Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Мамандық таңдауда нені ескеру керек?

Мамандық таңдау - өз өміріңнің іргетасын қалау. Өзіңнің жүрегіңнің қалауын таба ғана қоймай, араласатын, бой түзейтін ортаны да табасыз. Дана халқымыз айтпақшы "Дүниеде екі нәрседен қателеспеу керек. Біріншісі-жар таңдау, екіншісі-мамандық таңдау." Себебі, болашақ мамандығыңыз өзіңіздің айнаңыз, жейтін қара наныңыз, өмір сүруге ынталандыратын күш. Бірақ, өзімізге керек нәрді қажет жерден сіңіре аламыз ба? Қалай мамандықты таңдаймыз және мықты маман иесі боламыз? Бүгін осы сауалдың жауабын табуға мен, Жас тілші ретінде,оқушы ретінде көмектесетін боламын. Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Менің таңдаған мамандығым -журналистика. Бұл мамандықты таңдағаныма еш өкінбесем де, шешімді кеш уақытта қабылдағаныма өкінемін. Мен сауалыма жауап таппай жүрген уағымда уақытымның құрдымға кет…

0
0
442

Өнер керуені

#balademalys2023

21 маусым «Өнер керуені» жобасы аясында Әулиекөл ауданының Москалёв және Диевка ауылдарына Қостанайлық жас автор, ақын, жазушы, аудармашы Абылай Мауданмен кездесу ұйымдастырдық. «Жарқын кездесу, сырлы сұхбат» деп аталатын кездесуге мектеп оқушылары қатысты. Кездесу барысында автор «Қасым» баспасынан шығып жатқан өзінің жаңа аударма шығармаларымен таныстырып, қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ , автор Л.Толстойдың аудармасы бойынша үзінділер оқып, балалармен әңгімелесіп, пікір алмасты. Кездесу балаларға кітап жайлы,оқу жайлы үлкен ой тастады деуге болады.

0
0
473

Жемістердің үлкені - қарбыз

Жаздың келуімен дәрумендерге толы жеміс-жидектер мен көкеністердің түр-түрі пісе бастайды.Шырынды қарбыз – 92%-ын су құрайтын, жеміс жидектердің бірі. Қарбыз - калориясы аз , пайдалы диеталық өнім. Бұл жемістің ми мен көзге пайдасы көп.Оның құрамында ликопен пименті мен А , С және В6 дәрумендері бар. Адамның миында қанша сұйықтық болса, қарбызда да сол мөлшерде су болады екен. Бүйрек , бауырауруларына, анемия мен қант диабетіне шалдыққандарға көмегі орасан зор. Тіпті, ағзаға біршама пайдасы бар және салмақ тастауға негізделген арнайы «қарбыз диетасы» бар. Бұл жемістен көптеген дәмді әрі ерекше тағамдар жасауға болады. Мысалы, қарбыз балы. Бұл бал қарбыздың мәйегіндегі сөл мен қанттан жасалады. Бұл жемістің дәні де құнарлы. Құрамында минерал тұзы, магний мен темір бар қарбыз дәні – ежелгі…

0
0
396

Құл жиылып бас болмас, құм жиылып тас болмас

Осыдан 158 жыл бұрын АҚШ-та Құлдарды азат ету күні жарияланған болатын. Әрине, еркін ойлы болу, құлдық бұғауынан ажырау оңай болмаса керек. Дегенмен, Америка Құрама Штаттары нағыз демократия еліне айналды. Ал, менің құлдарға қатысты айтайын дегенім басқа бір кейс.Еркіндікке жіберілген афроамерикандықтардың бір тобы кезінде өздерін құлдыққа ұстап алған ата-бабасының елі – қазіргі батыс Африкаға барып, кешегі құлдар тәуелсіз мемлекет құрады. Бұл 1822 жылдар шамасы, 1824 жылы олар өз елін Либерия , яғни Азат ел деп атайды.Дегенмен, кешегі құлдықтан босап, Либерияға келген афроамерикалықтар не істейді дейсіз ғой? Либерияда жаңа мемлекетті құрушылар жергілікті халықтан өздерін жоғары қойып, байырғы тұрғындарды құлға айналдырады. Былайша айтқанда кешегі құлдар мен күңдер өзгені құл мен күңге ай…

0
1
2130

«Сыбайлас-жемқорлыққа жол жоқ»: кітап көрмесі = «STOP коррупция»: книжная выставка

Ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арналған тұрақты кітап көрмесі жаңартылды. Осы тақырып бойынша мерзімді басылымдардан жаңа басылымдар қосумен қатар, біз сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз жақтары туралы әңгімелейтін көркем әдебиеттер таңдауын кеңейттік. Және де сыртқы бейнесін де өзгерттік. Көрме қазіргі заманда да, өткен ғасырларда да өзекті тақырыптардың бірі болды. Кітаптар сыбайлас жемқорлық тек пара алу ғана емес, сонымен қатар қызмет бабын теріс пайдалану екенін еске салады.В отделе научно-популярной литературы обновилась постоянная книжная выставка, посвящённая противодействию коррупции. Помимо добавления новых публикаций из периодической печати на эту тему, мы расширили подборку художественной литературы, рассказывающей о вреде коррупции. И, кон…

0
0
445

Kiswah Fashion Shows қызықтары

Жақында Алматыда отандық және шетелдік дизайнерлердің топтамаларының modest fashion көрсетілім кеші өтті, ресми атауы Kiswah Fashion Shows деп аталды. Орталық Азия аймағында қарапайым сәнге қызығушылық танытатындардың барлығына арналған халықаралық платформа құру мақсатында ұйымдастырылған бұл бірегей іс-шара ерекше өтті деуге болады.Жобаның авторлары Ғайникен Букенова және Жанель Бертаеваның айтуынша, соңғы бірнеше жылда көптеген табысты әлемдік брендтер modest fashion капсулалық топтамаларын, мысалы, қасиетті Рамазан айын атап өтуге арналған топтамаларлды жасап шығаруда. Бүгінде табысты мұсылман әйелдер бизнесте, саясатта және басқа салаларда маңызды басшылық қызмет атқаруда. Оларда өздерінің ішкі құндылықтарын сақтауға деген, сонымен бірге әдемі көрінуге деген сұраныс туындады. «Қарапа…

0
0
407

Рәміздер күніне орай ұйымдастырылған байқау жеңімпаздары марапатталды

"Auezov Jastary" ҚҚ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай байқауға қатысқан жастардың "Үздік ролик" номинациясының жеңімпаздары.

Бас жүлде Сәтмұхамбетов Назерке

1 орын - Нұрланұлы Елнұр

2 орын - Орынбай Заңғар

3 орын - Богадир Әмір

"Auezov Jastary" ҚҚ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай байқауға қатысқан жастардың "Үздік пост" номинациясының жеңімпаздары.

Бас жүлде Айнабеков Ерболат

1 орын - Әмзе Несібелі

2 орын - Богадир Ақниет

3 орын - Алназар Есенбала

"Auezov Jastary" ҚҚ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай байқауға қатысқан жастардың "Үздік Іс Шара" номинациясының жеңімпаздары.

Бас жүлде Бөгенбай Қайыржан

1 орын - Сырлыбай Абай

2 орын - Омарова Жазира

3 орын - Жұмашов Ақнұр

0
0
330

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Германияның Федералды президенті

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

"Мейманды Астана әуежайында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды", — делінген хабарламада.

Сапарда екі мемлекет басшылары Қазақстан-Германия стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері бойынша келіссөз жүргізіп, оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарланған.

1
0
249

Мультстудия «МУЛЬТLoft» - Ер Тарғын (1 бөлім)

МультLoft - жобасының аясында дайындалған «Ер Тарғын» - ертегісі. Ер Тарғын -асқан батыр, елің жаудан қорғаушы, ел жаңашыры. Ер Таргын өзінің адам сенгісіз күшімен батырлығымен ер жүректігімен таң қалдырады. Оның басты мақсаты – елін қорғап, халқының бірлігін сақтау еді.

0
0
391