Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Зерттеу: ақша адамды бақытсыз етеді

Ғалымдар ақша адамды бақытсыз етеді деген тұжырымға келді, Эмори Университеті мен Минессота (АҚШ) Университетінің мамандары ірі капиталға ие адамдар мейірімсіз, көбінесе жалғыз болатынын дәлелдеді. Зерттеушілер түрлі кемшілігі бар, түрлі әлеуметтік жағдайдағы адамдардың деректерін талдады. Нәтижесінде ақшасы көп адамдар туыстарымен, достарымен араласпай, өз-өздерімен тұйықталып қалатыны байқалған. Бұл олардың жалғызсырауына алып келеді. Зерттеуге сәйкес, табысы төмен (жылына бес мың доллар) адамдар жоғары табысты (жылына 131 мың доллар) адамдарға қарағанда, адамдармен араласуда жылына кешті 6,4 рет көп өткізеді екен. Бұдан басқа, бай адамдар басқа адамдардың проблемасы мен қайғысына алаңдамайтын болады. Ауқатты адамдар уақытының басым бөлігін жұмысқа бөледі, адаммен араласу оларға маңызды…

0
0
351

Қырғызстанда оппозиционерлер мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған

Қырғыз арнайы қызмет өкілдері «Элдік парламент» оппозициялық қоғамдық бірлестігінің көшбасшысы Бекболот Талгарбеков, Торобай Колубаев және Марат Султановқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Қырғыз арнайы қызмет өкілдері «Элдік парламент» оппозициялық қоғамдық бірлестігінің көшбасшысы Бекболот Талгарбеков, Торобай Колубаев және Марат Султановқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Олар билікті басып алуға дайындалды деген күдік тудырды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды. Қылмыстық іс Қырғызстанның ҚК 27-295 («Билікті күшпен басып алуға дайындалу») және 27-341 («Билік өкіліне күш қолдануға дайындалу») баптары бойынша қозғалды. Қырғызстанның МҰҚК ақпаратынша, тергеуалды жиналған материалдарға сәйкес, аталған тұлғалар елдегі қоғамдық…

0
0
338

«Жетінші арнада» телехикаялар қалай дыбысталады?

Уәде еткеніміздей, көрермендердің көптеген өтініштері бойынша, арнамыздың бір құпиясын ашамыз! Ол кісілерді көпшілік біле бермейді, бірақ дауыстарын бір сәтте-ақ тани қоясыздар! Сонымен, дубляж бөлімінде табанды әрі өнімді еңбек ететін мамандармен жақынырақ таныстырамыз... Нартай Сауданбекұлы – Әли Рза бей, Митхат бей, Яман бей, Әмір, Улуч, Кемаль бей, түрмедегі кейіпкерлер, адвокаттарды дыбыстайды. Гүлнәр Рысбайдың дауысымен - Ферхунде, Фикрет (бала кезі), Неийр, Мехмет, Джанер, Айша сөйлейді. Айым Жетпісова – Неджла, Джейда, Седеф, Райхан, Джеврие, Нұрданды дыбыстайды. Олжас Жақыпбек – Шевкет (жас кезі), Тахсин, Ахмет бей, Джем, Әли, Консул, судьялар, түрмедегі кейіпкерлер, адвокаттар. «Жетінші арнаның» дубляж студиясы кәсіби және заманауи жабдықтармен қамтылған. Шетелдік фильмдерді қаз…

1
0
2407

Ұлттық музейде «Қазақтың алғашқы академиялық археологиялық экспедициясына — 70 жыл» атты шара өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде сәуірдің 29 күні «Қазақтың алғашқы академиялық археологиялық экспедициясына - 70 жыл» атты іс-шара өтеді, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы 1946 жылы ҚазССР Ғылым Академиясының президент Қ.Сәтбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған болатын. Экспедицияны көп жылдар бойы белгілі энциклопедист-ғалым, академик Ә.Марғұлан басқарды. Көп жылдық жұмыстардың нәтижесінде тас дәуірінен бастап ортағасырлық кезеңдерге тән тарихи маңызы жоғары ескерткіштер зерттелді. Ғылыми еңбектер жарияланды. Сондай-ақ, Орталық Қазақстанда Беғазы-Дәндібай және Тасмола мәдениеттері ашылды. Іс-шара барысында Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының белгілі жетекшілері мен қатысушыларына арналған көрме ұйым…

0
0
226

Ең үздік тележүргізушіге байқау жарияланды

«Қазақстан» РТРК» АҚ алдағы келе жатқан Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, үздік тележүргізушілер арасында байқау жариялады. «Байқаудың мақсаты - еліміздің аймақтарында жұмыс істеп жатқан филиалдардағы қызметкерлердің еңбектерін елеп-ескеру. Үздік қызметкерлерге құрмет көрсетіп, еңбектерінің лайықты бағасын беру. Сол себепті аймақ қызметкерлері аталмыш шараға белсенді атсалысады деген үміттеміз», - делінген «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз хабарламасында.. Байқау екі кезеңнен тұрады. 1-ші кезең 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында өтеді. Бұл кезеңде әр аймақтың шығармашылық топтары (жаңалықтар мен бағдарламалардың жүргізушілері) өз араларында жергілікті жерлерде байқау ұйымдастырады. Осы талаптар негізінде аймақтардағы байқаулардан озық шыққан үздіктер республикалық байқауда бақтар…

0
0
355

Алматының «Қайраты» әлемнің үздік клубы атағына ұсынылды

Алматының «Қайрат» футбол клубы «Әлемнің үздік клубы-2015» атағына үміткерлер тізіміне кірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Футзал ұйымының ресми сайтында әлемнің футзал клубы AGLA Futsal Awards 2015 by futsalplanet.com-ның нұсқасы бойынша үздік атағына үміткер командалардың тізімі жарияланды.

Еске сала кетейік, өткен жылы алматылық клуб Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогының, ел Суперкубогының иегері және УЕФА кубогының жеңімпазы атанып, сондай-ақ әлемнің клуб чемпионатында екінші орын алды.

ҚазАқпарат

http://inform.kz/kaz/article/2892641

0
0
272

Н.Назарбаев пен А.Гүл екі елдің өзара іс-қимылдарының өзекті бағыттарын талқылады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ыстамбұлда Түркия Республикасының он бірінші Президенті Абдулла Гүлмен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Түркияның өзара іс-қимылының негізгі бағыттары, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер талқыланды.

ҚазАқпарат

http://inform.kz/kaz/article/2892520

 

0
0
222

Қазақ хандығы туралы фильм The World of Knowledge кинофестивалінде жеңімпаз атанды

Танымал кинорежиссер Бақыт Қайырбековтың «Мәңгілік аспан астында» фильмі «Білім әлемі» (The World of Knowledge) Х Ғылыми-көпшілік және ағартушылық фильмдер кинофестивалінің «Үздік сценарий» номинациясын жеңіп алды. Астанада осы беделді марапат ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяровқа тапсырылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Қазақстандық фильм The World of Knowledge оныншы мерейтойлық кинофестиваліне қатысуға өткен жылы Санкт-Петербург (Ресей) қаласында номинацияланды. Он бөлімнен тұратын «Мәңгілік аспан астында» ғылыми-көпшілік фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты түсірген болатын. Бақыт Қайырбеков (сценарий авторы және режиссер) және Андрей Хазбулатов (бас продюсер) үздік сценарий үшін үздік марапатт…

0
0
278

Еліміздің Әскери-әуе күштері АҚШ-тың «Хьюи» тікұшағына ие болды

ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің авиапаркі Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық жоспарына сәйкес UH-1H-II «Хьюи» тікұшағымен толықты. Бұл ақысыз негіздегі әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберінде жеткізілетін үшінші тікұшақ, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Тікұшақтан басқа, сондай-ақ қосалқы бөлшектер, агрегаттар, жинақтаушы және шығыс материалдары жеткізілді. «Хьюи» тікұшақтары әртүрлі оқу-жаттығуларда, оның ішінде қазақстандық «Қазбат» бітімгершілік батальоны мен ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері «Қазбриг» бітімгершілік бригадасының іс-қимылдары пысықталатын «Дала қыраны» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуларда кеңінен қолданылады. Бұдан бұрын 2006-2007 жылдары қазақстандық ұшу және инженерлік-техникалық құрамы аталмыш тікұшақта теориял…

0
0
468