«31 арна» қазақтың біртуар ақыны Қасым Аманжоловты еске алуға арналған үш сағаттық фильм-концерт ұсынады
Дауылпаз ақын Қасым Аманжолұлы өмірден ерте кеткенімен, болашақ ұрпаққа жалынды жырлары мен әуезді әндерін мұра етіп қалдырды. Бар болғаны 44 жыл ғұмырында қазақ поязиясының туын көтеріп, бейбіт өмірді, қан майданды, туған жер мен ата-ананы, достық пен махаббатты, көңіл-күй мен табиғатты биік парасаттылықпен, шынайы сезіммен, зор тебіреніспен жырлады. Ақынның шығармалары романтика мен лиризмге толы, қайталанбас патроитизммен өрілген, олардан өмірге деген құштарлық есіп тұрады, олар әр қазақтың жанына етене жақын. Қасым Аманжолов 1911 жылы дүниеге келген. 23 жасынан бастап журналистика саласында қызмет жолын бастаған, алғашқы жырлары да сол кездерде жарыққа шықты. Ол құрған театр студиясы кейіннен облыстық театр деңгейіне көтеріледі. 30 жасында, шығармашылығының шарықтау кезінде соғыс баст…



