Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Танымал түрік актері және моделі Бурак Озчивит алғаш рет Қазақстанда болды

Танымал түрік актері, бұрынғы модель Бурак Озчивит Алматы мен Астана қалаларында болып қайтты. Бұл оның Қазақстанға алғаш рет келуі. Сонымен қатар «Махаббатым саған ұқсайды» фильмінде алғаш рет продюсер қырынан танылып отыр. Ол біздің елге дәл осы фильмнің түсау кесерін өткізу үшін арнайы келіп отыр.

«Сұлтан Сүлейман» телехикаясында Малкочоглу Бали Бей рөлін сомдағаннан кейін Озчивит қазақстандық көрермендердің сүйікті кейіпкеріне айналды. Оның айтуынша, алдағы уақытта телехикаяның жалғасы түсірілуі әбден мүмкін. Егерде қазақстандық режиссерлардан киноға түсу немесе  Қазақстан-Түркия бірлесіп кино түсіру туралы ұсыныс түсіп жатса, ол жобаға қатысуға әбден дайын екенін де жасырмады. Алғаш рет Бурак киноға 19 жасында түскен. Бос уақытында футбол ойнап, әңгіме жазуды серік етеді.

23 мамыр күні Бурак Озчивит «Қазақстан» телеарнасының түсірілім алаңына келіп, «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» танымал түнгі шоудың қадірменді қонағы болды. Ол Нұрланның бірнеше сұрақтарына жауап беріп, қазақтың ұлттық тағамы құртты жарнамалап, баскетбол ойнады. Осы және басқа да қызықты жайттар жайлы актердің қатысуымен өткен бағдарлама «Қазақстан» телеарнасының эфирінде 26 мамыр күні сағат 23.30-да шығады. Жіберіп алмаңыздар!

Бурак – танымал актер, бұдан бұрын модель болған. 2005 жылы түріктің ұлттық «Best Model Of Turkey» атты сұлулық сайысының жеңімпазы атанып, ерлер арасындағы «Best Model Of The World» сайысында жүлделі екінші орынды иеленеді. Шығармашылық жолының басында Бурак Еуропаның танымал брендтерін жарнамалады. 2014 жылы Стамбул қаласында өзінің «Balibey Döner» атты жеке мейрамханасын ашты.

 

4
0
522

Осы тақырып бойынша

Танымал түрік актері және моделі Бурак Озчивит алғаш рет Қазақстанда болды - Yvision.kz