Жаңа республикалық телебайқау – «Жігіт сұлтаны»
13 сәуір күні, сағат 22.20-да «Хабар» арнасында жаңа республикалық көлемде өтетін «Жігіт сұлтаны» республикалық телебайқауы басталады. Жоба ерекшелігі, байқаудың аты айтып тұрғандай, мұнда тек ер жігіттер қатысады. Бағдарлама қатысушыларына қойылған басты талаптар: жасы 18 бен 29 аралығында, бойының ұзындығы 170 см-ден кем емес, қазақ тілінде еркін сөйлей алатын, қазақ дәстүрі мен тарихынан сусындағын, өнерлі әрі спортпен шыныққан азамат болу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі таңда елімізде нәзік жандылар қатысатын көптеген байқаулар бар: «Қазақ аруы», «Мисс Қазақстан», «Қазақстан топ-моделі», «Қазақ ханшайымы» және т.б. Бірақ ер жігіттерге ғана арналған байқаулар біздің елде әзірге болмай тұр. Осыдан 20 жыл бұрын, 1993 жылы алғаш және соңғы рет сондай байқау өткен еді. Ол дода барша…
