Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Қосшыда 13-тегі жасөспірім суға батып кетті

Қосшы қаласында 13 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті.Оқиға 7 маусымда болған. Жасөспірімдер жағажайға үлкендердің рұқсатынсыз барған."Жағажай аумағына барған жұмыс тобы 2010 жылы туған Қосшы қаласының тұрғыны суға батып кеткені анықтады. Мәйіт ТЖБ қызметкерлері келгенге дейін коммуналдық жағажайдың құтқарушы жасағының күшімен судан табылды. Ата-аналарға суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмауды, рұқсат етілген аймақтар мен су айдындарында ғана шомылу керек екенін ескертеміз", - деді Қосшы қаласы ТЖБ бастығы Асқар Жақыпов.Жалпы шомылу маусымы басталғалы 11 бала суға батып кеткен."Жыл басынан бері Қазақстанда 53 адам суға кетті. Оның 17-сі бала. Ал шомылу маусымы басталғалы 26 адам суға батып кеткен, оның 11-і бала", - дейді…

0
0
331

Атырауда суға батып кеткен ағайынды жасөспірімдердің бірінің денесі табылды

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, Жайық өзеніне батқан ағайынды екі жасөспірімді іздеу жұмыстарын 13 маусымнан бері жалғасып жатыр."13 маусым күні бір топ жасөспірім Атырау қаласының маңындағы Геолог елді мекені тұсында Жайық өзеніне шомылуға барған. Жасөспірімдер шомылуға тыйым салынған белгі орнатылған тұста суға түскен. Алайда 2007 және 2008 жылғы ағайынды жасөспірімдер Жайық өзеніне батып кеткен", -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.Жедел құтқару жасағының сүңгуір-құтқарушылары 13 маусымнан бері жалпы ауданы 400 шаршы метрден астам, 2 метрден 17 метрге дейінгі тереңдікте суасты сүңгу жұмыстарын жүргізген. Соның нәтижесінде 16 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 15:10-да бір жасөспірімнің денесі судан шығарылға…

0
0
349

Түркістан облысында 5 жасар қызды айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды

Түркістан облысы Жібек жолы ауылында 5 жасар қыздың жоғалып кеткені туралы полицияға анасы хабарлаған. Кейіннен бүлдіршіннің денесі ауыл тұрғындарының бірінің үйінен табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.Ведомствоның мәліметінше, 13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған."Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың денесін тапты", - делінген ведомство хабарламасында.Департамент мәлім еткендей, бұл факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.Күдікті Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды. Барлық жағдайлар анықталу…

0
0
253

Сарыағашта 5 жасар қызды өлтіріп кетті: Тоқаев тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыздың өлтірілгені жөніндегі қайғылы оқиға туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорда.Құқық қорғау органдары істі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталды.Қолда бар ақпарат бойынша, күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жөнінде үкім шығарылған.Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Тоқаев биыл шығарылған сот үкімінің заңдылығын қарастыру және адамға қатысты аса қауіпті қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту маңызды деп санайды.Президент баланың туыстары мен ж…

0
0
271

Бас прокуратура 5 жасар қыздың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

"13 шілдеде Түркістан облысының Сарыағаш ауданында зорлықпен өлтірілген қыздың мәйіті табылғаны белгілі. Сол күні полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотталған аудан тұрғыны Г. ұстады. Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деп жазылған хабарламада.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр."Күдікті Г. 2006 жылы адам өлтіргені үшін 10 жылға сотталғаны анықталды. 2023 жылдың мамырында Г. алкогольдік ішімдік ішу барысында ауылдасын балтамен ұрғаны үшін сотталған. Сот Г. жәбірленушімен татуласқанын және оның бұрынғы соттылығы өтелгенін ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілей отырып, 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасын…

0
0
308

Түркістан облысында азғынның қолынан қаза тапқан қыз жер қойнына тапсырылды

Түркістан облысында алаңсыз ойнап жүріп, азғынның қолына түскен қаршадай қыз жер қойнына тапсырылды, деп хабарлады Айдың-күннің аманында өсіріп отырған қызынан айырылған отбасынан кешелі бері тыныштық кеткен. Еркежанды анасы күндізгі бірден бастап іздегенін айтады."Кеше сағат 13:04-те шығып кеткен. Мен 13:10-да артынан іздеп шықтым. Сағат 21:00-ге дейін іздедім. Іздемеген жерім қалмады", – деді марқұмның анасы Индира Ерімбетова.Кейін бұл іздестіруге бүкіл ауыл кіріскен. Марқұмның әкесі бірден жақында түрмеден шыққан көршісінен күдіктеніпті. Алайда үйін қанша тінтігенімен мас күйінде жатқан жалғызбасты ер адамнан басқа ешкімді таппаған."Педофилдің үйіне өзім кіріп шықтым. Кірген кезде таба алмадым. Екінші рет ауыл балалары кіріп, олар да таба алмай шықты. Үшінші рет кіріп қарап, шығып бара…

0
0
468

Түркістандағы 5 жасар қыздың өлімі: күдікті мас күйінде бүлдіршінді үйіне алдап кіргізген

Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу соты 5 жасар қызды айуандықпен өлтіргені үшін ұсталған күдіктіні екі айға қамауға алуға шешім шығарды, деп хабарлайды Sputnik ҚазақстанТүркістан облыстық полиция департаменті ұсталған күдіктіні сот шешімі шыққанша қамауға алуды ұсынды. Себебі оған тағылған айыптар аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Бұған дейін аса ауыр және ауыр санаттағы қылмыстарды жасаған, ал бостандықта жүрсе, жәбірленуші мен куәларға қысым көрсетуі мүмкін. Тергеу соты күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алуға шешім шығарды.Сотта сол күні жасалған қылмыстың мән-жайы да жарияланды. 13 шілде күні сағат 13:30 шамасында күдікті мас күйінде келе жатып, үйінің алдында ойнап жүрген 2018 жылғы жас қызды көрген."Жыныстық нәпсі құмарлығын қанағаттандыру мақсатында жас балаға жақсы ән қ…

0
0
285

Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қайтыс болды

Түркістан облысында үш көлік соқтығысып, жол апатынан 9 адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Жантүршігерлік оқиға 17 шілдеде сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында болған."Облыстық маңызы бар "Екпінді-Созақ" тас жолы бойында "Nissan", "Toyota Camry" және "Volkswagen Grafter" маркалы үш автокөлік соқтығысқан. Көліктер өртенген. Салдарынан 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. 2 адам медицина көмегінен бас тартты", - делінген ведомство хабарламасында.Алдын ала мәліметтер бойынша "Nissan" автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен. Оқиға орнына Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығының өзі барған.Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы бойынша Бәйдібек аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр."Бұл факт бойынша Қылмыстық кодек…

0
0
236

Шымкентте еңбек демалысында жүрген полиция басқармасының бастығы ұсталды

Шымкент қаласында пара алды деген күдікпен көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін ұлттық қауіпсіздік комитеті мен қалалық полицияның өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері еңбек демалысында жүрген көші-қон полициясы басқармасының бастығын ұстады.

"Ол 1000 доллар көлемінде ақшалай сыйақы алды деген күдікке ілінді. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, былтыр Павлодарда көші-қон полициясы басқармасы бөлім бастығының орынбасары Өзбекстан азаматынан пара алғаны үшін үш жылға сотталған болатын.

0
0
244

Батыс Қазақстанда жол апатынан педагогтар қайтыс болды: жүргізуші қамауға алынды

Батыс Қазақстан облысындағы жантүршігерлік жол апатынан кейін жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Lada Largus жүргізушісі DAF жүк көлігіне соғылған болатын. Жеңіл автокөлікті 27 жастағы жүргізуші басқарған. Жол апаты салдарынан Lada Largus көлігіндегі үш жолаушы оқиға орнында, ал біреуі ауруханада қайтыс болды."Lada Largus жүргізушісі сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша "Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.Ал жол апатынан аман қалған мұғалімдер бүгінде ауруханадан шығарылған.Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 1 маусымда Самара — Шымкент тасжолында болды. Қайтыс болған ма…

0
0
366