
2 февраля 1913 года вышел первый номер общественно-политической и литературной газеты «Қазақ»
В качестве символа газета использовала изображение юрты. Тундук этой юрты был открыт с западной стороны, а на дверях было написано «Қазақ». По словам казахских интеллигентов, это означало желание, чтобы «у казахов получили распространение европейская наука и искусство; чтобы газета «Казах» стала для казахского народа окном в культуру и одновременно охранителем (от вреда) чужих».
#Байтурсынов150

Аудан тұрғындарын онлайн форматта жеке мәселелер бойынша сұрақтарын тыңдадым
Қайырлы күн! Бүгін 28 қаңтар 2022 жылы “Nur Otan” партиясының Жәнібек аудандық филиалында ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауда болып қайтқан болатынмын. Аудан тұрғындарын онлайн форматта жеке мәселелер бойынша сұрақтарын тыңдадым. Ауыл тұрғындары өздерін мазалап жүрген сауалдарына жауаптар алды. Сондай-ақ, азаматтардың өтініштерін тыңдап, басқа да атқарылып жатқан жұмыстар барысын хабардар етіп, кейбір жекелеген мәселелерді тиісті орындарға жеткізетінімді айттым. Әр айда ауыл тұрғындарын қоғамдық қабылдауға келіп,көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алуға шақырамын!

Мәслихат депутаты Біржан Куаналиев аудан тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдады
«Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиалында ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауға Жәнібек ауданының маслихат депутаты Біржан Куаналиев аудан тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдауға келген ауыл тұрғындарының мәселелерің шешу жолдарын түсіндіріп берді.

Мәслихат депутаты Берік Ихсанов аудан тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдады
«Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиалында ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауға Жәнібек ауданының маслихат депутаты Берік Ихсанов аудан тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдады. Қабылдауға келген үш адам тұрғын үймен қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек алу және тұрақты жұмысқа орналасу жөнінде мәселелері қарастырылды.
Берік Ихсанов әр тыңдалған мәселенің мән-жайына орай түсінік беріп, алдағы уақытта мүмкіндігінше шешілуіне көмектесетінін жеткізді.


Облыстық мәслихат депутаты Илемесов Есқайыр Қафарұлы тұрғындарды қабылдады
Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Облыстық мәслихат депутаты Илемесов Есқайыр Қафарұлы тұрғындарды қабылдады. Қабылдау барысында отбасылы Молдағалиев Ақжайық өзінің тұрып жатқан үйіне газ өткізіп беруді сұрады.
Өз кезегінде Илемесов Е. қазіргі уақытта ауа-райының қолайсыздығына байланысты, ең алдымен құжаттарын рәсімдеуді ұсынды. Алдағы уақытта Молдағалиевтар жанұясына газды өткізіп беретінін жеткізді.

Жәнібек аудандық мәслихаттың хатшысы Кадимов Тахир Зинурұлы тұрғындарды қабылдады
Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Жәнібек аудандық мәслихаттың хатшысы Кадимов Тахир Зинурұлы тұрғындарды қабылдады. Қабылдау барысында азаматша көшеде жүрген бұралқы иттерді жою туралы жолықты. Аудан ішінде мектепке баратын оқушылар мен үлкен кісілерге зиянын тигізетінін жеткізді.
Өз кезегінде Тахир Зинурұлы тиісті мекемеге хабарласып түсінік берілді

Жәнібек ауданының маслихат депутаты Мейіржан Хаби аудан тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдады
«Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиалында ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауға Жәнібек ауданының маслихат депутаты Мейіржан Хаби аудан тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдады.
Депутат қабылдауында болған ауыл тұрғындары өздерін мазалап жүрген сауалдарына жауаптар алды. Сонымен қатар мәслихат депутаты азаматтардың өтініштерін тыңдап, басқа да атқарылып жатқан жұмыстар барысынан хабардар етті және кейбір мәселелерді тиісті орындарға жеткізетінін айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қ. к. және ПБК бірлескен отырысы өткізілді.
«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің және партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өткізілді.Отырысты партиялық бақылау комиссиясының төрағасы М.Ибатов төрағалық етті.
Отырыс күн тәртібіндегі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасының көрсеткіштерінің орындалуы туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Әсетұлы Сариев баяндап берді.
Жиынды қортындылаған «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Куаналиев Биржан Қайырғалиұлы жоспардың әр тармағына тоқталып, тиісті мекеме басшыларына Жол картасының іс-шаралын назардан тыс қалдырмауды тапсырды.

«Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының кезекті отырысы өткізілді
«Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиевтің төрағалығымен аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібіндегі Жәнібек ауданы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары – Жол картасының орындалуының барысы туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Әсетұлы Сариев баяндап берді.Сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттары Б.Каракулов,Б.Ихсанов "Nur Otan"- партиясының «Өзерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында атқарған жұмыстары жөнінде есептерін берді.
