Алматыда «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі»: атты халықаралық конференция өтті
Алматы қаласындағы Достық үйінде Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» атты Қазақстан-Ресей конференциясы өтті.Конференция жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Абзал Нүкенов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы Президентінің шет елдермен аймақаралық және мәдени байланыстар жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Антон Рыбаков, Ресей Федерациясының Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігі басшысы Григорий Гуров, екі елдің ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ белсенді жастар қатысты.Конференция мерейтойлық датаға арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-шараларының бастауы болды.Жиында Аида Балаева қатысушыларды келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, Мемлекет…
