"Шеврон" IT саласының дамуына үлес қосуда
Күні кеше Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы политехникалық зерттеу университетінде еліміздегі ең ірі IT-инкубатор – nFactorial School «Шеврон» компаниясымен серіктесе отырып, отандық жас таланттардың 10 апта ішінде 100-ден астам бірегей веб-қосымша жасап шығарған Demo Day – жазғы бағдарламалау нәтижесін салтанатты түрде атап өтті.Бағдарламаның мақсаты – IT қызметтерін экспорттау және Қазақстанда жасалған бағдарламалық жасақтаманы сату арқылы ел экономикасына 1 миллиард АҚШ долларын әкелетін 10 000 кәсіби әзірлеушіні даярлау. Demo Day бағдарламасын жүзеге асыру барысында қазылар алқасы қазақстандық және халықаралық техникалық университеттер мен мектептердің дарынды жігіттері мен қыздары әзірлеген 23 үздік веб-қосымшаны ұсынады.Салтанатты жиында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100-ге жуық ба…








