«Мен – астаналықпын!» айдарының бүгінгі кейіпкері – Бақыт Исабекова
Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының актрисасы елорданың әрбір жеткен жетістіктеріне қуанады. Ол театр әлеміне кездейсоқ келген жоқ. Оның бала кездегі арманы адастырмады. Іштегі бір тылсым күш әрдайым сахнаға жетелейтін де тұратын. Сол кездегі Алматыдағы мемлекеттік көркем театры институтының актерлық бөліміне түскен бойжеткен қыз сахна өнерінің саңлақтары Рабиға Қаныбаева, Ыдырыс Ноғайбаевтардың ұстаздық тәлім-тәрбиесін бойына сіңіруге тырысты. Бүгінде Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының актрисасы. Сондай-ақ, ол осы театрдың қабырғасын қалаған, ыстығына күйіп, суығына тоңған жандардың қатарында. «Біз өнер академиясының алғашқы түлектеріміз. Біздің Бақытпен сахнадағы серіктестігіміз сол студент кезден басталды. Бақыт топтағы басты кейіпкер болды. Сахналық тектілі…




