Тәуелдірік тудыратын ойындар

Еліміздегі ең маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі – ол тәуелділік тудыратын ойындар. Статистикаға сенсек, Қазақстандағы әрбір14 жастан асқан жасөспірім бала тәуелділік тудыратын ойындарды 1 рет болсын ойнаған , кейбіреулері оның құмарынада кіріп кеткен. Мысалға айтсақ, онлайн ойындар, ол жерде сіздің жасыңызда, жынысыңыз да маңызды емес. Қазақстанда құмар ойындардың қазіргі таңда 300 мыңға жуық кеңселері бар. Халықтың ауқымды бөлігі өзінің тапқан таянғанын осы құмар ойындарына салады, бұған қарасақ, біздің халықтан қаржылық сауаттылығының жоқтығы.
Қазіргі таңдағы статистикаға сүйенсек, тек қана Қазақстандағы құмар ойындарынан, 2022 жылы бірғана 1хбет сайты 20 миллиардтеңге шығарған. Ал 2023 жылғы көрсеткіштерге сүйенсек, 40 миллиард теңгені қалталарына басқан. Бұл бірғана сайт. Енді қарасақ, Қазақстан бойынша құмар ойындардың сайттары өте көп. Сонымен қоса оны ойнайтындардыңда саны 400 мыңға жуық деп Opennews.kz ақпарат агентігі хабарлайды.
Бүгінгі әлем дертіне айналған құмар ойындар қазіргі таңда қанша адамның тағдырын құртты, қанша отбасының ажырасуына алып келді. Еліміздегі 10 жұптың 7 құмар ойындарының кесіріне айырылысып жатыр, бұны тоқтатудын амалы барма?
Менің ойымша, осы букмекерлік кеңсерлердің салығын көбейтіп, олардың жұмыс уақыттырын қысқарту керек. Сонымен қоса, Қонаевтағы казинолардың депозиттерінде көбейту керек.
Қазіргі таңда осы іспен айналысып жатқан депутаттардың бірі Руслан Берденов. Ол кісінің айтуынша «Үкімет барлық бумекірлік кеңселердің спорттық шараларға демеушілік жасайды. Сондай-ақ, салық төлейтінің айтып, бұл ұйымдардың жарнамалық қызметтіне бақылау жасамайды», - дейді.
Шыныменде қарасақ, қазіргі таңда қаламыздағы әлеуметтік маңызы бар ғимараттардың бәрінде құмар ойындардың жарнамасы ілулі тұр, сол себепті үкімет бұны қолына алады деп сенеміз .
Мерей Ерланұлы
