Депутаттар Екібастұзға барып, өңірлердегі жылу энергетикасы мәселелерін талқылады
Екібастұз қаласында орталық атқарушы органдар, әкімдіктер мен энергетика саласындағы компания басшыларының қатысуымен жылу энергетикасы мәселелеріне арналған көшпелі отырыс өтті. Жиынды Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті ұйымдастырды. Депутаттар жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарымен және қаланың жылу магистральдарын қайта жаңарту жұмыстарымен танысты.Комитет төрағасы Еділ Жаңбыршиннің басшылығымен өткен көшпелі отырыс «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС жылу-энергетикалық орталығын аралаудан басталды. Бүгінде мұнда бір мезгілде бес қазандық агрегатына күрделі жөндеу жүргізілуде. Жылыту маусымы басталғанға дейін багер сорғыларына, құбырларға және басқа да жабдықтарға күрделі жөндеу жүргізу қажет. Депутаттар мен қоғам белсенділері кемшіліктерге тоқталып, ЖЭО басшы…














