ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамаловтың қоғамдық қабылдауы
Подстепный ауылдық мәдениет үйінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов жергілікті тұрғындарды қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтар жолдарды күрделі жөндеу, жер мәселесі, көшелерді жарықтандыру мәселесі бойынша сұрақтар қозғады. Мәжіліс депутаты барлық мәселелер бойынша жұмыстанып, жауабын жеткізетіндігін айтты.


