Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

«Қыздар сұлу көрінер...»

Бояу, бояну тақырыбына арналған «Айтуға оңай...» хабарын бүгін 20:20-да көріңіз.

Бүгінде бет-әлпетіне бояу жақпайтын бойжеткендер аз. Бірі опа-далапты жұқалап жақса, бірі шектес тыс қолданады.

Жасанды қас-кірпікті де көшеде екінің бірінен кездестіруге болады. Қазір қыз-келіншекті қойып, кейбір ерлер де бояуға жақын.

Ішкі сұлулықтан бұрын сыртқы сұлулықты ойлайтындар денсаулықтың жағдайы қалай? Дәрігерлер мен косметологтар не дейді?

Мамандардан денсаулықты қалай күту туралы кеңес алғыңыз келсе, бүгін 20:20-да «Айтуға оңай...» хабарын көріңіз.

0
0
846

Қарағандыда «Ұлы даладан – Мәңгілік Елге» атты ғылыми-теориялық конференция өтеді

Шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күніне арналған. 10 желтоқсанда Қарағандыда студенттер арасында «Ұлы даладан – Мәңгілік Елге» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция өтеді. Шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күніне арналған. Жиын «Білім, ғылым және өндірістің бірігуі негізінде техникалық және кәсіптік білім беру сапасын қамтамасыз ету құрылымы» атты ІҮ облыстық ғылыми-практикалық конференциясының шеңберінде өткізілмек. Мақсат - Ұлы даладан бастау алатын - Мәңгілік Елдің өткені мен келешегі туралы болашақ жастардың зерделі ойларын ортаға салу және өзекті мәселелерді анықтау және талқылау. Конференцияның міндеттері: ғылыми ақпараттарды талдау және зерттеу қабілеттерін жетілдіру; өскелең ұрпақты зерттеу жұмыстарына тарта отыры…

0
0
456

Қайрат Нұртас 8 желтоқсанда «Мазала» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесерін өткізеді

8 желтоқсанда «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында Қайрат Нұртастың «Мен ғашықпын...» атты жаңа әндер жинағына енген «Мазала» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері өтпек. Жас әртістің әрбір жаңа әні тыңдармандарды таң қалдырмай қоймайды. «Мен ғашықпын...» атты үздік 86 әннен құралған 12-жинағына әртістің көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерімен қатар жаңа әндері де кірді. Сондай-ақ, жақында ғана тыңдармандарға жол тартқан, сөзін Ш. Сариев, әнін Д. Шарипов жазған «Мазала» атты әніне түсірілген бейнебаянның да тұсауы кесіледі. Мәскеу қаласында түсірілген бұл бейнебаянның режиссері – А. Голубев. Елорда тұрғындары мен қонақтары өздерінің сүйікті әншісімен кездесіп қана қоймай, қолтаңбасы қойылған дискті Қайраттың өз қолынан алу мүмкіндігіне ие болады. Қайрат Нұртастың жанкүйерлері бірінші болып ә…

0
0
1063

Қымыздың емдік қасиеттері туралы не білесіз?

Қымыз - шипалы сусын. Дертке шипа, бойға күш-қуат береді.

1 литр қымызда кальций - 48 пайыз, магний - 3,4 пайыз, фосфор - 21,3 пайыз, хлор 7,5 пайыз болса, мыс 1,60 миллиграмм мөлшерінде кездеседі.

Қымызды алғашқыда тәулігіне 6 рет 100 грамнан, кейін 250 грамға дейін ішіп, ағза үйренген соң оның мөлшерін 2-3 литрге дейін көбейткен дұрыс.

Осы тәртіппен қымыз ішкен адам әлсіреу, жүдеу, қаназдық, туберкулез сияқты дерттерге шипа табады. Сондай-ақ, бұл сусынды тамақтың алдында 1-1,5 сағат бұрын ішкеніңіз абзал.

Қымыздың қасиетін таныстыру мақсатында жуырда елордада дәстүрлі «Қымыз-2015» Халықаралық фестивалі өтті.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
1030

Бала бір жасқа толғанға дейінгі әлеуметтік төлемдер қалай жүзеге асады?

Елімізде дүниеге келген әр балаға тиісті мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Оның үш түрі бар. Біріншісі, жүктілігі және босануға байланысты төлем. Екінші, бала тууына байланысты біржолғы тағайындалатын және үшінші бір жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы. Жүктілігі және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем қалай жүзеге асады? Мәселен, айлық табысы 50 мың теңгені құрайтын әйелдердің жыл бойғы табысы 600 мың теңге болады. Осы соманы 12 айға бөліп, 4,2 коэффициентке көбейтіп, шыққан сомадан 10 пайыз әлеуметтік төлем мөлшерін шегересіз. Яғни, мұндай табыстағы әйелдерге 189 мың теңге декреттік төлем берілуі тиіс. Ескеретін жайт, жұмыс өтіліңіз бір жылға жетпесе де, жалпы сома 12 айға бөлініп есептеледі. Декреттік төлемді алу үшін қандай құжаттар қажет? Өзін…

0
0
409

«Таңшолпанның» тілшісі Елбасы пәтер сыйлаған Иманқұловтар отбасында болып қайтты

25 жасында 6 баланың анасы атанған Айгүл Пірменованың Елбасына жазған хаты жауапсыз қалмады. 7 ай бұрын жолданған хатқа Мемлекет басшысы жауап беріп, жаңа үйден үш бөлмелі пәтердің кілтін сыйға тартты. «Президентімізге хат жолдап, жауабын күтіп жүрдім. Әкімдік қызметкерлері шақыртып, «Сізге Елбасы пәтер сыйлады», дегенде қуанышымда шек болмады. Алты баламен қайда барамын деп жүргенмін. Қуаныштан жылап та алдым», дейді көпбалалы ана. Бағым, Балым, Баубек. Бұл - үшемнің есімдері. Тұңғыштарын әкімдік балабақшаға орналастырып, отағасына жұмыс та тауып беріпті. Жылы үй, жайлы пәтердегі балалардың қуанышы өз алдына. Иманқұловтар отбасының ендігі мақсаты - алты балаға дұрыс тәрбие беріп, оларды жеткізу. «Қалған қиындықты өзіміз жеңуге тырысамыз. Зәулім үйден пәтерді Елбасымыз текке берген жоқ. О…

0
0
280

Сапалы ұнды қалай таңдауға болады?

Бүгін 13:00-де Ұлттық арнадан «Бірге таңдаймыз!» хабарын көріңіз.

Отандық ұн өнімдерін арнайы сараптамалық зерттеуден өткізіп, пайдалы әрі дәмдісін қалай таңдауға болады? Макарон өнімдерінің түрлері мен сұрыптары туралы маманнан танымдық ақпарат алғыңыз келе ме?

Сетінемейтін матадан тігілетін дизайнерлік киім үлгілері бүгінде кең танымал. Ендеше, құны 20 000  тұратын сәнді киімді неге өзіміз тігіп үйренбеске?

Үй жиһаздарын жаңартудың қолжетімді әдістері туралы не білесіз? Арзан әрі сәнді диван көпшіктерін «Бірге таңдаймыз!» хабарымен бірге жаңартыңыз. Бүгін 13:00-де Ұлттық арнада.

0
0
375

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы EURO-2016 турнирінің жеребе тарту рәсімін тікелей эфирде көрсетеді

12 желтоқсан күні Парижде футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. Ресми шараны «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 23:00-де тікелей эфирде көрсетеді. 12 желтоқсан күні Парижде футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. Ресми шараны «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 23:00-де тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, жеребе тарту рәсімінің трансляциясы 13 желтоқсан күні сағат 10:25-те «Kazsport» телеарнасында қайталанады. Айта кетейік, «Қазақстан» РТРК» АҚ EURO-2016 турнирі трансляциясын Қазақстан Республикасының аумағына эксклюзивті тарату құқығына ие. Корпорация Еуропа чемпионатын кең көлемде көрсетуді жоспарлауда. Барлық матчтар «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарының тікелей эфирінде көрсет…

0
0
430

«Айтуға оңай...». Таксист әжелерді көріп пе едіңіз?

Әдетте, қазақ әжесі десе, көз алдымызға ақ жаулықты, ұршық иірген, қою күрең шайды сораптап ішетін, қолын жылы суға малып отырған аналар елестейді. Ал, ұршықтың орнына көліктің рөлін айналдырып, таксист болып жүрген әжелерді көріп пе едіңіз? «Айтуға оңай...» хабарының қонақтары осындай таксист әжелер. Амангүл Сыдықова – 30 жылдан бері жолаушы тасымалдап келеді. Ол кісі жай таксист емес, осы саланың кәсіби маманы. Яғни, ол жаңадан рөлге отырушыларға көлік жүргізуді үйретеді. Талай жыл темір тұлпарды тізгіндеп үйренген Амангүл апа бүгінде көлігі бұзыла қалса, өзі жөндей береді. «Тұрақты клиенттерім өте көп. Алдын ала телефонмен хабарласатындар бар. Күніне жоқ дегенде, екі адам дайын тұрады. Кезінде ГАЗ-51, 52, 53 көліктерін де айдадым»,-дейді Алматы мен Талдықорғанның арасына жолаушы тасыма…

0
0
526

Елордалық жанкүйерлер «Галатасарай»-«Астана» матчын «Қазмедиа орталығында» тамашалай алады

Астанада өткен алғашқы матчта ойын 2:2 есебімен тең аяқталған.

8 желтоқсаннан 9-ына қараған түні елордадағы «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы «Галатасарай»-«Астана» футбол клубтарының арасында УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің соңғы турдағы матчтың тікелей көрсетілімін ұйымдастырады.

Стамбұлда өтетін ойынды тамашалауға келушілер үшін орын саны шектеулі. Сондықтан, ұйымдастыраушылар жанкүйерлерден матчқа алдын ала келіп орын алуларын өтінеді.

Зал сағат 00:30-дан бастап ашылады. Кіру тегін.

0
0
210