«Дін саласынының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау» шығармашылық байқауы басталды
17 ақпан күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен баспасөз конференциясы өтті. Шара жыл сайын дәстүрге айналған «Дін саласынының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау» шығармашылық байқауына арналды.16 жастан бастап Алматы қаласының кез келген тұрғыны қатыса алатын байқау биыл 7-мәрте ұйымдастырғалы отыр. Шараның басты мақсаты – дін саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы экстремистік және радикалды діни ағымдар идеологиясының зияны мен дін саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары туралы халықты хабардар ету. Журналистер мен БАҚ-ты, сондай-ақ дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша контент дайындаушыларды қолдау.Байқау төмендегі 7 но…
