Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

“ЖАСТАРҒА-ЖҰМЫС” - “Бос жұмыс орындар” жәрмеңкесі өтті.

Жезқазғанда “Жастар Рухы” ЖҚ ұйымдастыруымен “ЖАСТАРҒА-ЖҰМЫС” - “Бос жұмыс орындар” жәрмеңкесі өтті.

📌Қаламыздағы “Мечта” сауда орталығында өткен бұл жәрмеңке - көпшіліктің сұранысына ие. Жәрмеңкеде мына тақырыптар бойынша ақпараттар берілді:

🔹бос жұмыс орындар ұсыну (тұрақты/маусымдық)

🔹 құқықтық көмек

🔹 мемлекттік және жергілікті жастар бағдарламаларына қатысу

🔹кәсіпкерлік жобаларға қаржы алу немесе жүзеге асыру

🔹 жеңілдетілген 2,5% несие алу

🔹 міндетті зейнет ақы қорын ашу немесе жинақталған қаржыны игеру және т.б.

📌Алдағы уақыттарда жәрмеңке өз жалғасын табады.

📌ӘРЕКЕТКЕ АСЫҒЫҢЫЗ!

0
0
241

Журналу Балдырған - 65 лет

В июле 1958 года вышел первый выпуск журнала «Балдырган» и в этом году ему исполняется шестьдесят пять лет. «Балдырган» заслуженно добавлен в золотой фонд детской литературы. Также журнал за эти годы стал настоящим другом юным читателям и заслуженно любим ими.

Для детей летнего школьного лагеря школы № 24 было проведено мероприятие «Балдырған және – 65 жыл». Детям в игровой форме были даны задания по разным станциям, задания в которых дети выполняли неукоснительно. Пели караоке, танцевали, читали понравившиеся стихи из журнала. В конце мероприятия ребята посмотрели казахскую народную сказку. #balademalys2023

0
0
552

Партия өкілдері Көгерістегі медициналық пункттің күрделі жөндеуімен танысты

Аудандық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Бұлдырты ауылдық округіне қарасты Көгеріс елді мекенінде болып, ауылдағы құрылыс нысандарын аралады. Мұнда қос құрылыс жұмыстары қатар қарқынды жүзеге асырылуда. Бірі – ауылды сумен жабдықтау болса, екіншісі – медициналық пункттің күрделі жөндеуі. Су құбырлары құрылысының жобалық сметалық құжаттамаларына сәйкес құны 180,676 млн теңге. Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша «LifeStroy Invest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып аңықталған. Мерзімі - 5 ай. Бақылау шарасы барысында су құбырының құрылысын қайта құру жұмыстарына қажетті материалдар жеткізілгенін. Қазіргі таңда жерді қазып, құбыр тарту жұмыстары жүргізілуде. Аудандық мәслихат…

0
0
290

Сырымның Өлеңтісінде фельдшерлік-акушерлік пункт ашылмақ

Аудандық мәслихат депутаттары мен партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аудан орталығына іргелес Өлеңті ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысымен танысты. Айта кету керек үстіміздегі маусым айында ФАП құрылыс басталған болатын. Қазір ғимараттың іргетасын салу жұмыстары жүруде. «Фирма ИСКОМ» ЖШС құрылысты күзге дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Қандай да бір күтпеген қиындықтар туындамаса, жұмысты тамыз айының соңында, мереке қарсаңында пайдалануға беруді жсопарлап отырмыз, - дейді мердігер Рафик Гусейноглы Мамедов.

0
0
277

Спорт нысанына партиялық бақылау

Аудандық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Өлеңті ауылында салынып бітуге жақындаған спорт алаңына партиялық бақылау жүргізді. Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Артур Искаковтың айтуынша, спорт алаңының ені 24 м, ұзындығы 44 м. Құрылысты жүргізіп жатқан мердігер – «Жайық Сити» ЖШС. Мамыр айының басында басталған спорт алаңы маусымның соңында аяқталады. Қазіргі таңда қоршау жұмыстары, бетон құймасын құю, резинкалы жабынын төсеу жұмыстары, сондай-ақ электр жарығын жүргізу жұмыстары аяқталды. Нысан аяқталу сатысында, маусым айының аяғында тұрғындардың игілігіне берілмек.

0
0
263

Жүлде қоры 1 жарым млн теңге. Алматыда жас ақындар мүшәйрасы өтті

Алматыда ҚР рәміздер күніне орай «Рәміздер -елдігімнің айғағы» атты республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қайдар Рауан бас жүлдені иеленсе, Ысқақ Ұлан I орынды, Айтбай Мөлдір мен Шеризатов Арман ІІ орынға ие болса, Ахан Сабыржан, Біржан Ақмер, Тұрсынбаева Бақыткүл III орынды қанжығалады. Сайыстың жалпы жүлде қоры 1 млн 500 000 теңге.

0
0
360

Депутаттары Теміртауда экология, энергетика және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті Теміртау қаласында кеңейтілген көшпелі отырыс өткізді. Жиын «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-дағы экологиялық, энергетикалық және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне арналды.Алдымен Мәжіліс депутаттары АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға барып, кәсіпорынның жекелеген объектілерінің жай-күйімен танысты.Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, Экология және табиғи ресурстар, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Төтенше жағдайлар министрліктерінің басшылары мен жергілікті және атқарушы органдардың, металлургия комбинатының, өңірдегі қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.Отырысты ашқан комитет төрағасы Еділ Жаңбыршин бұл тақырыптың кездейсоқ таңдалмағанын айтып, Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдау…

0
0
374

#Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!

#Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!Жыл сайын 1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіледі. Ақпараттық науқан мақсатында «Балалардың мүдделерін бірге қорғаймыз» атты кітап көрмесі дайындалды - оның негізгі мақсаты ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын қоса алғанда, балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне қоғамның назарын аудару, сондай-ақ осы салада құқықтық ақпарат беру болып табылады.#Нет!— Эксплуатации детского труда!В целях информационного сопровождения Национальной информационной кампании «12 дней борьбы против эксплуатации детского труда» подготовлена книжная выставка «Защитим интересы детей вместе»-основной целью которой является привлечение внимания общества, включая взрослых, дет…

1
0
430

Тасқұдықтықтарды қабылдады

Аудандық мәслихат депутаттары Шынар Дуйсенгалиева мен Айнагүл Ойшыбаева бүгін аудан орталығынан шалғайда орналасқан Тасқұдық ауылында болып, тұрғындарды қабылдады. Ауылдағы мәдениет үйі ғимаратында өткен сайлаушыларды қабылдауында депутаттар ауыл тұрғындарының тұрғын үй, тұрғын үйіне көгілдір отын тарту мәселесі жөніндегі шағымдары мен сауалдарын тыңдап, шешу жолдарын талқылады.

Фракция мүшесі азаматтарға ҚР қолданыстағы заңнамалары аясында кеңестер беріп, кейбір мәселелердің оңтайлы шешілуіне ықпал жасайтынын жеткізді.

#AMANAT

0
0
294