Джон Рокфеллер қандай қағида ұстанған?
Әлемнің ең бай миллиардері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. «Бүгін үнемдеген 1 долларың бір айдан соң өзіңе 5 доллар әкеледі»,-деген қатаң қағидамен 98 жыл өмір сүрген әлемнің ең бай миллиардері Джон Рокфеллерді білмейтін жан жоқ шығар. Ол – «Forbes» журналының жұлдызы, қоржынында 30 миллиард доллары ғана емес, қосымша 9 құрылыс компаниясы, 9 банкі, 1000 га ауылшаруашылық округі және Американың барлық 95 пайыз мұнай өнеркәсібіне иелік етеді. Бала кезінен түрлі тәтті мен ойыншықтан гөрі, ақшаға деген құмарлығы ерекше байқалыпты. Мысалы, небәрі жеті жасында әпкелеріне дүкен бағасынан екі есе қымбатқа кәмпит сатып, жабайы күркетауықтарды фермерлерге өткізіп, тапқан тиын-тебенін балмұздаққа жұмсамай, жинай білген. Арасында әкесіне де пайыздық мөлшермен ақша беріп тұрыпты. Джонның әкес…



