Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 536 жазбалар52 тіркелуші

Всяко-разно

Балқаш қаласы мен көлі және өңірдің туризмі туралы

Балқаш көлі мен қаласына, Бектау Ата тауларына барып келгенімді өткенде жазған едім, енді, көргендерім мен ойға түйгендерімді қағазға түсіруді жөн көрдім.

Сонымен, Балқаш менің өмірімдегі үшінші қала десем артық айтқандық емес. Ауылдан көшіп келген соң Арқалықта тұрдым, одан соң Қарағандыда оқыдым, шамалы уақыт Балқашта тұрдым, кейін, Астанаға біржола қоныс аудардым. Сондықтан, жалпы, шаһарды бұрыннан білетін едім және менің есімде экологиясы бұзылған, кей күндері тіпті демалу мүмкін емес қала ретінде сақталыпты. Дегенмен, жалпы, еліміздің белгілі қалаларының бірі.

Балқаш қаласы Қарағанды облысының Қарағанды мен Теміртаудан кейінгі үшінші үлкен қаласы. Халқының саны шамамен 80 000 адам. Оның шамамен 72-75 проценті жергілікті халық. Бір қызығы, Балқаш қаласына оған алыс-жақын Қоңырат (Балқаштан 12 км қашықтықта болса да шағын аудан ретінде қалаға қарайды), Гүлшат, Саяқ және Шұбартүбек кенттері де кіреді. Мысалы, Саяқ Балқаштан 210 шақырым жерде орналасқан, оған қарағанда Гүлшат пен Шұбартүбек іргеде, 8 шақырым қашықтықта ғана. Саяқтың қашықтығы біздің Арқалық қаласы аумағына жататын бұрынғы Арқалық ауданы ауылдарындай екен. Арқалық қаласы аумағына қарайтын ауылдар дегенмен, оған қарағанда (Балқаш пен Саяқтың арасы) едәуір жақын болар.

Әуелі Балқаш қаласына қалай жетеміз дегенде, туристер үшін ең ыңғайлысы ұшақ екені түсінікті. Қала әуежайы шағын, рейстер тек Алматы мен Астанадан, және ең таң қаларлығы бұрын облыс орталығы Қарағандыдан емес, Жезқазғаннан орындалатын еді. Оның өзіндік себебі де бар. Балқашқа Астана мен Алматыдан жету түсінікті, ал, неліктен рейстер Жезқазғаннан орындалады десек, біріншіден Балқаш әуежайы «Жезқазған эйр» АҚ әуе компаниясының филиалы болып табылады, екіншіден, «Жезқазған эйрдің» 100 процент акциясы «Қазақмыс» ЖШС-ге тиесілі. Дегенмен, қазір «Южное небо» әуе компааниясы өңірге (Қарағанды облысына) қатысты мысалы, Балқаштан Алматы мен Астағана және Қарағанды мен Жезқазған арасына ғана рейстер орындайды екен. Шынымды айтайын, Балқаш әуежайынан ұшып көрмеппін, уақытында Балқаш – Алматы, Балқаш – Қарағанды, Балқаш – Омбы, Балқаш – Новосібір қалаларынан өзге, Қазақстан ғана емес, КСРО-ның талай қалаларына  ұшақтар ұшып, кейін, яғни, 90 жылдары рейстерді орындау біржола тоқтаған болатын. Тек, «Қазақмыс» ЖШС-нің қаржылық көмегімен 2007-2008 жылдары әуежай жолағына ішінара және аэровокзалға толықтай жөндеу жүргізіліп, 2011 жылдан бастап рейстер орындала бастады. Оның өзінде, компания мақсатында болар, бір жолы Балқаштан Жезқазғанға дейін поездбен барғаным бар еді, 900 шақырым болар шамасы жаңылмасам, қысқаша айтқанда жол ұзақ, 15 сағат жүрді ме екен? Әрине, ұшақ тиімді, және «Қазақмыстың» негізгі кешендері Балқаш пен Жезқазған қалаларында орналасқан ғой, әсіресе жаз уақытында ұшақ тиімді, бірақ, агрегатордан бір-екі рет қарап көріп едім, ұшаққа билет болмады. Бір жағынан, Балқашты бұрыннан білемін, оған, мысалы Астанадан поездбен де жетуге болады. Не болмаса Қарағандыға жетсеңіз, такси де, автобус та, поезд та бар. Айтқандай, Қазақстандағы ең алғашқы парашют спорты секциясы Балқаш қаласында ашылған болатын.

Қарағанды мен Балқаштың ара қашықтығына қатысты айтатын болсақ, екеуінің арасы бар болғаны 380 шақырым, тек Екатеринбург-Алматы трассасының Балқаш пен Қарағанды арасындағы жолының жөндеу жұмыстары қашан бітетіні белгісіз, жолда қатты жылдамдық ала алмайсыз және мені таң қалдыратыны 30 жылғы тәуелсіздік уақытында қос басты қаламыз – Астана мен Алматы аралығындағы жолдың ретке келтірілмеуі көңілге қаяу түсіреді әрине! Бұрын Балқаштан Қарағанды, Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған қалаларына және Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы ауылдарына автобус қатынайтын, Шымкент пен Жазқазғанды білмедім қазір, бірақ, Балқаштан түнде қалааралық автобусқа отырып, таңертең Алматыға жетіп, кері қайтып жүрген кездерім болған, Балқаштан Қарағандыға да талай барған едім. Ал, поездбен Балқаштан Астанаға және кері талай рет жүргенімді жоғарыда айттым. Асықпаған жанға сол ыңғайлысы, айтқандай, Балқаштан тікелей жетуге болатын, жаңылмасам ол поезд қазір де бар. Ал, Балқаштан Жезқазғанға тікелей поезд жоқ, есесіне Балқаштан Семейге өте аласыз.

Жалпы, Балқаш қаласын шаһарда болмаса да Қазақстан азаматтарының көпшілігі біледі деп ойлаймын, себебі жаңағы республикалық трасса бойынан шамалы қашықтықта ғана тұр. Және, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысы тұрғындары еліміздің солтүстігіне баратын болса Екатеринбург-Алматы жолын басып өтетіні түсінікті.

Қаланың өзіне қатысты айтатын болсақ, жергілікті музей есіме түсті. Балқаш өңірінің тарихынын сыр шертетін жәдігерлер баршылық екен. Маған ұнағаны қаланың пайда болуы кезеңінің заттары мен өңірге тән қазақ этнографиясы бұйымдары. Қаланың өзі бұрынғыға қарағанда өзгерген, көшелері жаңарып қалыпты. Әрине, КСРО кезеңінін сәулет ескерткіштері көп. Дегенмен, жаңа құрылыс нысаны - коттедж қалашығы әсем көрінді, қалай десек те қаланың жағдайы жаман емес, өйткені, қала тұрмысы түсті металлургиямен байланысты. Қала халқы комбинат пен оның маңындағы өзге де кәсіпорындарда жұмыс істейді. Одан өзге, шағын кәсіпкерлік нысандары да жақсы дамыған. «Балқашнан», «Балқашсүт», «Балқашбалық» сияқты қаланы тамақпен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындарды бұрыннан білемін.

Дегенмен, қаланың географиялық ерекшелігі және оның Балқаш көлі жағасында орналасуы шаһардың болашағын айқындап беретін факторлардың бірі десем артық айтқандық емес, әрине, экология проблемасы күн тәртібінен түспейді!

Ол факторлардың бірі Балқаш қаласының Қарағанды облысының, жалпы Қазақстанның туризмі, оның ішінде, ішкі туризміндегі орны.

Туризм туралы айтпас бұрын Балқаш көліне тоқтала кетейін.

Қазақстандағы үшінші үлкен көлдің бірі, әрине, Каспий теңізі мен Арал теңізінен кейін (тартылғанға дейін) Балқаш тұтастай Қазақстан аумағында орналасқан көл. Аумағы бойынша теңіз деуге де келер, өйткені, әсіресе поездбен өтіп бара жатқан кезде оның қаншалықты үлкен екеніне көз жеткізесіз. Арал тартылғаннан бері еліміз бойынша екінші орынға шықты және Әлемдегі ең үлкен 14 көлдің қатарына кіреді.

Сонымен Балқаш бір жағы ащы, екінші жағы тұщы, аумағы 18 200 шаршы километрді алып жатқан әйдік көл. Жалпы бассейні тіпті 413 000 шаршы шақырымды алып жатыр. Балқаш көліне Қаратал, Лепсі, Іле, Ақсу, Аягөз сияқты өзендер келіп құяды. Қазақстанның төрт бірдей облысы аумағындағы көл және тақырыбымыз Балқаштың солтүстік жағалауына қатысты болғандықтан, сонымен бірге, біз үшін туризммен және балық шаруашылығымен қатар айта кеткен жөн. Айтқандай, Балқаш көлінде Басарал, Тасарал, Аяқарал, Олжабекарал, Ұлтарақты, Қоржын, Алғазы, Шайтанарал, Талдыарал сияқты 43 арал бар. Осы ретте, екі жайтты айта кетпесем болмас, ол біріншісі, атақты Балқаш жолбарысы, қазіргі күні жойылған. Уақытында Балқаштың қалың қамысының арасында өмір сүрген еді, соңғы уақытта оған ұқсас Амур жолбарысын Қазақстанға алып келіп, жерсіндіру жөнінде айтылуда. Ол үшін Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Іле-Балқаш резерватына 2025 жылы әкелінеді деп жоспарланған болатын. Қалай жүзеге асатыны белгісіз!

Екінші, ол кезіндегі Кенесары көтерілісінің Балқаш маңындағы жерлерде қоныстануы, ол жөнінде алайда көп дерек жоқ. Меніңше, ол уақытта табиғи қорған болған сияқты, яғни, жау қалың қамыс арасындағы түбекке не аралға жете алмауы үшін Кенесары-Наурызбай көтерілісіне қатысушылар осында аялдаған болса керек. Кенесары көтерілісі демекші, соғыстың бірі жерге ғана емес, суға да таласу екені мәлім, өкінішке орай, болашақта Балқаш Аралдың кебін киюі әбден мүмкін.

Бір-екі ауыз Балқаштың флорасы мен фаунасы туралы айта кетейін. Уақытында Балқашта жылына 20 мың, тіпті 30 мың тонна балық ауланып отырды, ол балық Қазақстаннан тыс жерлерге де жөнелтетін еді. Және оның 70 проценті балықтың бағалы тұқымдары болатын. Өкінішке орай, қазір балық аулау мемлекеттік деңгейде жоқ деуге болады. Бірақ, Балқаш балығын әсіресе поездбен Сарышаған станциясынан өткен кезде көбіміз көрген болармыз. Балқашта балықтың сазан, алабұға, жайын, көрсерке, тұқы, қарабалық сияқты 20 шақты түрі бар. Балқаш ареалының 120 құсының 12 Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Кезінде мұнда Канададан ондатра жерсіндіріліп, саны тіпті 1 миллионға дейін жеткен кезі болған.

Балқаштың тораңғылы тоғайы мен қалың қамысы талай аң-құсқа пана болған, мысалы, осындағы (Қазақстандағы) 342 бауырымен жорғалаушының 22 еліміздің Қызыл кітабына ензігілген.

Енді өңірдің, әсіресе, Балқаш қаласы тұсындағы бөлігінің дамуының бір саласы туризмге қатысты деп айттым, сол туризм жөнінде баяндасам.

Осыдан 10-15 жыл бұрын Балқаш туризмі бәсең еді, әрине, әлі де кемшіліктері баршылық, бірақ, мысалы, қазіргі күні Балқашта отандастарымыздан өзге, шетелдіктердің көптеп келіп жүргенін байқадым. Мысалы, белгілі музыкант А.Макаревичтің биыл балық аулап, теңізге шомылып, табиғат аясында еркін тыныстағанын білемін. Қазіргі күні Балқаш туризмі еліміздің ТОП-10 басымды туристік мекендерінің қатарына кіреді. Жағалауда Жемчужина», «Танго», «Самал», «Барковское», «Лафа», «Оазис», «Нұрбақыт», «Тұлпар», «Сказка», «Айгерім», «Релакс», «Найзатас», «Океан», «Голубая лагуна», «Аквамарин», «Досжан», «Гольфстрим», «Балқаш» сияқты ірілі-ұсақты 70 шақты демалыс базалары жұмыс істеп тұр, бұл қажеттілікті толық қанағаттандырып отырған жоқ, тағы 40 шақты қонақ үй мен демалыс базалары керек деседі, әрине, қызмет көрсету сапасы мен ыңғайлылығы әртүрлі. Дегенмен, Қарағанды облысында, мысалы, Қарқаралыға қарағанда Балқаш туризмі қарқынды дамып отыр деп нық сеніммен айта аламын. Бір жағынан мана айтқандай, оның географиялық ыңғайлылығы да әсер еткен болар. Мәселен, белгілі Приозерск қаласы Алматы мен Астананың тура орта жолында тұр. Бұрынғы әскери қаланы неге айтып отырсыз дерсіз? Бұл қала да кейінгі жылдары туристердің белгілі бір тобының қызығушылығын тудырады, әрине, туристердің көп келетіні Балқаш көлі жағасы. Жағалау туримінен табыс тапқан кәсіпкерлер сәйкесінше өз қаражаттарын да салуда, мысалы, жергілікті кәсіпкерлер Балқаш туризміне миллиард теңге қаражат салған. Ал, инфрақұрылымды дайындау, жол, кәріз, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау мәселесі мемлекеттің мойнында. Жалпы, Балқаш туристік аймағын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы жасалған.  Әрине, көлдің оңтүстік жағалауы да Балқаш туризмін қолға алып жатқаны белгілі, бірақ, оны өз көзіммен көрмеген соң бәлендай деп айта алмаймын. Мысалы, Балқаш қаласы жағында демалған туристеріміз 2022 жылы 80 мың адамның көлемінде болса, 2023 жылы бұл сан 100 мың адамның сыртына шықты, 2022 жылы 700 млн. теңгенің қызметі көрсетілген болса, 2023 жылы ол сан миллиард теңгеден асып кетті. Айтқандай, шаһарға біз барған уақытта «Балқашфест» музыка фестивлі өтіп жатты, бұл да туристерді тартудың тиімді әдістерінің бірі. Отандық музыканттар жоғары деңгейде концерт берді және ол қала тұрғындары мен қонақтарының аса қызығушылығын тудырды. Өкінішке орай, Балқаш қаласы жағалауындағы демалыстың мерзімі 2,5-3 айды құрайды, жаз уақытында демалыс орындары тола, алдын ала брондамаса қиындау. Дегенмен, жағалауында күнге қыздырынып, суына шомылып, кемелеріне отырып, көлді аралағысы келетін туристердің саны болашақта арта береді деп ойлаймын. Балқаштан өзге қаладан шамамен 70-80 шақырым қашықтықтағы Бектау Ата да туристер үшін қызық, ол нысанға да бардық, айрықша әсер алдым, ал, ол жөнінде келісі жолы баяндамақпын!

Фотолар Балқаш жағалауында 2023 жылғы жазда түсірілген

0
0
2008

Қаш, ни**а, қаш

Маркетологи из Франции придумали интересную акцию: вы можете прийти в магазин одежды и забрать любую вещь совершенно бесплатно...если сможете убежать от охранника.

Естественно, есть нюанс: охранником является Микаэль Зезе — быстрейший спринтер страны

1
0
2046

Пантогематоген — аурусыз, ұзақ бақытты өмір

"Жолдасымның  мамандығы мал дәрігері болғанғандықтан,  2016 жылы қаладан ауылға көшіп, марал өсіру жобасын қолға алуды ұсынды. Мен бұл идеяны қолдап, медицина қызметкері ретінде адамдарды емдейтін санаторий салуды ұсындым, өйткені мүйізді марал шаруашылығының өнімдері өте шипалы. Осылайша, 2018 жылдың маусым айында Мәртөк ауданы, Қазан ауылында Пантолечебник жұмыс істей бастады", - деп бастады әңгімесін біздің бүгінгі кейіпкеріміз   марал өсіру  шаруашылығының басшысы, «Зәру» пантоемхана-шипажайының құрылтайшысы, аудандық мәслихаттың депутаты, «Атамекен» ЖК аймақтық іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Бану Тілегенова. 

Пантогематоген тазартылған марал қанынан жасалады екен. Кесілгеннен кейін мүйіздің өзі емдік сорпаны пісіру үшін пайдаланылады.

Биылғы жылы марал шаруашылығында өндірілген пантогематоген «Қазақстанның үздік тауары» байқауында жеңімпаз атаныпты. Оның халықаралық сапа сертификаты бар және құрамында 65% магний бар.

Оның емдік қасиеттерінің арқасында төрт жыл бойы мұнда 6 мыңнан астам адам денсаулығын жақсартып, иммунитетін жақсартты. Қазақ мүйізі өнімдерінің басым бөлігін Қытай мен Оңтүстік Корея сатып алуы бекер емес.

#БануТілегенова

#ПАНТОЕМДЕУ

0
0
1504

Отбасы заңнамаларының қағидалары

1. Мүлікті бөліп иелену

Күйеуінің де, әйелінің де тек жеке меншік негізінде ие мүлкіне ғана құқықтары бар. Некеде бола тұра ерлі-зайыптылардың әрқайсысы екінші тараптың рұқсатын сұрамай-ақ, өзі қалағанындай мүлкін басқара алады – сату/сатып алу, сыйға беру, кепілдікке қою немесе т.б. Ерлі-зайыптылардың бірі екіншісіне тиесілі мүлікке немесе кіріске қатысты ешқандай құқығы жоқ.

Ажырасу барысында ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жеке меншік негізінде иеленген мүліктерін ерлі-зайыптылар арасында бөлектеуге болмайды. Бұл ереже ерлі-зайыптылардың некеде бірге иеленген мүлікке де қатысты. Ерлі-зайыптылардың екеуі де бір-бірінің мүлкіне таласа алмайды.

Сонымен қатар ерлі-зайыптылар біріге жеке меншік мүлік сатып ала алады. Бұндай жағдайда олардың әрқайсысының ортақ жеке меншік мүліктегі үлестік қатысулары көрсетулуі керек. Мысалы күйеуі мен әйелі бірігіп үй сатып алды. Бұл жағдайда «жылжымайтын мүлік иесі» деген бағанда өздерінің жеке үлестерін көрсетеді (өзара келісім бойынша). Мысалы, әйелі 80 пайыз, ал күйеуі 20 пайыз. Және ажырасу кезінде немесе ортақ мүлікті бөлісу кезінде, олардың әрқайсысы келісімшартта көрсетілген иелену үлесін алады. Егер күйеуі мен әйелі қаласа, онда екіжақты келісім бойынша дәл осы тәжірибені басқа да жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік бойынша қолдануға болады. (Бұл үшін сәйкес өзгертулер Азаматтық кодекске және басқа да заң немесе қосымша заңнамаларға енгізіледі).

2. Ажырасудың заңды негіздері:

2.1. Ерлі-зайыптының бірі опасыздық жасағандығы туралы сотта дәлелденсе, екіншісінің ажырасу туралы арыз жазуына құқығы бар және кінәлі тараптан тұрғылықты ауданнан 100 шаршы метр жылжымайтын мүліктің құнына тең айыппұл ала алады. Айыппұлды толыққанды өтемейінше опасыздық жасаған тараптың кез келген кірісі мен кез келген мүлкі айыппұл төлеуге жұмсалады.

2.2. Ерлі-зайыптының бірінің ішімдікке, нашақорлыққа, ойынға тәуелділігі дәлелденсе, екіншісінің еш айыппұл төлемей ажыраса алуына құқығы бар.

2.3. Ерлі-зайыптының бірі екіншісіне не балаларына қатысты зорлық-зомбылық көрсету немесе балаларына сексуалды зорлық көрсету фактісі сотта дәлелденген жағдайда, ерлі-зайыптының екіншісі біріншісіне еш айыппұл төлемей ажыраса алады.

2.4. Некедегі жұптың бірі бедеу екендігі сотта дәлелденсе, онда ұрпақ қалдыруға қабілетті жұбы біріншісіне еш айыппұл төлемей ажыраса алады.

2.5.  Ерлі-зайыптының бірі сотталған болса, екіншісі ажырасуға арыз беріп, еш айыппұл төлемесе де болады.

Жоғарыда аталғандай ажырасудың негіздері болмаған жағдайда, неке тек ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша ғана бұза алады. Егер «Ажырасудың заңды негіздері» болмай, ерлі-зайыптылардың бірі ажырасқысы келіп, ал екіншісі ажырасудан бас тартса, онда ажырасуды ұсынған тарап ажырасудан бас тартқан тарапқа тұрғылықты аудан бойынша 100 шаршы метр жылжымайтын мүлік құнына тең айыппұл төлеуі қажет. Айыппұл толыққанды өтелмейінше, неке бұзылмайды.

йыппұл толыққанды өтелмейінше, неке бұзылмайды.

3. Опасыздық.

Жанұя дегеніміз әйелінің өз күйеуімен және күйеуінің өз әйелімен ғана ұйықтауы (төсектес болуы). Өзге жағдайлардың барлығы опасыздық  деп танылып, қоғам тарапынан жазалануы керек. Жаза келесідегідей:

3.1. Сотта опасыздығы дәлелденген ерлі-зайыптының бірін екіншісі талап етсе ғана, ата-ана құқығынан айыру. Егер екінші тарап (кінәсіз тарап) бірінші тараптың (кінәлі тарап) ата-ана құқығынан ауыруды талап етпесе, онда опасыздық жасаған тарап ата-ана құқығынан айырылмайды.

3.2. Опасыздық жасаған жұбайды сабау. Қоғамдық орында 20 рет көтенінен сабау.

3.3. Опасыздық жасаған тарапқа айыппұл салу. Яғни, екінші тарапқа (кінәсіз тарапқа) тұрғылықты аудан бойынша 100 шаршы метр жылжымайтын мүлік құнына тең айыппұл төлеу. Айыппұл толыққанды төленбейінше, опасыздық жасаған тараптың кез келген мүлкі және кез келген түсетін кірісі айыппұлды өтеуге жұмсалады.

4. «Ерлі-зайыптылардың ажырасуы барысында 13 жасқа дейінгі балалар үнсіз келісім бойынша әкесімен қалады» Заңы. Мұндай жағдайда әкесімен қалған балаларды қамтамасыз ету бойынша анасы ешқандай алимент төлемейді. 13 жастан асқан балалар ата-анасының қайсысымен қалатындығын өздері шешеді.

«Ерлі-зайыптылардың ажырасуы барысында 13 жасқа дейінгі балалар үнсіз келісім бойынша әкесімен қалады» Заңы жұмыс істемей, балаларына деген қамқоршылықты анасы (егер анасы осы нәрсені қаласа) алатынының шарттары келесідей:

4.1. Сотта әкесінің ішімдікке тәуелділігі дәлелденсе

4.2. Сотта әкесінің нарақорлыққа тәуелділігі дәлелденсе

4.3. Әкесі бұрын-соңды сотталған немесе қазіргі уақытта өз жазасын өтеуде болса

4.4. Сотта әкесінің психикалық ауытқулары дәлелденсе

4.5. Сотта балаларына қатысты зорлық-зомбылық көрсету немесе әкесінің өз балаларына деген сексуалды зорлау фактісі дәлелденсе

4.6. Сотта әкесінің опасыздық жасағаны дәлелденсе. Мұндай жағдайда, әкесі анасына тұрғылықты аудан бойынша 100 шаршы метр жылжымайтын мүлік құнына тең айыппұлды төлейді. Айыппұл толыққанды төленбейінше, әкесінің кез келген мүлкі және кез келген түсетін кірісі айыппұлды өтеуге жұмсалады.

4.7. Сотта әкесінің құмар ойындарға тәуелділігі дәлелденсе

4.8. Әкесі өз еркімен өз балаларын қамқорлығына алудан бас тартып, балаларға деген қамқорлықты анасына тапсырса. Әкесінің қамқорлықтан өз еркімен бас тартып, анасына тапсырған жағдайда, ол (әкесі) тұрғылықты аудан бойынша 100 шаршы метр жылжымайтын мүлік құнына тең айыппұлды төлейді. Айыппұл толыққанды төленбейінше, әкесінің кез келген мүлкі және кез келген түсетін кірісі айыппұлды өтеуге жұмсалады.

Сонымен қатар, өз еркімен балаларынан бас тартқан әкесі ай сайын анасына балаларды қамтамасыз ету мақсатында өзінің айлық кірісінің 50 пайызынан кем емес, бірақ ерлі-зайыптылардың тұрғылықты ауданындағы орташа жалақыдан көп емес ақшасы анасына қамқорлыққа тапсырылған балалар санына көбейтілген ақша сомасын төлейді. Мысалы ерлі-зайыптылардың тұрғылықты ауданындағы орташа жалақы 1000 долларды құрап және әкесі 4 баласына деген қамқорлықтан бас тартып, анасына тапсырса, онда балаларды қамтамасыз ету бойынша жіберілетін минималды сома оның айлық кірісінің 50 пайызынан кем емес болады. Ал максималды сомасы (егер оның айлық кірісі ірі соманы құраса) айына 4000 доллардан аспайды (4 бала * 1000 орташа жалақы)

Егер, анасы балаларына деген қамқорлықты өзіне алу мақсатында сотта 4.1.-4.7. пунктерінің бірін дәлелдесе, онда әкесі балаларды қамтамасыз ету бойынша ақша (алимент) төлеуге міндетті емес.

5. Ерлі-зайыптылардың ажырасқан жағдайда балаларды қамтамасыз ету.

Алименттер.

Сот шешімі бойынша балаларға қатысты қамқорлықты алған тарап балаларды өзі қамтамасыз етеді. Екінші тарап балаларды қамтамасыз ету бойынша ешқандай жәрдемақы (алименттер) төлеуге міндетті емес. Яғни, «Балалар менімен қалғанын қалаймын» деп айтқан ерлі-зайыптының бірі, сонымен қатар,сот оның жағына шықса, тек әкесі өзінің балаларына деген қамқорлықтан өз еркімен бас тартқан жағдайдан бөлек жағдайларда балаларды өзі қамтамасыз етуге және некенің екінші тарапынан қаржылық көмекке сүйенбеуге міндетті.

Әкесі өз еркімен өз балаларын қамқорлығына алудан бас тартып, балаларға деген қамқорлықты анасына тапсырса, ол (әкесі) тұрғылықты аудан бойынша 100 шаршы метр жылжымайтын мүлік құнына тең айыппұлды төлейді. Айыппұл толыққанды төленбейінше, әкесінің кез келген мүлкі және кез келген түсетін кірісі айыппұлды өтеуге жұмсалады.

Сонымен қатар, өз еркімен балаларынан бас тартқан әкесі ай сайын анасына балаларды қамтамасыз ету мақсатында өзінің айлық кірісінің 50 пайызынан кем емес, бірақ ерлі-зайыптылардың тұрғылықты ауданындағы орташа жалақыдан көп емес ақшасы анасына қамқорлыққа тапсырылған балалар санына көбейтілген ақша сомасын төлейді. Мысалы ерлі-зайыптылардың тұрғылықты ауданындағы орташа жалақы 1000 долларды құрап және әкесі 4 баласына деген қамқорлықтан бас тартып, анасына тапсырса, онда балаларды қамтамасыз ету бойынша жіберілетін минималды сома оның айлық кірісінің 50 пайызынан кем емес болады. Ал максималды сомасы (егер оның айлық кірісі ірі соманы құраса) айына 4000 доллардан аспайды (4 бала * 1000 орташа жалақы).

Егер әкесі де анасы да өз балаларына деген қамқорлықтан бас тартып жатса, онда бұл жағдайда балалар мемелекет қамқорлығына өтеді. Ал анасы және әкесі ай сайын мемлекетке балаларды қамтамасыз ету бойынша алимент төлейді. Мұндай жағдайда алименттің көлемі ата-анасының әрқайсысының тұрғылықты ауданындағы орташа жалақының 50 пайызынан аса алмайды.

Ай сайынғы қамтамасыз ету (алимент) балалардың кәмелеттік жасқа дейін төленеді

0
0
1126

"Жасыл ел" еңбек жасағы

Қалалық жастар ресурстық орталығында «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

Іс-шарада Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов жастарды жаңа маусымның ашылуымен құттықтап, жобаның маңыздылығына тоқталды. Жиынға жастар ресурстық орталығының өкілдері мен студент жастар қатысты.

– «Жасыл ел» еңбек жасақтары – ел аумағында жастарды кең ауқымда қамтыған жобаның бірі. Осы жастар қаланың көгалдандыру жұмыстарына белсене араласып, алаңдарда, саябақтарда абаттандыру жұмыстарын жүргізіп келеді. 2005 жылы құрылған көшбасшы ұйым белсенді жастарды біріктіріп, оларды еңбекке баулу, патротизмді қалыптастыруға үлесін қосуда. Еңбектеріңізге алғысымды білдіре отырып, баршаңызға сәттілік тілеймін! – деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Жауапты мамандардың айтуынша, биыл қалада 1500 жасты аталған бағдарлама аясында жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Еңбек жасақтары қала тазалығына елеулі үлес қосып келеді. Жобаға жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен жұмыссыз жастар қатыса алады. Жас ерекшелігі 18-35 жас аралығын құрауы тиіс.

Айта кетері, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары – экологиялық жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға, қалалар мен елді мекендерді көгалдандыруға, абаттандыруға, жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге бағытталған жалпыұлттық қозғалыс

0
0
1028

Бәндәбике!

О заманда естек жұртын алауыздық билеген уақыт еді, кімнің шоқпары мықты соның сөзі жүріп тұрды. Дегенмен, ел іші болған соң, естіні де тыңдайтын заман еді. Сондай жандардың бірі Бәндәбике туралы деректерді көзім шалған соң мағұлмат бере кетуді жөн көрдім.

Кезінде көршілес екі халық - башқұрт пен қазақтың арасына жаугершілік орнап, талай қан төгіледі. Сондай бір жорық кезінде Бәндәбике қазақ қосынының алдынан шығып, шайқас болған жағдайда екі жақтан қаншама жас өлім құшып, боздақтарын іздеп қаншама башқұрт-қазақ аналары жасын төгетінін айтады. Қазақ сарбаздарының басшысы көпті көрген, ақылды адам болса керек, соғысты тоқтатуға бұйрық береді.
Сөйтіп, қос тарап Бәндәбикенің арқасында мәмілеге келіп, боз торғай жұмыртқалаған заман орнапты. Бәндәбикенің құрметіне қазақ пен башқұрттың шешендері мен ақындары өлеңнен шашу шашып, ұланасыр той болады.
Алайда, жауды алыстан іздеме дегендей, күндердің күнінде Бәндәбикенің күйеуі Жиренше қын түбіндегі қылышын қайрап, қазақ жеріне аттаныпты. Қазақтар да қарап жатпаса керек: «Тұрысатын жеріңді айт» деп жауды тосып алып, сазайын беріпті. Қолға түскен Жиреншеге: «жекпе-жекте жеңсең, өміріңді сақтаймыз, жеңілсең өз обалың өзіңе» дейді. Қазақ батыры башқұрт батырын алып ұлып, кеңірдегіне қанжарын тақаған кезде Жиренше мырс ете қалады. Қазақ жағы аң-таң. Сонда Жирнеше былай дейді: «Бәндәбике маған қазақтарға жаугершілікке барма, кімге ор қазсаң, соған өзін түсерсің" деп айтып еді, мен әйел затын тыңдамап едім, енді, мынадай пұшайман күйге түстім» дейді. Қазақтар баяғы Бәндәбикені естеріне алып: «егер, сол Бәндәбикенің күйеуі болсаң, саған бір жолы бостандық берейік» деп қасындағы қолға түскен аздаған сарбаздарымен бірге босатып қоя береді.
Бірақ, күйеуінің қазақ пен башқұрттың арасындағы шартты бұзып, жаугершілік жолды таңдағанына ызаланған Бәндәбике күйіктен өз үйінде өлім құшыпты.
Өзінің ақымақтығынан сарбаздарынан бір айырылып, елдің алдында қарабет болған және сүйіктісінен айырылған Жиренше Үргене өзені бойындағы Қамшытау тауынан ат-матымен секіріп кеткен деседі башқұрт аңызы!
Дегенмен, аңыз түбі шындық деседі, ал, Бәндәбикенің бейіті қазіргі Башқұртстанның Көгершін ауданының Мақсұт ауылында орналасқан екен!
Суретте: Бәндәбике кешені, Башқұртстан

0
0
1225

Криптовалюта саласының арқасында ел-жер көру мүмкіндігіне ие болдым

Кейінгі жылдары криптовалюта саласы туралы көп айтылып жүр. Әлеуметтік желілерде қаржылық сауаттылыққа үйрететін мамандар да аз емес. Редакциямызға күн сайын "Криптовалютаны неден бастау керек?",  "Бұл саладағы соңғы трендтер қандай?", "Қаржылық сауаттылықты қалай арттырамыз?" деген сияқты сұрақтар келіп жатады. Осы ретте, бүгін біз көптеген сауалға тұщымды жауап алу мақсатында  аталған саланың жілігін шағып, майын ішкен маман Төленбай Мейірман мырзамен сұқбаттасып, мән-жайды білген болатынбыз.

- Алғашқы сұрақты  өзіңізді таныстырудан бастасақ? Қай өңірденсіз?

- Менің аты-жөнім Төленбай Мейірман. Толық  жасым 26-да. Қызылорда облысы  Жаңақорған ауданының тумасымын. 

- Қандай отбасында дүниеге келдіңіз?  Тәрбиеңізбен кім айналысты? 

- Нағыз интеллигенциялық  отбасында туылдым. Ата-анам да, атам мен әжем де мектепте білім саласында. Үйдің тұңғышымын.   Соңымнан ерген екі інім және екі қарындасым бар. Ата-анам қарашаңырақта тұрған соң  болар, атам мен әжемнің баласы болып саналамын. Көбінесе, әжеме жақынырақ болып өстім. 

Мектеп қабырғасында жүргенде  қақ соқпен ісім жоқ, сабағымды оқып тыныш жүретінмін. Әлбетте, қатарымның алды болып  көшбастап, жарыстардын бәріне  белсене қатысқаным рас. Барлық мұғалімнің любимчик оқушысы болдым десем артық айтқандық болмас😃

- Қай жоғарғы оқу орнын аяқтадыңыз? Қандай мамандық иесісіз? 

-  Ауылда орта мектепті 9 жыл оқып,  колледжге оқуга түсуге шешім кабылдадым. Бірақ, үйдегілер менің үлгерімім мен күшіме сеніп  колледжге кетпей ұлттық бірыңғай тестті тапсырып,  жоғары оку орнына түсуімді қалады. Дегенмен, менің таңдауым мен мақсатым басқа болғанын жасырмаймын. Тоғызыншы сыныпты үздік аттестатпен  бітірсем де , ары қарай 10-11 сыныпқа қалмауды дұрыс деп шештім. Колледжге кетуімнің басты себебі,  өзіме жауапкершілік алып,  қоғам өміріне белсене араласу,  үлкен өмірге қадам басу болатын.  Окуға уақыт құртқанша ертерек өз өмірімнің жаңа тарауын бастап, жаңа тәжірибеге қол жеткізгім келді. Алдыма мақсат қойсам оған жетпей қоймайтын жандардың қатарынмын. Осылайшам Шымкент қаласында Автотех колледжіне 2013 жылы келіп оқуга түстім. Өз мақсаттарыма берік болғанымның айғағы болар, колледжі де  үздік аттестатқа тәмамдадым. Менің негізгі мамандығым: тасымалдауды ұйымдастыру , көліктегі қозғалысты басқару. Қысқаша айтқанда, жол полиция мамандығы. Аталған колледжді 2017 жылы аяктадым. Одан кейін  отбасым  мамандығымды жалғасытырып,  жоғарғы оқу орнына түскенімді қалады. Ал, менің қалауым басқа болды. Мен үшін өз мамандығымды жалғастыру уакыт жоғалту болып көрінді. Мен ол кезде өзіме керекті тәжіриемді алған соң өзімнің жүрегіме жақын саланы іздедім. 

- Айналысып жүрген салаңызды толық ашып айтып берсеңіз? 

- 2017 жылы толықтай  Алматы қаласына көштім.  Сол жылдан бастап тендермен айналыса бастадым. Аллаға мың да бір шүкір,  тендер саласын жақсы меңгергенімнің арқасында бір жыл ішінде темір тұлпар иесі атандым.  Дегенмен, шыны керек тендер деген бірде бар бірде жоқ сала. Мақсатыңа бірден жете қоймайсың. Тендермен айналысу барысынша біршама қиындықтан  өттім. 2018 жыл мен үшін қиын жыл болды. Өзім қалағандай  табыс таппаған соң басқа да салаларды зерттей бастадым. содан көптеген салалардың ішінен 2009 жылы өзім үшін жаңа саланы аштым.  Ол - криптовалюта саласы. Осы саланың арқасында  жаңа орта мен көптеген серіктес таптым. Қажырлы еңбектің нәтижесінде жақсы табысқа қол жеткіздім. 

Тіпті,  шет мемлекеттерге жол ашылды.  Саяхаттауды  2020 жылы бастадым. Карантин кезінде Туркия мемлекетіне көштім. Сол жақта 2 жылдай тұрып, өзіме үлкен тәжірибе жинап, Отаныма  оралдым. Құдайға шүкір, шетелде тұрған кездерімді өмірімнің ең керемет шақтары деп айта аламын.  Криптовалюта саласының арқасында  ел көріп, жер көруге, көкжиегімді кеңейтуге мүмкіндік ашылды.  Түркияда тұрып жүргенде бұл саланың табысты екеніне көзім жеткендіктен, мұны мен өз еліме әкелуім керек деп шештім. Осылайша, 2022 жылы қайта Қазақстанға келіп, әлеуметтік желідегі парақшаларымда өз тәжірбием жайлы бөлісіп, контент жасай бастадым. Мен айналысып жүрген сала -  криптовалюта саласы. Яғни, цифрлық валюта. Бұл салада табыстың 15 түрі бар. Соның жартысымен  айналысамын. 

Қазіргі кездегі тиімді табыс түрі - криптовалюталық арбитраж. Қарапайым тілмен айтқанда, АҚШ  долларын алып сатып, онлайн түрде табыс табу. 

- Осы әрекеттеріңізбен қоғамға қандай пайда тигізудесіз? 

- Мен қоғамға өте пайдалы заманауи мамандықты үйретіп жүрмін.  Бұл арқылы кез келген адам қосымша 300.000  теңгеден жоғары табыс таба алады. Осы кезге дейін ұзын саны  600-ден астам  шәкірт тәрбиеледім.  Күн сайын алғысын жаудырып, зор табысқа кенеліп жүрген студенттерім  жетерлік. 

- Біздің еліміздегі осы саланың бүгінде хал-ахуалы қандай?

 - Біздің елде енді-енді дамып келе жатыр. Қазақстанға қазақ тілінде бірінші әкелушілердің қатарындамын. Менің ютубтағы тегін сабақтарымды өзі  100.000  қаралым жинауда. Демек, халық арасында сұраныс жоғары. Расымен де, бұл сала күннен-күнге  дамып келеді. Мүмкіндік көп.  Қаржылық тәуелсіздіктің не екенін барлығы білуі мүмкін. Бірақ, шын мәніндегі бейнесін ұға бермейді. Кез келген саланың өзіндік қиындығы болады. Бірақ, көзін тапқан адам кез келген салада мол табысқа жете алады. Криптовалюта ешқандай күш жұмсауды қажет етпейді. Кейбір адамдар мұны бекершілік деп санайды. Алайда, әлемде қаншама адам  цирфлық валюта арқылы күн көріп отыр. Жеке қаражатты дұрыс басқару және сауатты инвестициялау арқылы жақсы капитал жинауға болады.

Еңбек адамы – қоғамның қозғаушы күші, әлеуметтік құрылымдардың маңызды бөлшегі. Қыруар еңбекпен еліміздегі түрлі елді-мекендерде жетістікке жетіп, кәсібін дөңгелетіп отырған адамдар саны көп.

Табыс кілті - әрбір адамның ынта-ықыласы мен ерік-жігерінің арқасында. Елімізде еңбектенген адам үшін жасалып, атқарылып жатқан шаруа көп. Үкіметтен бір тиын сұрамай  өз адал  еңбек етуіне ынталандыратын көптеген мүмкіндіктер бізде жетерлік. Солардың бірі -  осы криптовалюта. 

- Криптовалютаны неден бастау керек? Алгоритмі қандай?

- Цифрлық валютаны бірінші ақшамен қарым-қатынасыңды жөндеуден  бастау керек. Жеке қаражатыңда хаус болып жатқан адамға инвестиция жасау қиын болады. Сол себепті, ең алдымен адам өзінің жеке қаржылық жағдайына анализ жасау керек. Келесі қадам  - алдағы жоспарларын анықтау. Әркімнің жоспары әртүрлі ғой. Біреу баласының оқуын төлеуді, біреу үй алуды жоспарлайды. Осындай жоспарларға сай қаражатты қарапайым адамның 2-3 айда таппайтыны белгілі. Сондықтан, осы екі нәрсені анықтағаннан кейін саналы түрде криптовалютаны бастау керек. Ол үшін әрине қаржы нарығындағы бүкіл жаңашылдықтардан хабардар болып отыру маңызды.

- Криптовалюта туралы сапалы қазақша ақпараттар  жоқтың қасы. Бұған не себеп?

- Иә, бұл өте өкінішті жағдай. Жалпы, цифрлық валюта туралы расында да сапалы, сауатты, әлемдік деңгейде заманауи білім беретін ақпарат көздері жоқ. Экономиканың негізі сұраныс пен ұсыныс дейміз ғой. Халықтың ішінде сұраныс жоқ. Мен өзім шынайы ниетпен қазақ тілді қоғам жаңа бір дүниені үйренсін,  пайдам тисін деген мақсатпен бастағанымның өзінде мен белсенді кері байланысты көріп жүрген жоқпын. Қашанда сұраныс ұсынысты тудырады. Халық арасында сапалы ақпаратқа сұраныс қашан өседі, сол кезде бізде мықты мамандар шығады, ақпарат пен эксперттер саны өседі. Бұл жерде білім деңгейі де маңызды рөл ойнайды. Өкінішке қарай,  қаржы саласындағы  қазақ тілді эксперттердің көпшілігінің айтатын дүниесі ақылға қонымсыз, қарапайым дүниелер. "Декретке құжатты қалай жинайды, ИП-ның қағазын қалай толтырады" деген секілді ақпараттарды жаңалық қылып айтады. Яғни, халықтың білім деңгейін көтергенде ғана сапалы  контент ұсынылады.

- Біздің халық неге әлі күнге дейін инвестиция, криптовалюта деген тақырыптарға күмәнмен қарайды?

- Әрдайым жаңа, естімеген  дүние қорқынышты болып көрінеді. Бір кездері интернет пен компьютер де қорқыныш тудырған. Сол секілді бұл да жаңа дүние болғандықтан көпшілік халық қабылдай алмай, түсіне алмай жатыр. Одан бөлек бізде адам өздігінен іздену, ақпарат көздерін салыстыру деген мәдениет жоқ. Адам неғұрлым білім жинаса, жаңа дүние соғұрлым түсінікті болады, және қорқыныш пен үрей сейіледі. Сондықтан осындай жаңа инновациялар халыққа жақын болуы үшін бұқаралық ақпарат көздері арқылы  көп насихаттауымыз керек. Шыны керек, адамдар қазір тұрмыстық деңгейден ары дүниелерге бастарын ауыртқысы келмейді. Бұл – үлкен мәселе. Оны шешуге БАҚ, ұстаздар да атсалысу керек.

- Цифрлы валюта туралы көп таралған жалған пікір қандай?

- Көпшілік бұл байлардың ісі, қомақты капиталы бар адам ғана табысты бола алады деп ойлайды.  Бірақ мүлде олай емес. Бұл негізі нарықтық заманда барлығын теңестіру мақсатында ойлап табылған дүние еді. Бұл саламен кез келген адам  айналыса ала алады.  Сондықтан, бұл сала тек байлар үшін деп ойлау жалған түсінік.
- Бәсекелестеріңіз бар ма?

- Бәсекелестерім  жоқ десем де болады. Себебі, криптовалюта саласында арбитраж саласында  халық ең алғаш рет мені танып бастағанын көбісі біледі. 

-  Болашақта жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

- Болашақта қазақ тілде елді жаңа салалармен таныстырып, басқа да мамандықтарды үйрету. Одан кейін әрине, қаржылық жағынан  жаңа денгейге көтерілу және халыққа білім беру. 

- 10 жылдан кейін өзіңізді кім ретінде көресіз? 

- 10 жылдан сон бірнеше бизнесі бар кәсіпкер және инвестор.  Стартаптарга қолдау көрсетуші қоғамдық істерге қолдау көрсетуші меценат. Өзімді отбасында жақсы әке, сүйікті жар. Ата-ананың мақтанышы болған баласы ретінде көремін. 

-  Осы салаға келгісі келетін жандарға айтар нақты 3 кеңесіңіз…

-1. Жас кезде бізде уакыт та энерия да ресурста болады. Соны болашақта сені асырайтын нәрсеге арнаңыз. 

2. Әрдайым тренде болу. Жаңа мамандық, жаңа кәсіп түріне ашық болыңыз. 

3. Кез келген кәсіп тәуекелділікті ұнатады. Сондықтан, саналы түрде тәуекел етуден қорықпаңыз.

- Сұқбатыңызға рахмет! 

- Әңгілемескен: Назира БУРХАНОВА 

#ТөленбайМейірман

#ТоленбайМейірман

#ТоленбайМейрман

#криптовалютамаманы

#Төленбай_Мейірман

#Толенбай_Мейірман

#Толенбай_Мейрман

#криптовалютамаманыМейірман

#Толенбай_Мейрман_ювижн

0
0
2537

“ТҮПСАНА ЖӘНЕ ЖАСЫЛ НӘСКИ” 14 қыркүйектен бастап

Жақында Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде Санжар Омаров режисерлік еткен “ТҮПСАНА ЖӘНЕ ЖАСЫЛ НӘСКИ” трагикомедиясының жабық көрсетілімі өтті. Тұсаукесерге журналистер, блогерлер және кино саласының мамандары қатысқан болатын. Фильм 90 минутқа созылды. Соңында әдеттегідей түсірілім тобы мен режиссердің қатысуымен пресс конференция болды. Пресс конференция барысында көрермендер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. 

Жеке пікіріме келер болсам, бұл киноның ерекшелігі  бастан-аяқ таза қазақша түсірілгендігінде дер едім. 

Кейіпкерлердің диалогтары жанды. Қазақ отбасыларындағы көп жағдайды көрсеткені байқалады. 

Әрине, келіспейтін де тұстарым бар. Дегенмен, әр адамның ойы әртүрлі екендігі ескеріп, жеке ойымды өзімді қалдыруды жөн көрдім. 

Фильмнің қысқаша мазмұны:

Дариға отбасымен қаланың шет жағында өмір сүреді.Дариғаның күнделікті өмірінің бір бірінен еш айырмашылығы жоқ. Тұрмыстан әбден шаршап, өмірдің рахатын сезінуден қалған. Күйеуі оған назар аудармайды, балалары тіл алмайды, енесі қатал, ал қайын сіңілісі күйеуге шығып болмай жүр. Дариға үйдегі кезекті жанжалдан соң аяқ астынан отбасылық қарым қатынас туралы танымал Коучер жүргізетін тренингтың жарнамасына ұшырасып қалады. Аталмыш тренингқа барып көрген Дариға өмірін өзгертуді жөн көреді. Бірақ бұл анау айтқандай оңай болмай шығып, біраз күлкілі жағдайға әкеліп соғады. Дариға енді ғана бәріне қолды бір ақ сермемек болғанда бәрі өзінен өзі реттеле бастайды.Әйелінің өзгеріп жүргенін көрген Жасұлан да өзгеріп, жұбайына назар аудара бастайды. Дариға өзінің жас өспірім қызына өтпелі кезеңнің қиындықтарынан өтуге көмектеседі. Енесі де өзінің тым қатал болғанын түсініп, жұмсара бастайды.Барлығы Айнаштың тойымен аяқталады.«Өміріңді өзгерткің келе ме? Өзегісті өзіңнен баста!»

Атпақшы, бұл кино 14 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрларына көрсетіледі. 

0
0
2313

Өмірдің кейбір сәттері

Еріктің балалық шағы Торғай даласында өтті, қалаға көшіп келгенге дейін қанша уақыт болса да туған жерін аңсайды да тұрады. Бірақ, кім шынында туған жерін өз еркімен тастап кетеді дейсіз? Тұрмыс тауқыметі оны да басқа жерлестері сияқты ауылынан кетуге мәжбүр етті. Көңілге медет ететіні жылына бір рет ауылына барып, туған жерінде аунап-қунап қайтады.

Әріден бастайық, Ерік жас күнінен ілім-білімге жақын болды, әке-шешесі оның жоғары білім алуына жағдай жасады. Жалпы, сол уақыттағы үлкендер балаларының оқуға түскенін, білім алғанын қалайтын еді. Мектеп бітірген соң жұрт қатарлы қалаға кетті, қала болғанда Торғай өңірінің жастары Қостанай мен Целиноградқа (Ақмолаға) кетер еді, берісі Арқалық түсінікті, бірақ, ол отбасындағы педагогтар дәстүрін жалғастырғысы келмеді, кішкентайынан қозы-лақ арасында өскендіктен болар веттехник мамандығын қалады.

Сөйтіп, Қостанайға оқуға түсті, оны тәмамдаған соң, «балапан басына, тұрымтай тұсына» деген заман келіп, қалада әр істің басын шалып жүріп қалды. Әкесі бірақ, әуелде ұлының қалада жүруіне қарсы болмаса да кейін ауылға алдыртты.

Ерік кейін Қостанайда өзі жолықтырған Сәуле деген қызға үйленді. Шыны керек махаббат сезімі болған жоқ. Заман, уақыт деп жүріп Ерік уақытын өткізіп алды, ал, мұғалім мамандығына ие болған Сәуле «Көк етікті кездеспей, көне етіктіні менсінбей» жүре бергенше, осы менің мүмкіндігім ғой деп 27 жасында Еріктің етегінен ұстады.

Отбасылық тұрмыс басталды, жетіспеушілік, бірінен соң бірі екі қыз бала – Сәния мен Жания дүниеге келді. Бұл уақытта Еріктің әкесі қайтыс болды, өзге бауырлары өздерін күйттеп әркім өз жолымен кетті.

Еріктер анасымен бірге отбасын алып Қостанайдың шетіне көшіп келді. Жұрт қатарлы тұрмыс кешті, веттехник деген мамандық қажет болмай қалды, әйтеуір жаман салдамасымен такси жүргізушісі болып нәпақасын тауып жүрді. Келіншегі жұмысқа тұрды. Бір жақсысы жалақысы мардымды. Азын-аулақ қаражаттарына сеніп шаһарға біржола көшіп алды, бір жағынан қыздарының болашағын ойлады. Күнделікті күйбең тірлік.

«Құдайдың көзі түзу болсын» деген сол болар, келіншегі Сәуле мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып, бәрінен бұрын балалардың қуаныштары қойнына сыймайды. Ерік болса, басқа жұмысты артық көріп, такси қызметінде жүре берді.

Әдеттегі әдетімен келесі тапсырыстан келе жатқан Ерік аялдамада қолын көтеріп тұрған қызды байқап қалды. Қолында әйдік сөмкесі бар. Жалпы, Қостанайдың такси қызметі ол уақытта аса қатты дами қоймаған кез. Алдын ала хабарласып, бәлен уақыт күтіп отырасың. Мына қарындас сондай бірдеңе болған-ау деп ойлап үлгеріп, бағдаршамнан кері бұрылып, Ерік оның тура алдына тоқтай қалды. Қарындас: «Саламатсыз ба? Вокзалға ала кетесіз бе?» деді, Ерік қыздың жүзінен біртүрлі ұяңдықты байқады және расында, уақыты бар, «неге воказалға дейін апарып тастамасқа?» деп ойлады.

Ерік үнсіздікті қаламайды, әдетте әр жолаушымен әңгімелесіп жол қысқартады. Қарындастың есімі Зүлфия екен. Қызылорданың тумасы, Қарағандыдағы медицина институтын тәмамдапты, кейін осында шақыртумен келіпті. Орналасып жатқан түрі екен, қаланы онша білмейді. Бірақ, расында қала мен облыста медицина мамандарының қат екенін білетін Ерік Зүлфияға разы болды. Өзге қалада, туыс-туғансыз, өз еркімен жұмысқа тұру қыз балаға оңай емес қой?

Дегенмен, сырын аша қоймайды екен Зүлфия, әне-міне дегенше вокзалға да жетіп қалды. Ерік: «қарындас, өзге қаладансыз, бәлкім менің такси қызметім керек болып қалар, телефонымды жазып алыңыз» деді. Өзі де Зүлфияның телефонын сұрап алды.

Зүлфия осындағы медицина мекемесіне орналасқан соң, көтерме қаражатын алды. Обалы нешік, шақырушы тарап пәтер берді, жалақысы жақсы қызмет ұсынды. Тек, әзірге жақын ортасы жоқ демесеңіз, қала ұнады, адамдары ақжарқын. Әсіресе, автобусқа мінгенде сондай әдепті, ортасынан кіріп, алдынан шығады. Жаңа өмірге көндіге бастады. Бірақ, оның ойынан екі нәрсе кетпейді. Бірінші, қалай анасын осында көшіріп әкеледі, ағасының түрі анау, арақтың соңынан кетіп, бала-шағасына қарамайды, анасы бірақ соның қолында. Екінші, оқу, оқу деп жүріп, тұрмыс құрар уақытын өткізіп алыпты. Күйеуге шығу керек, бірақ, өзі ұнататын, құлай сүйген жігіті жоқ.

Зүлфия бірде жұмыстан кешірек келіп, үйде телевизор қарап отыр еді, телефоны шыр ете қалды: «Алло, Зүлфия саламатсыз ба? Қалыңыз қалай? Мен келіп тұрмын» деді Ерік. Содан соң: «жүр, көлікпен қыдырып қайтайық» демесі бар емес пе? Бір жағынан үйде құр телевизор көруден зерігіп кеткен Зүлфия: «несі бар, қаланы арайық» деді. Ерік Зүлфияға қаланы аралатты, қызықты жерлерін көрсетті. Зүлфияға қаланың көрікті жерлері ұнаған сияқты, бастысы Ерікке сенімділігі артты.

Ерік ретін тауып Зүлфиямен хабарласып жүрді, соңыра жиі келетінді шығарды.

Дегенмен, Сәуле бәрін сезетін сияқты, тура Шерлок Холмс дерсіз, тіпті Зүлфияның қайда жұмыс істейтініне дейін біліп алды. Ең қызығы, Зүлфия олардың учаскелік дәрігері болып шықты. Бірақ, оның түсінбейтіні Зүлфия әйел-баласы бар Ерікті қалай ұнатып қалды? Сәуле талай рет Зүлфияның алдына келсе де, оқталып айтайын десе де, ішіндегі нәрестенің болашағын ойлап, дұрысы эмоцияға берілудің артық екенін түсініп, ләм-мим демеді. Оны сезетін, білетін, түсінетін Ерік жоқ, өз әлемінде өмір сүреді.

Ал, Зүлфия бақыттың құшағында еді, өзі ұнатқан, өзі қалаған жігітпен уақытын өткізеді, хабарласпай кетсе оны іздейтін болды. Бірақ, жүрегі құрғыр бірнәрсені сезеді. Өйткені, бір сәт сыртқа шығып кетіп телефонмен күбірлесіп жатады не біраз уақыт көрінбей қалады.

Алайда, Зүлфия Ерікті құлай сүйді. Оның ыстық құшағын қалайды, оның әрбір қимылы мен сөзі, іс-әрекеті көз алдына келе береді.

Бірақ, бақыт ұзаққа созылмады, әдемі кештердің бірінде Ерік: «Зүлфия кешір мені, мен өтірікшімін, мен сені алдап жүрмін, менің отбасым бар» деді, Зүлфияның басынан суық су құйып жібергендей болды, бірақ, өзінің күмәні бар еді, ол шынға айналды.

Ия, уақыт зымырап өтіп жатты. Кейін Ерік пен Сәуле Астанаға көшіп кетті, бір жағынан Ерік бұл шешімге өзім келдім деп ойлағанмен, тоқ етерін атқанда шешімді қабылдаған Сәуле болатын. Сәуле күйеуінің көңілдесін бір қалада көруді қаламады.

Ерік әр уақыт ой үстінде жүреді, отбасын қимайды, бірақ, Зүлфияны шын жақсы көріп қалған сияқты. Бір сәт ой жетегінде кете беремін дегенде, қиылыстан ұрған көліктің соққысы ғана есінде қалыпты. Шүкір, көрер күні бар екен. Бірақ, қатты зақым алды, ендігі өмірі арбаға таңылумен болды. Сәуле кешірді, дұрысы үш баланың болашағы үшін түсінуге тырысты. Дегенмен, араларында айтылмаған бірдеңе қалған сияқты.

Үйде отыра беруден шаршаған Ерік бір уақыт автобусқа отырып, сыртқа шығып келеді. Сондай күндердің бірінде автобусқа мініп, жайғасқаны сол еді, 13-14 жасар қыз баланың: «Әке-ана, бері тұрыңыздар» деген сыңғырлаған әдемі дауысын естіп жүрегі зырқ ете қалды. Бұл Зүлфияның дауысы ғой, Еріктің көзі қарауытып кетті!

Ерік 13-14 жылдан кейін Зүлфияның дауысын естимін деп тіптен ойламаған еді. Дұрысы, бұл Зүлфияның дауысы емес, оның қыз баласының дауысы еді, бірақ, бұл дауысты бірден таныды. Өйткені, талай естіген, құлағына сондай жағымды Зүлфияның дауысынан айнымайтын дауыс еді. Және, бастысы, Зүлфияның қызы тура оның аузынан түскендей екен. Қатты толқып кеткен Ерік мүгедектерге арналған орында өзін қоярға жеп таппады, сезім ба әлде әсер ме білгісіз, есінен танып қалыпты. Мүгедектіктен кейін жалпы оған толқуға болмайтыны түсінікті. Ал, автобус іші әсте абыр-сабырға айналды. Бір жолаушы: «Дәрігер бар ма?» деп көмек сұраса, енді бірі: «терезені ашыңдар» деп жатыр.

Зүлфия өз көзіне өзі сенбеді, бұл Ерік қой, оны автобус ішінде, мына жағдайда көремін деп кім ойлаған? Сөйткенше болған жоқ жедел жәрдем  көлігі де келіп үлгерді. Көзін ашқан Ерік енді Зүлфияның дауысын ғана емес, оның бейнесін де көріп тұр. Өзінің осындай пұшайман күйге түскеніне назаланған Ерік көз жасына ерік берді, еңкілдеп жылап жатыр. Ел аң-таң, ер жігіттің қоғамдық көлік ішінде жылағаны тіпті ерсі көрінеді екен. Жедел жәрдем қызметі қызметкерлері Ерікті көлікке отырғызып, алып кетті, Зүлфия үндеместен кері бұрылып, қызы мен күйеуінің қасына келіп тұрды....

Зүлфия бүгін демалыс күні болған соң қызы мен күйеуімен бірге саябақ аралауға шыққан еді, әсіресе оған Ботаникалық бақ ұнайды, адамды сергітеді, тыныштандырады. Жолдасымен және қызымен қыдырғанды ұнатады. Саябақ және Қостанай саябағын еске түсірер еді, сол саябақта емес пе жолдасы Азаматпен танысып жүргені.

Ол былай болған еді. Зүлфияның көз алдынан өмір өткелдері өтіп жатыр. Ерік оны тастап кеткен соң, өзіне өзі келе алмай, көзінің жасын бұлайтын жері баяғы саябақ болатын. Ерік расында оңбаған, бірақ, Зүлфия оны қалай жақсы көріп қалды? Несімен өзіне баурап алды? Бірақ, бұдан да маңыздысы ішіндегі бір айлық нәрестені не істемекші? Елге ұят, бірақ, Зүлфия батыл шешім қабылдады. Не де болса өзі үшін туып алуға шешім қабылдады әлде алдыртып тастаса ма екен? Қалай ғана алданып қалды? Сансыз ойдың жетегінде отырғанда көзінен жастары еріксіз парлап жатты? Қысқаша айтқанда, өз әлемінде отыр Зүлфия, ол қиял әлемі ме өкініш әлемі ме өзі де түсініп болмайды. Бірақ, ешкімге барып мұңыңды шақпайсың, көз жасыңды сығып алып, қатал өмір-өзенге қарсы жүзе бересің?

Бір мезгілде шашын кері қайырған, аққұбаша келген жігіт Зүлфияға тақап: «Қарындас, бәрі дұрыс па?» деді. Иә, ойдың жетегінде кетіп, саябақтағы өзгелерге мән бермеген екен. Зүлфия еріксіз күлімсіреген болды, сосын: «Рахмет, бәрі дұрыс» деді. Ал, мына жігіттің кететін түрі жоқ, керісінше: «Мен Сізді рөл ойнап отырған әртіс» деп ойладым деп әдемі күлкісімен бірден баурап алды да өзін таныстырды: «Есімім Азамат, кәсіби әртіспін, осындағы Қостанай қазақ драма театрында жұмыс істеймін» деді. «Расында келісті жігітті екен» деп Зүлфия ойлап үлгергенше болған жоқ, Азамат Зүлфияға қол орамалын ұсынды да: «Жасыңызды сүртіңіз» деді. Үнінде бір сенімділік һәм жылылық бар. Шын жаны ашыған адамның ишарасы. «Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше» деген емес пе, екеуі манағы көз жасты ұмытып, шүйіркелесе кетті.

Бір жағынан Азамат үшін бұл жайт та қызық, саябақта не істеп жүрген қыз, үсті-басы таза, бірақ не үшін жылап отыр? Сан-тарау сұраққа жауап іздеген Азаматтың бір жағынан Зүлфияға қызығушылығы да артты.

Алматыдан жақында көшіп келген шығармашылық адамына жаңа ортаға бейімделу кішкене қиындау болып жүрген, сондай сәттерде өз ойымен арпалысып, саябақты аралайтын әдет тауып алған. Азамат таныстықтан соң, біраз шүйіркелескеннен соң: «Зүлфия, қарсы болмасаңыз мен Сізді шығарып салайын» деді. Зүлфия оның бойынан кісілікті, адамгершілікті байқап қалғандай, қарсы болған жоқ. Сөйтіп Азамат пен Зүлфияның таныстығы басталды, кейін ол достыққа ұласты, соңы махаббатқа айналды.

Зүлфия турашыл қыз еді, оны солай тәрбиелеген. Азаматпен көп сырласты, екеуі өзге қалада бір-біріне сүйеу болды, сыйласты, ұғынысты. Зүлфия басынан өткен оқиғаны айтып берді және оның реакциясын байқады. Егер, шын сүйсе бірге болады, уақытша ғана қызығушылығы болса, онда көзіме көрінбей кетер деп ойлады. Азамат жігіттің төресі екен, әйел затын сыйлауды білетін, өмірдің талай қиыншылығын көріп, өз жолымен, өз ойлағанымен жүретін талантты шығармашыл адамы. Және Зүлфияның ішіндегі нәрестені, болашақ сәбиді өз баласындай көретінін айтты. Отбасылы болды, көп ұзаматай қыз бала дүниеге келді. Есімін Аружан деп қойды. Қостанайдың аурасы ұнайды, екеуі де жақсы қызметте, дегенмен, шығармашыл адамы Азамат үшін Қостанай тарлық ете берді. Азаматтың: «Астанаға көшейік» дегенін Зүлфия қарсылықсыз мақұлдады, тек, бұл қалада Еріктің тұратынын білмеймін еді, тіпті ол туралы білгісі келмеймін.

Зүлфияның бәлен жылдан кейін Ерікпен мынадай жағдайда жолығарын кім білген? Бірақ, Зүлфияның ішкі сезімі алай-түлей. Алайда, ол кім Зүлфия үшін, ұмыту керек, иә қызының әкесі, дегенмен, Ерікті қызының тек биологиялық әкесі деп қабылдайды. Шындығында сол, ұмытады, Азамат қызының шын әкесі, өйткені Аружанды кішкентайынан тәрбиелеген, бірге өсірген.

Ал, Ерікті тіпті ешкім іздемейді де, ауруханаға түсіп, ондағылар ем-домын жасап, асты-үстіне түсіп бәйек болып жүр. Көңілі орнықты, дегенмен, манағы көрген түстей болған Зүлфия Астанада қайдан жүр? Іші тағы да алай-түлей, алайда, Еріктің проблемалары басынан асатын еді. Бәрін ойламауға тырысты, келіншегімен хабарласып, арнайы такси шақыртып, үйге жететінін жеткізді. Әйелі суық қана: «Жарайды» деп телефонды қоя салды.

Үйге жеткенше қала көшелеріне қарап отырды, таң қалып келеді, мына аудандағы үйлер осыдан жарты жыл бұрын болмаған еді ғой? Сөйтіп ой жетегінде үйіне қалай тез жетіп қалғанын да байқамай қалды. Ал Сәуле баяғы әуеніне қайта басты: «Ақша таппайсың, үш баланы қалай асыраймыз, үйіміз болса бір бөлме ғана, қалай пәтер аламыз, ана қақпас та шаршатты» деп енесін бір түйреп өтті. Не десін? Құлын мүшесі сау болса осы сөзді естір ме еді?

Сәуле аузы жыбырлап жүріп, шайын да әкеп үлгерді, ас үй ғана екеуінің бөлмесі сияқты, жалғыз бөлмеде олардан басқа үш қызы мен енесі де тұрады, ұзыннан көрпе төсеп бәрі жата кетеді. Балалар сабағын да сонда дайындайды, расында тарлық етеді.Сәуленің бар ойы пәтер алып үйін кеңейту. Біраздан соң: «Ерік сен білесің бе мына пәтерді кепілге қойып, екі бөлмелі үй алуға болады екен» деп манағыдай емес шайдан кейін қабағы ашылып, күйеуіне көзін төңкере қарады. Ерік: «Иә, не істеу керек екен?» деп қызығушылығын білдірді. Сәуле: «Банктің тексеруі бойынша егер, жалпы табысты бөлетін болсақ, онда жетпей қалатын түрі бар, сондықтан жасанды ажырасуымыз керек» деді. Ерік: «фиктивті ажырасуы несі» деп ойлады да, расында: «егер, үйіміз кеңейіп жатса онда неге солай жасамасқа?» деп көше жаққа көзін бұрып әкетті. «Тоңызатқыштың іші бос тұр екен»  деп ойын тізбектеді. Сәуле: «Айтқандай, апаны да тіркеуден шығару керек, сонда, менің қаражатым жетіп қалар» деді. Әрине, егер, үй алуға пайдасы тиетін болса неге солай жасамасқа?

Сонымен, Сәуле «үй аламын» деген желеумен Ерікпен «фиктивный» ажырасты, анасымен бірге оны үйдің тіркелу құжатынан (прописка) шығарды. Көп кешікпен банк те құжаттарын мақұлдады. Біраздан соң Еріктің отбасы екі бөлмелі пәтерге көшіп алды. Дегенмен, пәтерге қол жеткізген соң Сәуле ендігі күні әңгір таяқты ойнататын болды. Әйелдің тілдегені жаман екен. Әр күн бір өнерді шығаруға айналды: «Кет, ақша таппайсың, пайдаң жоқ» деген сарындағы нотациялары жиілей берді.

Ерік төзіп ақ бақты, балалары мен анасы үшін үшін шыдайды, басқа амалы да жоқ. Алайда, Сәуле басқаша сайрай бастады.

Ерікке соңғы уақытта: «мынадай қорлыққа төзгенше үйден кетейін» деген ой маза бермей жүр. Қыздары қатты жақсы көреді, ал анасына тура қарай алмайтын жағдайға жеткен. Ыдыс-аяқтың сылдырлауы жиілей берді. Бәріне өзін кінәлі сезінеді: «қой бұлай болмас» деп, бір хостелмен хабарласып қойды. Киім-кешегін бір сөмкеге салып алды да көшіп кетті. Іші қатты пысса мешіт жаққа барып келеді. Кейде мешіттің ішіне де кіреді, бірақ, уақытының көбі терезеге қараумен өтеді. Әдеттегідей терезеден қарап отырса, бір таныс бейне кетіп бара жатыр. Иә, бұл түнеугүнгі Зүлфия ғой, сенер алар емес! Басына мың сан ой келді, осы күніне, мүгедек болып қалғанына, үйінен қуылып қуықтай жерде бәз-біреулердің арасында күн кешуіне өзін кінәлі сезінеді, соның өтеуі Зүлфияға жасаған жамандығынан ба екен? Терезенің ар жағынан жаңбырдың тамшыларымен бірге көзінен жасы да бірге домалап түсіп жатты!

0
0
1122

Араға тағы да жылдарды салып...

Сүйікті қалам - Алматыдағы сенбі кеші. Күні кеше виртуалды өмірден алшақтау мақсатында инстаграм парақшамды өшіріп, шынайы өмірдің бар дәмін сезінуге қадам жасаған едім. Бәлкім, уақыт өте инстаграмның ар жағындағы адамдардың өмірі қызықтыруды қойған да шығар, бірақ жылдар бойы сәттерімнен жинақталған парақшамды қимағаным рас. Себебі ол жерде менің ойларым мен бояусыз шынайы өмірімнен жинақталған фото мен бейнелер тұғын. 

Солай ойға батып отырғанда Yvision есіме түспесі бар ма... Бұл жердегі аккаунттың құпиясөзі сақталған екен, үш жылды араға салып, қайта кіруім қиындық соқпады. Елдің көзіндегі және жасырылған жазбаларды оқып шықтым, ішімде керемет сезім, өткенге өкінішсіз. Керісінше, рақымшылдық күйімен, өткенге алғыс айтумен болдым. Мейлі, кейбір жазбалар меланхолиялы күйде жазылған болса да, көңілімді түсірген жоқ. Қабылдадым, алғыс айттым, өзгергенімді түсіндім. 

Қазір бұл платформада бұрынғы адамдар отырады ма, бұл жазба біреуге қызық болады ма? Ол жағын білмедім, бірақ анық білерім - тағы да жылдарды араға салып бұл ортаға ораламын, тағы да іштегі сезімдерім шығып, дәл бүгінгі күйді басымнан өткізермін. Араға тағы да жылдарды салып...

0
0
1044