Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын бақылау керек пе?

Бүгін 13:10-да «Алаң» ток-шоуын көріңіз. Қазақстан Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап-ақ азаматтық қоғамның үкіметтік емес ұйымдар деп аталатын құрылымына ерекше көңіл бөлінуіне бастады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, үкіметтік емес ұйымдардың даму деңгейі азаматтық қоғамның қаншалықты өсіп-өнгенін және елдегі демократиялық үдерістердің даму дәрежесін айқындап береді. Үкіметтік емес ұйымдардың біздің қоғамдағы алатын орны ерекше болуы тиіс. Бұл құрылымды мемлекеттен бөліп қарауға болмайды. Оның да бүкіл қызметі мемлекеттік, халықтық мүдделермен қабысып жатады. Елдегі бірқатар үкіметтік емес ұйымдар қызметінің нәтижесі қандай? Одан қазақ қоғамына келер пайда қайсы? Жалпы, мұндай ұйымдардың қызметіне бақылау жүргізу мүмкін бе? Бұл сауалдарға жауапты бүгін 13:10-да «Алаң» ток-шоуынан…

0
0
230

«Өнер шежіресі». Кәміл Моллашев

Суретшінің шығармашылығы туралы толығырақ бүгін 12:30-да біле аласыздар.

Кескіндеме, кескіндеу өнері (живопись) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Кескіндеме заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкені үндестіре бейнелейтін көркемдік және танымдық қуатымен ерекшеленеді. Кескіндеменің пайдаланатын құралы - сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңдерімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарының айқын да шынайы көріністері жасалады. Суретші шеберлігінің көрінер жері де осында. Тақырып аясы кең, көп жанрлы кескіндеме өнерімен айналысатын суретшілердің бірі Кәміл Моллашев.

Суретшінің шығармашылығы туралы толығырақ бүгін 12:30-да «Өнер шежіресі» хабарынан көре аласыздар.

0
0
291

«KAZsport» телеарнасы «ХИК» – «Астана» матчын тікелей эфирде көрсетеді

29 шілдеде Финляндияда Чемпиондар Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясында жергілікті «ХИК» клубы елордалық «Астана» командасын қабылдайды. Ойынды «KAZsport» телеарнасы сағат 21:50-де тікелей эфирде көрсетеді.  
0
0
241

Тағдыр тәлкегі

Жақындарынан алшақтап кеткен жандар бүгін «Әйел бақытында» қонақта.

Қоғамда тағдырдың жазуымен бір-бірінен көз жазып қалған жандар баршылық. Бірақ, «Тау мен тау кездеспейді, адам мен адам кездеседі», деген. Күндердің күнінде олардың да бір-бірімен кездесуі әбден мүмкін. Бүгін «Әйел бақыты» ток-шоуында жақындарын жоғалтып алған жандар мен жиырма жыл қызын көрмей, жуырда ғана қауышқан ана қонақта.

Аталмыш оқиғалардың желісі, бейнематериалмен толықтырылып отырады. 15:00-де Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
865

Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан Ұлттық құрамасының күнтізбесі белгілі болды

Қазақстан құрамасы алғашқы ойынды 2016 жылдың 4-қыркүйегінде Польша құрамасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚФФ.

4 қыркүйек, 2016 жыл. Қазақстан – Польша

8 қазан, 2016 жыл. Черногория – Қазақстан

11 қазан. 2016 жыл. Қазақстан – Румыния

11 қараша, 2016 жыл. Дания – Қазақстан

26 наурыз, 2017 жыл. Армения – Қазақстан

10 маусым 2017 жыл. Қазақстан – Дания

1 қыркүйек, 2017 жыл. Қазақстан – Черногория

4 қыркүйек, 2017 жыл. Польша – Қазақстан

5 қазан, 2017 жыл.  Румыния – Қазақстан

8 қазан, 2017 жыл. Қазақстан – Армения

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы Армения, Черногория, Польша және Дания құрамаларымен осы уақытқа дейін кездескен. Ал, Румыния футболшыларымен алғаш рет ойнамақ.

0
0
275

Бүгін Алматыда ІОІ-2015 Халықаралық олимпиадасы ашылады

ІОІ-2015 International olympiad in informatics - 1989 жылдан бастап ЮНЕСКО аясында өткізілетін оқушылар арасындағы ең беделді зияткерлік сайыс. Бүгін сағат 15:00-де Алматы қаласындағы О.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында информатика пәнінен оқушылар арасындағы XXVII Халықаралық олимпиадасының (ІОІ-2015 International olympiad in informatics) ашылу салтанаты өтеді. Шараға әлемнің 80 елінен 630-дан астам бала қатысады, деп күтілуде. 2 тамызға дейін жалғасатын сайыс әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында өтеді. ІОІ-2015 Халықаралық олимпиадасында Қазақстан намысын Данияр Маминов, Мейрамбек Өмірзақ, Бекжан Бекболатұлы және Алтыбай Назарбектер қорғайды. Айта кетейік, ІОІ-2015 International olympiad in informatics - 1989 жылдан бастап ЮНЕСКО аясында өткізілетін оқушылар…

0
0
183

Геннадий Головкин канадалық боксшы Давид Лемьемен жұдырықтасады

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 17 қазан күні канадалық Давид Лемьеге қарсы жекпе-жекке шығады.

Кездесу 2015 жылдың 17 қазанында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді. Канадалық  боксшы Давид Лемье осыған дейін 36 кездесу өткізіп, оның 34 жеңіске жетсе, 31 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Ал, екі кездесуінде жеңіліп қалған. Ол соңғы кездесуін биыл 20 маусымда франциялық боксшы Хассан Н Дам Н Жикамға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін биыл 17 мамыр күні америкалық кіші Вилли-Монромен өткізіп, 6 раундта нокаутпен ұтқан.

0
0
659

Бейбіт Шүменов WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанды

Бокс кеші Лас-Вегаста өтті.

АҚШ-та Лас-Вегастағы шаршы алаңда бірінші ауыр салмақта 31 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері, жартылай ауыр салмақтағы экс-чемпион Бейбіт Шүменов 36 жастағы американдық-мексикалық кәсіби боксшы Би Джей Флореспен жұдырықтасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. WBA нұсқасы бойынша уақытша Әлем чемпионы титулын алу үшін болған жекпе-жектің 12 раундынан соң күші басым боксшы анықталып, оның нәтижесі бойынша төрешілер қазақстандық боксшыны жеңімпаз деп таныды.

0
0
246

«Бөрілі байрақ» айтысын көріңіз

Астана күніне орай ұйымдастырылған айтысты бүгін 11:50-де көріңіз. Шілде айының басында Астана күніне орай «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер өркениеті дәстүрлі фестивалі аясында «Бөрілі байрақ» атты республикалық ақындар айтысы өткен болатын. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырған айтыс екі күнге созылды. Бірлікті, қоғамдық келісім мен ынтымақты дәріптеуге, байрақты тарихымыз бен ежелгі хандықтардан мирас болған саяси сабақтастықты жырлауға арналған айтыста Серікзат Дүйсенғазы (Астана), Айбек Қалиев (Арқалық), Бауыржан Халиолла (Орал), Жарқынбек Наушабеков (ОҚО), Ринат Зайытов (Алматы), Иран­ Ғайып Күзембаев (Астана), Зура Шәйдімұратқызы (Алматы) сынды ақындар өнер көрсетті. Сондай-ақ, сөз додасына Қалижан Білдәшев (Шымкент), Ботагөз Мұхиденқызы…

0
0
417

Ұлттық арнада – «Сын сағат» драмасы

Оңтүстіккореялық фильмде басты рөлдерді Юн Ын Хе, Пак Хань Пёль, Чха Йе Рён сомдайды.

Елдің маңдайалды университетінің актерлік бөлімінде оқитын төрт студент қыз болашақта жарқын өмір сүретіндеріне кәміл сенетін. Әзірше олар түнгі клубтарға барып, өздері құралпы жастармен танысып уақыт өткізеді. Бірақ, өмірде бәрі олар ойлағандай оңай емес. Қателіктер мен өкінінішті сәттер де болады екен. Араларындағы бір бойжеткен үлкен жобаға ілініп, түсірілімге қатысатын сәтте олардың достығына қатер төнеді.

Ол бұл сынақтан қалай өтпек? Режиссер Ин-му Хеоның туындысын бүгін Ұлттық арнадан сағат  15:15-те көріңіз.

0
0
967