Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы» Бөкей ордасы аудандық Саяси кеңесінің отырысы өтті.

Бүгін аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының төрағасы Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы Саяси кеңесінің отырысы өтіп, оған саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихаттың депутаттары, жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың басшылары мен аудандық филиал қызметкерлері қатысты.

-Өздеріңізге мәлім, ағымдағы жылдың 28 қаңтарында «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезі өткізіліп, онда партия төрағасы болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайланған болатын. Өз сөзінде Қ.Тоқаев партияның жұмысын жақсарту бойынша нақты мақсаттарды айқындап, осы бағытта партияны жаңғырту қажеттілігіне тоқталды. Осы орайда бізге атқарылып жатқан жұмыстарды түсіндіру және ауқымды да күрделі міндеттерді іске асыру бойынша шараларды айқындау міндеттері қойылды. Сондықтан бүгінгі Саяси кеңес отырысында партияның кезектен тыс ХХІ съезінің шешімінде, сондай-ақ Президент берген тапсырмаларда айқындалған мәселелерді талқылап, алдағы уақытта іске асырылатын жұмыстарды белгілейтін боламыз, - деді отырысты ашқан Даумов

Нұрлыбек Жасқайратұлы.

Отырыс барысында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Исатай Құрмашев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде қабылданған құрылтай шешімдерінен туындайтын міндеттер және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың елімізді одан әрі дамыту және партияның жұмысын жақсарту бойынша берген тапсырмалары туралы» хабарлама жасады.

Соңында партия филиалы Саяси кеңесі отырысының қаулысы қабылданды.

0
0
149

Осы тақырып бойынша