Нысан ішін аралап, ондағы жұмысшылармен тілдесіп қайтты. Құрылыс 2020 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша басталған. Мердігер болып «ЭнергоРемСервис» ЖШС танылды. Құрылыстың құны 281 млн теңгені құрайды. Нысан тамыз айының ая…

0
0
222

Бүгін "Nur Otan" партиясы Жамбыл аудандық мәслихат депутаты Түгелбаев Бекжан Төлегенұлы

Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысын айтып,жоспарлаған жоспармен бөлісті.Жақсы қария болу үшін де,жастық шағыңды жақсы еңбекпен өткізу керек деп 80-жасты еселеген,жұрт келіп бата сұрайтын абыройлы Советбек қажы,атамыз батасын беріп,ақыл-ой,тәрбие өсиетін айтып шығарып салды.

0
0
179

Жәнібек ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді

Аудан әкімі Азамат Сафималиевтің ұсынысы, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен, аудандық мәслихат сессиясының шешімімен 2021 жылдың 21 тамызында аудан орталығына іс сапармен келген жерлесіміз, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшарға Жәнібек ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.Осыған орай аудан әкімдігінде ауданның ардагерлері жиналып, аталмыш атақ иесімен кездесті.Кездесуде аудан басшысы Азамат Сафималиұлы марапат иесін шын жүректен құттықтап, ауданымызға сіңірген еңбегі үшін алғысын айтты. Төс белгі табыстады.Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиевте құттықтауын жеткізіп, Мәлік Иманқұлұлының балалық шағы, өскен ортасы жайлы естеліктер айтып берді.Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Бекет Әліпқалиев құттықтау тілегін жеткізсе, Қабаш Жү…

0
0
243

Қасым Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы ірі зауыттарды аралады

Қасым Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы ірі зауыттарды араладыҚасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы "Маревен Фуд Тянь-Шань" кәсіпорнына барды.Мемлекет басшысына кәсіпорынның мүмкіндіктері туралы мәлімет берілді. Компания басшылығының мәліметіне сәйкес 4,5 гектар аумақты алып жатқан кәсіпорынға 30 миллиард теңге инвестиция салынған. Компания Жапония, Швейцария және Германиядан әкелінген инновациялық құрылғылармен тез дайындалатын азық-түлік өнімдерін шығарады. Жылына 85 мың тонна өнім шығаруға мүмкіндігі бар.Қазіргі уақытта кәсіпорын 500 миллион қаптама шығарса, соның 70 пайызы экспортталады."Маревен Фуд Тянь-Шань" ЖШС 670 адамды жұмыспен қамтып отыр. Оның 95 пайызы жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары.Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс әкімі Амандық Баталов өңірдегі жүзеге асыры…

0
0
276