20 ғасыр қазақ баласына оңай болған жоқ, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, Кеңес Үкіметінің орнауы, қызыл мен ақтың ылаңы, 1918-2020 жылдардағы Ашаршылық, 1928 жылғы шаруалар көтерілісі, 1930 жылдардағы Ашаршылық, Екінші дүние жүзілік соғыс, зиялыларымыздың репрессияға ұшыруы, «тың игеру» деп қазақ тілі мен мәдениетінің жойыла жаздауы сияқты оқиғалармен жалғаса береді.Сол оқиғалардың бел ортасында жүрген, талай тауқіметті көрген Қами атамыз туралы қалам алуыма мына оқиға себеп болды.Ол кісінің кенжесі Абылай біздің үйдің сүт кенжесі Жәнібекпен дос. Әулеттері туралы бұрыннан білемін, дегенмен бір нәрсе өзге жайтқа сеп болатыны түсінікті, 2023 жылғы мамыр айының аяғында Алматыдан қонақтар келіп, Бурабайға баратын болдық. Алыс жолға рөлге отырмаймын, Жәнібекпен бірге баратын болғанбыз. Қырсы…