Павлодарлық ақын Аспанбек Шұғатаев «Алтын домбыра» иегері атанды
Павлодарлық ақын от тілді Аспанбек Шұғатаев жылдың басты додасы «Тәуелсіздікке тағзым» тақырыбында өткен «Алтын домбыра» айтысының бас жүлдесін жеңіп алды. 5-6 желтоқсан күндері Алматы қаласы республика сарайында өткен дүбірлі додада еліміздің 22 ақыны бақ сынады. Қатарластарынан оқ бойы озған Аспанбек Шұғатаев алғашқы күні шымкенттік Қалижан Білдәшевпен сынға түсіп, ең жоғары ұпайды еншіледі. Жарыстың екінші күні қарағандылық Мақсат Ахановпен өнер көрсеткен павлодарлық ақын тағы да ең жоғарғы 80 ұпайға ие болды. Айтыстың қорытындысы бойынша, 500 мың теңгелік үш үшінші орынға Жансая Мусина, Қалижан Білдәшев пен Еркебұлан Қайназаров лайық деп танылды. Құны бір миллион теңгелік екі екінші орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Иранғайып Күзембаев өзара бөлісті. Бірінші орынды Айбек Қалиев иеленді. О…






