Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Қыс мезгілінде жолдардың ұстап-күтілуі жұмысымен танысты.

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, партия жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мейранбек Ибатов қыс мезгілінде жолдардың ұстап-күтілуі жұмысымен танысты. Танысу барысында аудандық тұрғын үй,коммуналдық шаруашылық және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жаналиев техниканың жағдайымен, қысқа дайындығы жөнінде қысқаша баяндап берді. Мекемеде 2 трактор К-700, 1 трактор Т-150, 2 автогрейдер, 1 кешенді-жол және 1 патрульдік машиналары пайдаланылады. Қыс мезгілінде жолға шашатын инертті материал дайындап қойған. Мекеме басшысының қысқыға толықтай дайын екенін атап айтты.

0
0
259

Ветеринариялық-профилактикалық шаралардың іске асырылуына бақылау жүргізді

Аудандық партиялық бақылау комиссияның мүшелері аудан көлемінде ветеринариялық-профилактикалық шаралардың іске асырылуына бақылау жүргізді. Аталған мәселеге байланысты Жәнібек аудандық ветеринариялық станциясының директоры Біржан Губашев атқарылып жатырған жұмыстар бойынша анықтама беріп, бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Мәселен, қолданыстағы нормалар мен талаптарға сай қазіргі кезде қаңғыбас жануарлардың өмірін қиюға шектеу қойылған. Сәйкесінше ветеринария қызметкерлері бұл жануарлардың туу қабілетінен айыру шараларын қолданып келеді. Осы жағдайға байланысты Партиялық бақылау комитеті комиссиясының төрағасы Миранбек Ибатов және филиал төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев елді мекендердегі қаңғыбас жануарлардың саны күрт артуы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы…

0
0
233

Қоғамдық қабылдау

"Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиал қоғамдық қабылдау кестесіне сай, 28.01.2022 жыл облыстық мәслихат депутаты Габдуллин Исетай Есетұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға Т.Масин ауылдық округ тұрғыны көп балалы ана Каримова Баян келіп өз мәселесін мәлімдеді.

01.06.2021ж. "Күміс алқаға" құжаттарды тапсырған әлі жәрдем ақысын жеңілдіктер алмаған айтты. Өз кезегінде Қайқыбасова Зауреш осы ауылдық округ тұрғыны жалғыз басты ана үкіметтен бөлінетін жәрдемақы алу үшін кеңес сұрады. Мәселе бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді. Тиісті мекемелерге хабарласып кеңес берілді. Алдағы уақытта мәселелерінің мүмкіндігінше шешілуіне көмектесетінін жеткізді.

0
0
205

Қоғамдық қабылдау

"Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиал қоғамдық қабылдау кестесіне сай, аудандық маслихат депутаты Түсіпқалиева Аякөз Сатқанғалиқызы Хан ордасы ауылдық округі тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында ауыл тұрғындары түрлі салада сұрақтарын қойды. Соның ішінде көп балалы ана, ұлын балабақшаға орналастыруға өтінішін айтты, ал Адешов Нұрберген екі жастағы егіз қыздарын балабақшаға қабылдау жөнінде өтінішін білдірді. Ата-аналардың өтініштері орындалды, балалар балабақшаға қабылданды.

0
0
188

Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезіне бейнебайланыс режимінде қатысты. Сондай-ақ жиынға Тұңғыш Президент – Елбасы, Президент Әкімшілігінің басшылығы, партияның Саяси кеңесінің мүшелері қатысты. Отырысты партия Төрағасының бірінші орынбасары жүргізді.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінен және дауыс беру рәсімінен кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының Төрағалығына сайлау туралы Съезд қаулысы қабылданды. Содан кейін Мемлекет басшысы жиынға қатысушылар алдында сөз сөйледі.Қасым-Жомарт Тоқаев партияның жаңа көшбасшысы ретінде сөйлеген сөзінде партияны басқаруға ұсыныс жасағаны және қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білідіріп, «Nur Otan» партиясына төрағалық ету аса жауапты жұмыс екенін атап өтті.Президент халқымызды дүрбелеңге са…

0
0
203

Ақпарат Сыры

Ақпарат соғысы ежелден келе жатқан тоқтаусыз майдан былай сырт көзбен санадан сүзіп өткізсеңіз. Тарихтан мысалдар толып жатыр, сол қанды соғыстардың негізінде ақпарат соғысы жатыр. Қазіргі кездің өзінде де өзектілігін және тиімділігін жоғалтқан емес те жоғалтпайды да. Дәлірек ашып айтсақ, қай ғасыр болмасын қай жер болмасын ақпараттық соғыстың заңы,ережесі өзгермейді ешқашан! Біздің аталар таспен ұрғанды баспен ұрған) Сол үшін соғыстан ешқашан жеңілмеген. Атап өткендей жоғарыда әрбір соғыс бірінші ақпараттық түрде жүреді: адам арасы болсын мемлекет арасында болсын. Шыңғыс хан оны тез түсінген ақпарат әлем жаулайды деген ұғымды. Абылай хан да кезінде көрнекті халық басшысы болашаққа жастардың ой, білім бәсекесінен яғни ақпараттық соғыстан есе бермеңдер деп өсиет еткен. Ал ендігі кезекте Ек…

1
0
300

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасынан аспауы бойынша мониторинг топ құрылды

Топ құрамында аудандық мәслихат депутаттары, Қаскелең қаласының әкімі, сонымен қатар аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы да бар. Қаскелең қаласындағы «Әділет», «Аружан» азық-түлік дүкендеріне мониторинг жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасы басты назарға алынды.

0
0
194

Nur Otan партиясы Ұйғыр аудандық филиалында аудан прокуроры Арман Найманбайұлы қабылдау жүргізді.

Ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні Nur Otan партиясы Ұйғыр аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдау кестесіне сәйкес аудан прокуроры Омаров Арман Найманбайұлы қабылдау жүргізді.

0
0
229

Мониторингтік топ құрылды

Топ құрамында аудандық мәслихат депутаттары М.Бигельдиева, Н.Жайлаубекова, О.Чебоненко, А.Балажанова, Партиялық бақылау комиссия төрайымы А.Исаева сонымен қатар Қаскелең қаласының әкімі А.Мұқашев, аудандық Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ғ.Малдыбаев бар. Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасын басты назарға алды. Аудандық кәсіпкерлер бөлімінің басшысы Ғ.Малдыбаев түрлі тауарға қойылатын баға үстемесi 10-15 %-дан аспауына және әрбір тауардың тасымалдау құжаттарының болуына баса назар аудару керек екендігін айтты. Баға тұрақтылығына мониторинг "Жансая", "Ільяс", "Кәусар" және "Орақпай" азық-түлік дүкендеріне жүргізілді.

0
0
184