Қоғамдық Кеңес отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 25 сәуір күні аудандық мәслихат депутаты, Кеңес төрағасы Ж.Бисенгалиеваның, кеңес мүшелері Н.Мусеновтың, Н.Ғаббасовтың, Н.Курмышеваның, Г.Бирниязованың және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның БҚО филиалының Тасқала аудандық газ шаруашылығының директоры Д.Ибраимовтың, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры А.Абулхаированың және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі М. Батрашевтың қатысуымен «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық Кеңес отырысы өтті. Отырысты Кеңес төрағасы Ж.Бисенгалиеваға ашып, Д.Ибраимовтың «Тұрмыстық газды жеткізуші мен тұтынушылардың арасындағы түсінбеушіліктердің орын алуына жол бермеу бойынша ұйымдастырылған шаралары» туралы, А.Абулхаированың «Nur Otan» партия…





