Мазмұнға өту
QazAgym
QazAgym

QazAgym

599 жазбалар50 тіркелуші

Әр қазағым — жалғызым!

Даниэль Джеймс: Менің ана тілім – қазақ тілі

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV-сессиясының қатысушысы, Африка мәдени орталығының төрағасы Даниэль Джеймс еліміздегі көпұлтты қоғам туралы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Даниэль Джеймстің айтуынша, қазақ мәдениеті мен мемлекеттік тілге деген құрмет өзге этностарды біріктіреді. Нигериядан шыққан Даниэль Алматыда өскен. Ол қазақ тілінде еркін сөйлейді.Ағылшын тілін білемін, бірақ менің ана тілім – қазақ тілі, – дейді Даниэль Джеймс.Қазақстанды өзінің туған үйіндей көретінін айтқан Даниэль еліміздің қонақжайлығына тәнті. Оның айтуынша, шетелдіктер үшін Қазақстанда өздерін жайлы сезінуге барлық жағдай жасалған.Мұндағы адамдардың ашық-жарқын мінезі мен мейірімділігі мені әрдайым қуантады. Көшеде келе жатқанда кейде адамдар менімен суретке түсуді сұра…

0
0
166

Қазақстанда тұңғыш рет күштік құрылымдар FPV-дрон операторлары арасында “Millitary Drone Race” турнирі өтті

Сайыста ҚР Мемлекеттік күзет қызметі командасы жеңімпаз атанды, екінші орында ҚР ҰҚК “А” арнайы жасағы командасы, ал Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты командасы үшінші орынға ие болды.

0
0
222

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Алматы әкімі Мемлекет басшысының атынан ҚХА өкілдеріне мерейтойлық медальдар табыстады

Алматыда жаңа Достық үйі салынадыБиыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр — бұл қоғамдық институт Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған. Дәл осы Алматыда Ассамблеяны құру туралы шешім қабылданып, қазақстандық ұлтаралық келісім үлгісінің негізгі қағидаттары қалыптастырылды.Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған кеңейтілген отырыс өтті. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медальды этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне, мәслихат депутаттарына және Ассамблея ардагерлеріне табыс етті. Олар еліміздегі этносаралық келісімді дамытуға айтарлықтай үлес қосқан.«Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жома…

0
0
210

Астанада 2025 жылдың  16–17 сәуір күндері II Орталық Азия медиафорумы өтеді

Форумда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Катар, Ресей және басқа да елдердің медиа саласының жетекшілері мен сарапшылары бас қосады.Екі күн бойы өтетін панельдік сессияларда Орталық Азия мемлекеттерінің БАҚ-тары үшін жаңа даму мүмкіндіктері мен ынтымақтастық мәселелері, жаһандық медианың дамуы, болашақтың ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, жасанды интеллект пен көп деректер кезеңіндегі медианың цифрлық трансформациясы, сондай-ақ ел имиджін қалыптастырудағы әлеуметтік желілердің рөлі талқыланады.Медиафорумға 500-ден астам қатысушы (отандық және шетелдік БАҚ басшылары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың баспасөз қызметі өкілдері, ЖОО студенттері, инфлюенсерлер, медиа сарапшылар және т.б.) келеді. Оларға арнап  Euronew…

0
0
151

«Самұрық-Қазына» қорының үшінші креативті хабы Оралда ашылды

Жобаға компаниялар тобының қайырымдылық операторы - «Samruk-Kazyna Trust» қоры 211 миллион теңге бөлді. Бұл қаржы ғимараттың дизайнына, кеңістікті заманауи жиһазбен және жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықтауға жұмсалды. Нәтижесінде «OzgeEpic Oral» хабында театр және көрме залдары, музыкалық, анимациялық дыбыс жазу студиялары, коворкинг алаңдары мен білім беру аймақтары пайда болды. Мұнда шеберлік сабақтары, көрмелер мен мәдени іс-шаралар тұрақты түрде өтіп, жаңа жобалар жүзеге асырылады. «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен осыған дейін креативті орталықтар Ақтөбе мен Петропавлда ашылды. Соңғы төрт жылда «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобы атынан БҚО-да 1,5 млрд теңге болатын 16 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Атап өтейік, креативті хаб …

0
0
136

Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов үш жасар Дінмұхаммед Жұмажанмен және оның ата-анасымен жүздесті. Бүлдіршіннің қаладағы Атырау ықшамауданындағы Ораза айт тойланған орынды жинастырып жүрген видеосы әлеуметтік желіде кең тараған еді, - дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.Серік Шәпкенов Дінмұхаммедтің тәрбиесі мен қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігіне риза болып, рақметін айтты. Ол сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Айбек Дәдебайдың Мемлекет басшысы атынан жолданған хатын табыстады.— Кейде көп сөздің орнына бір ғана істің өзі жетіп жатады. Дінмұхаммед кішкентай ғана ойын баласы болса да, оның әрекеті көпке ой салды. Әлбетте, ол мұны бөгде біреуден көріп емес, өзінің отбасында тазалық пен тәртіптің мәнін түсініп өсіп келе жатқандықтан жасады. Бұл — тек тәрбиенің емес, нағыз от…

0
0
187

Екі мыңға жуық азамат жеңілдетілген ипотека алуға өтініш берді

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүзеге асырылып жатқан жұмыс істейтін жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасының алғашқы кезеңі аяқталуға жақын. Биыл жалға берілген пәтерлерде тұрып жатқан 2 000-нан астам жастың бес жылдық жалдау мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz.Екі мыңға жуық азамат жеңілдетілген ипотека алуға өтініш бердіБағдарлама жастар үшін үлкен мүмкіндікке айналды: олар төмен бағамен пәтер жалдап, осы уақыт ішінде өз баспанасына бастапқы жарна жинай алады.Әсіресе әлеуметтік осал санаттағы жастарға қолдау көрсету мақсатында, өңірлік деңгейде жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар аясында арнайы квота бөлінді.«Отбасы банк» арқылы ұсынылатын жеңілдетілген несие шарттары төмендегідей:Бастапқы жарна: 10%Жылдық мөлшерлеме: 5%Ең жоғары сома: 20 млн теңгеге дейінНесиеле…

0
0
157

«AMANAT» партиясы Жеңістің 80 жылдығына орай ескерткіштерді абаттандыру бойынша ауқымды акция бастады

2025 жылы бүкіл әлем Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтпек. Әкелеріміз, аталарымыз бен ардақты бабаларымыз майданда жауға қарсы жан аямай шайқасып, тылда тынымсыз еңбек етіп, болашақ ұрпаққа бейбіт өмір мен азаттық сыйлады. «AMANAT» партиясы бұл ерлікті есте сақтау – қасиетті борыш деп санайды. Осы орайда партия мүшелері соғыс қаһармандарына арналған ескерткіштерді, мемориалдық кешендерді қалпына келтіру және абаттандыру бойынша ауқымды акция бастады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи жадымызды сақтау мен ата-баба ерлігіне құрмет көрсету мәселесін үнемі назарда ұстап келеді. Президенттің айтуынша, Жеңіс күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінен ерекше орын алатын мереке. Өйткені бұл соғыс барлық отбасының тарихында өз ізін қалдырғаны анық.Биыл сондай-ақ қазақтың үш бі…

0
0
269

Соғыс жылдарында Қазақстан кинематография орталығына айналды

Соғыс жылдарында республикада кинематография саласы айтарлықтай дамыды. Алматы киностудиясы мен эвакуацияланған «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудияларының негізінде кейіннен «Қазақфильм» атанған шығармашылық орталық құрылып, 30 фильм түсірілді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтардың бірлігі» атты конференцияда айтты.Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Абзал Нүкенов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы Президентінің шет елдермен аймақаралық және мәдени байланыстар жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Антон Рыбаков, Ресей Федерациясының Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігі басшысы Григорий Гуров, екі елдің ғалымдары мен…

0
0
218

Алматыда «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі»: атты халықаралық конференция өтті

Алматы қаласындағы Достық үйінде Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» атты Қазақстан-Ресей конференциясы өтті.Конференция жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Абзал Нүкенов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы Президентінің шет елдермен аймақаралық және мәдени байланыстар жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Антон Рыбаков, Ресей Федерациясының Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігі басшысы Григорий Гуров, екі елдің ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ белсенді жастар қатысты.Конференция мерейтойлық датаға арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-шараларының бастауы болды.Жиында Аида Балаева қатысушыларды келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, Мемлекет…

0
0
112