Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Шебер мың жарымға жуық музыкалық аспапты сақтап отыр

Шебер Азамат Бейсенәліұлы 1500-ге жуық музыкалық аспапты жинап, сақтап отыр.

Азамат Бейсенәліұлы – ұлттық аспаптың сан түрінде ойнайтын әмбебап музыкант. «Ұлыстың Ұлы күні» Наурыз-марафонында қонақтарға ұлттық аспаптардың атауын жасырып, жеңімпаздарға кәдесый тарту етті.

0
0
257

Елімізде полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Фото: Sputnik

Наурыз мейрамын тойлау кезінде еліміздің тәртіп сақшылары қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті. Республика бойынша 22 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қызметке кірісті. Сонымен қатар жедел басқару орталықтарының бейнебақылау жүйесі арқылы мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарда бақылау күшейтілді. Жалпы ІІМ қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуде.

https://t.me/POLICE_of_KZ

0
0
273

Интернет арқылы жезөкшелік ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Бүгін Мәжілісте адам саудасына қатысты заң жобасы талқыланып жатыр.Заң жобасына жезөкшелік түсінігі, яғни, сексуалдық сипаттағы ақылы қызметтерді көрсету, оның ішінде жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер арқылы басқа адамның жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен телекоммуникация және Интернет желісі арқылы көрсету енгізілген. «Жезөкшелік» анықтамасының ұсынылып отырған редакциясы жезөкшеліктің мұндай түрлерін, оның ішінде кәмелетке толмағандарды оған заңсыз тартумен айналысатындарды және болашақта ұйымдастырушыларды ҚР ҚК 134, 308, 309-баптары және ҚР ҚК мен 450 ӘҚБтК бойынша жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.Ішкі істер министрі Ерлан Сәденовтің айтуынша, заң жобасында 2 ілеспе құжат бар. Оның біріншісі - «Бірқатар заңнамалық актілерге өзге…

0
0
289

Көкшетауда мүгедектерге арналған 2000-нан астам зат қайтыс болғандарға берілген

Көкшетау қаласының прокуратурасы мүгедек адамдардың құқықтарын қорғады.

undefined

Фото: arasha.kz

Прокурорлар мүгедек адамдарды техникалық көмекші құралдармен және түрлі қызметтермен қамтамасыз ету кезінде заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді.

Талдау арқылы қайтыс болған адамдарға 2 млн теңгеге 2000-нан астам гигиеналық құралдар, мүгедек арбалары  және басқа да жеке құралдар берілгені анықталды (балалары қабылдаған).

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша арнайы қаражат мемлекет меншігіне қайтарылып, кейіннен мұқтаж мүгедектерге бөлінді.

Ақмола облысының прокуратурасы

0
0
255

Бүгін - Ұлттық спорт күні

Бүгін 20 наурызда Наурызнама аясында ұлттық спорт күні аталып өтеді.Коллаж: egemen.kz-Қазақтың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады.Ат спортының түрлері -аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс,байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс,ат жегу - тез арада атты дайындау,ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару,аударыспақ - ат үстінде алысу,жорға жарыс - жорғалар сыны,құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы,қыз қуу,көкпар - командалық ойын,жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу,күміс ілу - жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету,сайыс - ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу;Ақыл-ой ойындары -шатрантаж (шахматтың бір түрі),шатраш…

0
0
324

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптаған полицейлер сотталды

Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандарға азаптау қолданған полиция қызметкерлері сотталды.2024 жылғы 19 наурызда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында «қаңтар» оқиғасы кезінде азаптау қолдану фактісі бойынша үш полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды (ҚК-нің 146-бабы).Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеді.Прокурорлар 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасында жеткізілген 3 азаматқа қатысты кінәлі полицейлер азаптау қолданғанын дәлелдеді.Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде үш жәбірленушілерге тән азаптары келтірілген.Соттың үкімімен үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, аталған адамдар сот залында қамауға алынды.Үкім заңды күшіне е…

0
0
286

Қаржы министрі Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысын қолдамай қойды

Бүгін Қаржы министрі Мәди Такиев Қаржы министрлігінің құрамында қанды бар сусындарға салық енгізуді қолдамайтынын айтты.

Фото: egemen.kz-

Ол бұны нақты бір мөлшер жоқтығымен түсіндірді.

«Әр сусында қант мөлшері әр түрлі. 100 граммда шамамен 12 қасық, кейбірінде шамамен 5, кейбірінде шамамен 8 қасық. Мұның нақтысын қалай анықтаймыз? Сондықтан бұл іске біз кіріспедік», – деді Такиев.

Айта кетейік, құрамында қанты бар сусындарға салық енгізуді Денсаулық сақтау министрлігі өткен айда айтқан болатын.

0
0
332

Алматыда 960 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банкке қайтарып берді.

Қала прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде «Capital Bank Kazakhstan» АҚ мен «AsiaCreditBank» АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері болып табылатын борышкердің (Ш. жауап берушінің) активтері шығарылғанын анықтады.

Жауап берушінің қарызы 15 млрд-тан астам теңгені құрады.

Прокуратура ҚР Ұлттық Банкінің мүддесіне, «Ш» жауап берушінің жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді.

Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімімен Алматы қаласы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот алқасының қаулысымен сот актісі өз күшінде қалдырылды.

0
0
231

Республикалық жолдың сиқы осы ма?

Ақтөбеде қар суы республикалық жолдан асып аққан.Ақтөбеде Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз республикалық маңызы бар тасжолдың Ұлпан ауылы маңындағы 1 шақырым бөлігіне қар суы жайылды. Су жолдың бетімен өтті.Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолдан өткен су биіктігі 10-20 см жеткен. Жолдың жан-жағын бекіту үшін 700 құм толы қаптан қоршау жасалып, 200 тонна құм төселді."Оқиға орнына аудан әкімі Жанболат Жидеханов арнайы барды. Жағдай аудан басшының тікелей бақылауында. Бүгінгі күні ауданда жедел штаб өз жұмысын бастады. Байланыс нөмірлері: 8 (71335) 23-7-73 және 112. Қазіргі таңда аталған аумақта жағдай қалыпты. Автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылған жоқ. Құзырлы мекемелер тарапынан жол бойында кезекшілік ұйымдастырылды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызм…

0
0
256

Республикалық жолдың сиқы осы ма?

Ақтөбеде қар суы республикалық жолдан асып аққан.Ақтөбеде Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз республикалық маңызы бар тасжолдың Ұлпан ауылы маңындағы 1 шақырым бөлігіне қар суы жайылды. Су жолдың бетімен өтті.Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолдан өткен су биіктігі 10-20 см жеткен. Жолдың жан-жағын бекіту үшін 700 құм толы қаптан қоршау жасалып, 200 тонна құм төселді."Оқиға орнына аудан әкімі Жанболат Жидеханов арнайы барды. Жағдай аудан басшының тікелей бақылауында. Бүгінгі күні ауданда жедел штаб өз жұмысын бастады. Байланыс нөмірлері: 8 (71335) 23-7-73 және 112. Қазіргі таңда аталған аумақта жағдай қалыпты. Автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылған жоқ. Құзырлы мекемелер тарапынан жол бойында кезекшілік ұйымдастырылды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызм…

0
0
304