Мазмұнға өту
QazAgym
QazAgym

QazAgym

600 жазбалар50 тіркелуші

Әр қазағым — жалғызым!

2025 жылғы I тоқсандағы жалақы

2025 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 300 307 теңгені құрады. Ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы атаулы жалақының орташа мәні 2025 жылғы I тоқсанда 423 133 теңге болды, бұл былтырғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 10,7% артық.

2024 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғар өсімі ақпарат және байланыс – 31,3%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 17,3%, өнер, ойын-сауық және демалыс – 16,1% салаларында байқалды. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 6,2%, білім беруде орташа айлық жалақы көлемі 6,1% өсті.

0
0
322

Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің бірінші отырысы өтеді

2025 жылғы 12 мамырда Астана қаласында Халықаралық волонтерлер жылына дайындық және өткізу бойынша Ұлттық ұйымдастыру комитетінің алғашқы отырысы өтеді.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды Тұрақты даму мақсаттарындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялаған болатын.Аталған іс-шара барысында волонтерлік қозғалысты дамыту мен азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған негізгі бағыттар, бастамалар мен жоспарланған іс-шаралар талқыланатын болады.Отырысқа БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойлы Құрбанов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және волонтерлік бірлестіктердің өкілдері қатысады.Бүгінде Қазақстанда волонтерлік қызмет қарқынды дамып, түрлі салаларды қ…

0
0
220

ҰОС ардагерлеріне Жеңіс күніне біржолғы материалдық көмек түрінде 545 млн теңге төленді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты. Биыл Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне 109 ардагерге жалпы сомасы 545 млн теңгеге біржолғы материалдық көмек төленді. ҰОС-да Жеңіске үлес қосқан өзге де санаттардағы азаматтарға да 50-ден 200 мың теңгеге дейінгі мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетілді.Вице-министр биылғы 8 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) 105 ардагері, сондай-ақ ҰОС Жеңісіне үлес қосқан 40 707 азамат тұратынын айтты. Олардың ішінде: Қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 64 адам; концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 129 адам; ҰОС кезінде алған…

0
0
172

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «БҰҰ моделі – Жаңа Жібек жолы – 2025» халықаралық жастар конференциясы өтті

2025 жылғы 2 мамырда Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған «БҰҰ моделі – Жаңа Жібек жолы – 2025» халықаралық жастар конференциясы өтті.Іс-шараны Алматыдағы БҰҰ Ақпараттық бюросы мен Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың қолдауымен университет ұйымдастырды. Конференцияға Орталық Азия елдері мен Қытайдан келген 200-ге жуық студенттер мен жас делегаттар қатысты. Шара университеттің ірі мәдени-ағартушылық орталықтарының бірі – әл-Фараби кітапханасында офлайн форматта өтті.Конференция барысында қатысушылар БҰҰ-ның бес негізгі комитетінің жұмысына модельдік форматта қатысып, БҰҰ-ның Болашақ саммитінің құжаттарында көрініс тапқан жаһандық сын-қатерлер мен тұрақты даму мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, келесі құжаттар не…

0
0
324

Temu Қытайдан АҚШ-қа жеткізілімді тоқтатты

Temu Қытайдан АҚШ-қа тікелей жеткізуді тоқтататынын мәлімдеді. Енді америкалықтар маркетплейстен тек АҚШ аумағындағы қоймаларда бар тауарларды ғана сатып ала алады. Бұл қадам арқылы Temu Трамп әкімшілігі енгізген қытайлық импортқа салынған қосымша салықтарды айналып өтуді көздейді.Осы жылдың 2 мамырында Ақ үй бұрынғы de minimis ережесінің күшін жойғанын ресми түрде жариялады. Бұл ереже бойынша АҚШ-қа жіберілетін құны $800-ден аспайтын шағын сәлемдемелерге салық салынбайтын. Осы жеңілдік арқасында Temu, Shein және AliExpress сияқты ірі қытайлық маркетплейстер АҚШ-қа сапасы онша емес, арзан тауарларды жаппай экспорттап келді. Ресми мәліметтерге сәйкес, АҚШ күніне Қытайдан 4 миллионға дейін арзан сәлемдеме қабылдаған.Енді бұл ағым мүлде тоқтамаса да, айтарлықтай азаяды. Қазіргі ережеге сәйке…

0
0
330

Астанада «Батырларға тағзым» порталының таныстырылымы мен қолжазбалар көрмесі өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде қазақстандық майдангерлер туралы мәліметтерді қамтитын «Батырларға тағзым» порталының таныстырылымы және құжаттық көрме өтті.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі іске қосқан «Батырларға тағзым» (https://batyrlarga-tagzym.kz) сайтында қазірдің өзінде 678 331 ардагер, оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі мәрте Кеңес одағының батыры және 19 «Даңқ» орденінің кавалері және басқа да ержүрек жауынгерлер туралы кең көлемді мәліметтер базасы мен галереясы бар.Порталға күн сайын 100-ден аса өтінім келіп түсуде. Соңғы 2 күндегі есеп бойынша, веб-порталға ардагерлердің тізімін енгізу бойынша Астана,  Алматы қалалары, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Атырау облыстарынан өтінімдер белсенді түскен.Интерфейс қажетті ақпаратты табуға ғана емес, со…

0
0
192

«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Balapan» телеарнасы 1 мамырдан бастап «Желаяқ» толықметрлі анимациялық фильмін прокатқа шығарады.«Желаяқ» – шытырман оқиғаға толы, қиял-ғажайыпқа құрылған анимациялық туынды. Фильмнің басты кейіпкері – ерекше қабілетке ие 6 жастағы Әлем. Әлемнің бар қабілетін иемденгісі келген Мыстан есімді зұлым оған қарсы шығады. Осы сәттен бастап Әлем бойындағы ерекше күшпен қоғамды зұлымдықтан, қауіп-қатерден қорғауға бел буады. «Желаяқ» жобасының идеясы өмірлік құндылықтарды жеткізуді көздейді. Біз бұл мультфильм арқылы жақсылық пен зұлымдықтың арасындағы күресті, ізгілік пен адалдықтың жеңісін, шынайы батылдықты көрсетуге тырыстық. Жобадағы ғылыми фантастика элементтері балалардың қиялын дамытуға көмектеседі. Жалпы алғанда, «Желаяқ» – қазақ мифологиясындағы оқиғ…

0
0
202

Қазақ жерінің қилы тағдыры

Бүгінгі таңда, 1920 жылы құрылып, 1925 жылы бірігуі аяқталған Қазақ республикасының 1925-1936 жылдардағы жер көлемі мен қазақ халқының саны туралы нақты ғылыми зерттеу жұмысы жоқ.Олай деуге, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2000 жылдардың бірінші онжылдығында шығарған «Қазақстан тарихы» атты академиялық 5 томдықта берілген деректер мен сол ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында жарық көрген ресми еңбектердегі статистикалық мәліметтердің мүлдем сәйкес келмейтіні негіз болады. Біз, аталған институт ғалымдары шығарған академиялық 5 томдықтағы мәліметтердің дұрыстығына үлкен күмән келтіреміз және онда халық санының да, жер көлемінің де кемітіліп берілгені туралы мәлімдейміз.Бүгін осы мақаламызда халық санына қатысты емес, жеріміздің көлемі мен оны жырымдау тарихына қатысты тоқталат…

0
0
187

Ақтаудағы Caspi Bitum зауытында битумның бірінші партиясы алынды

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Ақтаудағы битум зауытында «Caspi Bitum» БК» ЖШС-да («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) іске асырылып жатқан жаңғырту жобасы аясында маңызды нәтижеге қол жеткізілді. Жаңартылған қуаттардың жұмысқа дайындығын растайтын 740 тонна жол битумының бірінші партиясына сапа паспорты алынды. Жаңғырту жобасы мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін арттыру мақсатында жаңа негізгі технологиялық жабдықты ауыстыру мен орнатуды қамтитын — ЭЛОУ-АВТ мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысын жаңартуға бағытталған.Маңызды кезеңдердің бірі — наурыз айында биіктігі 40 метр және салмағы 140 тонна болатын жаңа Т-1102 вакуумды бағананы күрделі монтаждау жұмыстары болды. Бұл жабдық мазут өңдеуді ұлғайтуға және жаңа су сақиналы вакуум жасау жүйесін қоса алғанда озық технологи…

0
0
224