Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Ауыл-аймақты аралаған депутаттар — Жәнібекте

Парламент депутаттары бүгінде еліміздің әр өңірінде ауыл-аймақты аралап, тұрғындармен кездесулер өткізіп жүр. Көптің көкейіндегі мәселелерді тыңдап, елдің тыныс-тіршілігімен танысуда. Осы орайда, бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нариман Төреғалиев, Мәжіліс депутаты Мәлік Құлшар және облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева Жәнібек ауданына келіп, аудан тұрғындарымен кездесті.Ең алдымен халық қалаулылары Күйгенкөл ауылдық округіне ат басын тіреп, жақында өткен референдумды, ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып өтті. Кейін ауыл халқының көкейіндегі жүрген мәселелерді тыңдады. Мәселен, күйгенкөлдіктер ауыз су тапшылығын, «Қазпошта» байланыс торабы жұмысының нашарлығын, ауыл ішіне асфальт төсеу керектігін, ауыл фельдшері шақыртул…

0
0
249

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттердің орындалуына партиялық бақылау жүргізу мақсатында «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалы атқарушы хатшысы Б.Қуанәлиев, аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Кадимов Республикалық маңызы бар Казталовка – Жәнібек – РФ шекарасы жолының 158 – 165 шақырым арасындағы яғни Жәнібек ауылына кіреберіс қақпасынан бастап, айналма жолымен РФ шекарасына дейін жол учаскесінің жағдайымен танысты. Осы учаскінің мердігері «Бекет Сат Жол» ЖШС белгіленген. Осыдан бір ай бұрын өңір басшысы Ғ.Н. Есқалиев іс сапарымен ауданымызға келген кезде аталған мәселе көтерілді. Облыстық АҚ «ҚазАвтоЖол» филиалының директоры Қ.Мамбетов мырзаның мәліметі бойын…

0
0
268

Талов ауылының бағытындағы автомобиль жолының бір бөлігі бүлінгендігі жөнінде хабарлама түсуіне

«AMANAT» партиясының Жәнібек аудандық филиалына Талов ауылының бағытындағы автомобиль жолының бір бөлігі бүлінгендігі жөнінде хабарлама түсуіне «AMANAT» партиясының партиялық бақылау шаралары шеңберінде партия мүшелері, Жәнібек аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуаналиев және Жәнібек аудандық мәслихат хатшысы Тахир Кадимов осы жолдың мердігері «РСУ-1» ЖШС өкілімен кездесті. Қазіргі кезде бүлінген учаскелерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар атқарылып, жолдарды қыру және тегістеу, жолға цемент-қиыршық тасты қоспасын төсеу жүзеге асырылды. Бүгіңгі күнге жолдың 22 шақырым бөлігіне асфальт төсеу жұмыстары қалпына келтірілді. Өз кезегінде, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Біржан Қуаналиев және Тахир Кадимов мердігер өкі…

0
0
237

Үндістанда өткен әлемдік шахмат олимпиадасына 2000 аса қатысушы келді

Партия белсендісі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Жансая Әбдімәлік Үндістанда ең мықты спортшылар ғана жарысатын бірінші тақтада ойнап, дүбірлі додада қола медаль жеңіп алды. Жансаяның жүлделі үшінші орны бәсекесі жоғары әлемдік шахмат қоғамдастығындағы үлкен жетістік, зор табыс болып саналады. Жансая Әбдімәлік 2020 жылы шахматтан әлем чемпионы атанды. Ол сондай-ақ 2018 жылы ерлердің халықаралық гроссмейстер атағы үшін қойылатын норманы орындап шықты.Қазақстанның қыздар құрамасы Ченнаи қаласында өткен әлемдік 44-ші шахмат олимпиадасында 5 орын алды. Бұл тәуелсіз еліміз бен ұлттық құрама тарихындағы ең үздік көрсеткіш.«AMANAT» партиясы елде шахмат спортын дамытуға ерекше мән беріп отыр. Партия бұл спортты халық арасында кеңінен насихаттауға, шахмат ойнайтын жастар мен балалардың қата…

0
0
192

10 тамыз – Абай күні құтты болсын!

Абай күні — Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген күн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Бұл мереке 2020 жылы аталып өтілетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының қарсаңында бекітілді. #10тамызАбайкүн

0
0
409

Фракция отырысы өтті.

«AMANAT» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының

фракция отырысы өтті. Фракция отырысының күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралады:

1) Аудандағы білім беру бөліміне қарасты мектептердің күрделі жөнделуі және салу барысы

2) Аудан шаруаларының және АЗС жүйелерінің жанар-жағармаймен қамтамасыз етілуі

3) Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы

Отырыс соңында күн тәртібіне сай қаулы қабылданды.

0
0
241

Қоғамдық қабылдау

Бөкей Ордасы ауданының мәслихат депутаты, «АMANAT» партиясының мүшесі Махимов Ғайса Темірболатұлы Хан Ордасы ауылының тұрғыны Сиражева Қарлығаны қабылдады. Қоғамдық қабылдауға жұмыс сұрап келген Қ.Сиражеваға Бөкей Ордасы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен Хан Ордасы музей-қорығына уақытша аула тазалаушы жұмысына алынды.

0
0
202

Қоғамдық қабылдау.

"AMANAT" партиясы Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаты, "AMANAT" партиясының мүшесі Айбарша Сырымқызы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген ауыл тұрғыны заң аясында түсінік алды.

#AMANAT

0
0
181

"Бақытты отбасы" жобасы

"AMANAT" партиясы "Бақытты отбасы" жобасы аясында көп балалы отбасылардың үйіне "САЙҚЫН" БПҰ төрайымы Омарова Нүргүл Жігерқызы және аудандық мәслихат депутаты Құрманғазиев Райымбек Валиханұлы, филиал мамандары аралап шықты. Аралау барысында балалардың мектепке дайындығын сұрап, "Қауіпсіз балалық шақ - 2022" акциясы аясында балалардың қауіпсіздігін алдын алу мақсатында барып, мән - жайды біліп қайтты.

0
0
245