Алматыда "Малай" фильмінің ауқымды премьерасы өтті
Кеше Алматыдағы Halyk IMAX Kinopark 16 кинотеатрында "Малай" атты жаңа отбасылық комедияның ауқымды премьерасы өтті. Іс-шараға 800-ден астам қонақ шақырылды, олардың арасында танымал киногерлер, блогерлер мен журналистер болды. Қонақтарды ұлттық киімдегі қыздар қарсы алып, залда халық аспаптар оркестрі ойнады, ал фильмнің көрсетілімі алты залда ұйымдастырылды. Қатысушылар атап өткендей, бұл Қазақстандағы ең ірі кино тұсаукесерлердің бірі болды.Алдағы Наурыз мерекесінің басты фильміне айналатын «Малай» атты жаңа отбасылық комедия отандық кинотеатрлардан 13 наурыздан бастап көрсетіледі. Бұл «Холоп» атты табысты халықаралық франшизаның ресми адаптациясы – 2019 жылы шыққан алғашқы фильм ресейлік прокаттың өзінде 62 миллион доллардан астам пайда тапқан, ал туындыны бейімдеу құқығы көптеген елд…
