Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Бенфика» — «Астана» матчы «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залынан көрсетіледі

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі матч бүгін түнде, яғни 15-нен 16-қыркүйекке қараған түні сағат 00:45-те басталады.

Ұйымдастырушылар матчты «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында көргісі келетіндер болса, ертерек келулерін сұрайды. Себебі, киноконцерт залының сыйымдылығы – 946 орын ғана. Ал, залға сыймай қалған көрермендер үшін «Қазмедиа орталығының» сыртындағы Лед экраннан көрсетілмек.

Трансляцияны Әнуар Нұрпейісов пен Абзал Ғарифуллаев жүргізеді.

Еске сала кетейік, «Бенфика» - «Астана» матчы португалияның Лиссабон қаласында бүгін түнде Астана уақыты бойынша 00:45-те басталады.

0
0
170

Осы тақырып бойынша

«Бенфика» — «Астана» матчы «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залынан көрсетіледі - Yvision.kz