Мазмұнға өту
Происшествия
53 жазбалар6 тіркелуші

ЧС, аварии, криминальные новости. забавные случаи

Жазғы маусым мен "Shymbulak Medeu Camp" таулы балалар лагерінің ашылуы қалай өтті?

Бүгін тау бөктеріндегі "Shymbulak Medeu Camp" таулы балалар лагерінің таныстырылым өтті.

Сонымен, шарадан эксклюзивті кадрлер.

Маңызды  жобалар

Табиғатты қорғауға қатысты жобалар

Біз жаңа жобамыз - "Shymbulak Medeu Camp" балалар тау лагері жұмысын бастағанын қуана жариялаймыз! Біздің лагерь балаларға Алматының керемет тауларында ұмытылмас оқиғаларды бастан кешіруге мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты балаларда табиғатқа деген сүйіспеншілік мен құрметті тәрбиелеу, оларға ашық ауада болу үшін қажетті дағдыларды үйрету, сондай-ақ командада жұмыс істеу, көшбасшылық, құрмет және жауапкершілік сияқты қасиеттерді дамыту болып табылады. Біз әр баланың түрлі бағдарламалар мен белсенділіктерді ұсына отырып, физикалық, интеллектуалдық және моральдық әлеуетін дамытуға ұмтыламыз", - дейді Абдрахманов  Ринат.

Лагерь бағдарламасы аясында жаяу сапарлар, командалық ойындар, зоология институтының, альпинизм федерациясының, ұлттық парктердің және басқа да ұйымдардың қатысуымен білім беру дәрістері ұсынылады. Балалар жабайы табиғатта, ұлттық мәдениетті үйреніп, өздерінің көркемдік қабілеттерін дамытатын болады.

"Біздің лагерь табиғат әлеміне жолсерік болып, адамдар үшін негізгі және маңызды білім алып, қоршаған ортаға дұрыс көзқарас қалыптастыруы үшін есіктерін ашады. Біз "Leave no trace" философиясын ұстанамыз және табиғатты сақтау қағидаларын сақтай отырып, әркімді осы әлемнің бір бөлігі болуға шақырамыз", - деді  ұйымдастырушылар.

"Табиғат және Адам" департаменті жүзеге асыратын екі әлеуметтік жоба туралы бөліскіміз келеді. "Shymbulak Outdoor Meetings" жобасы табиғи аймақтардағы демалыс қауіпсіздігін дамытуға, туризм саласындағы адамдардың кәсіби деңгейін арттыруға, сондай-ақ жаяу туризмді, альпинизмді және табиғи ортадағы басқа да спорт түрлерін дамытуға бағытталыпты.

"MOUNTAIN OPEN SOUL" жобасы қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға ашық және балалар мен ересектерді тау мәдениетіне баулуға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының арасында бейімделген дене шынықтыруды дамытуға бағытталыпты.

 "Рульсіз күн" атты болашақ жоба - Алматы қаласының басты экологиялық мәселесін шешуге қала тұрғындарын тарту және эко-белсенділікті қолдау жөніндегі бастама ұсынылады. Біз ауа тазартудың пайдасына қозғалысты ұйымдастырамыз және әркімді жексенбі күні автомобильді пайдаланбай, қоғамдық көлікті таңдап, осы жобаға қатысуға шақырамыз" - деп атап өтті. 

#ShymbulakMedeuCamp

#жазғылагер

#Алматылетнийлагер

#лагервгорах

0
0
634

Cloud computing трендтері немесе Қазақстанда бұлтты есептеу нарығы қалай дамып жатыр?

Қазақстанның бұлтты нарығы дамуының алғашқы сатысында, бірақ оның өсім қарқыны таң-тамаша етеді. Сарапшылар cloud computing өсімінің қарқынды дамып жатқанына назар аударып отыр.

Жетекші сараптамалық агенттіктер бұлтты технологияны бүкіл әлемдегі бизнесті дамытудың қозғаушы күші деп атайды. Мәселен, америкалық Gartnerзерттеу және консалтингтік компаниясы 2023 жылы бүкіл әлем бойынша қоғамдық бұлтты пайдаланушылардың шығыны шамамен 600 миллиард долларға жетіп, 21,7%-ға артады деп болжаған. Мұндай динамика, ең алдымен, жасанды интеллект (AI), Web3 танымалдығының артуымен және метағаламның дамуымен байланысты.

Қазақстандағы бұлттар

Қазақстан әлемдік трендтерге сәйкес дамып келеді және нарықтың қарқынды өсімін көрсетіп отыр.

ҚР-да 2022 жылы бұлтты технологиялар индустриясының көлемі 23,72 млрд теңгеге жеткен, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 44,8%-ға көп. Қызметтердің шамамен 66%-ы жергілікті провайдерлерден келеді, олар 80% жағдайда тек инфрақұрылымдық бұлттық қызметтерді (IaaS) қамтамасыз етеді.

Сарапшылардың пайымдауынша, бұл – түсінікті үрдіс, себебі бизнеске АТ-инфрақұрылымын республика аумағында қорғалған контурда және деректер орталықтарында өрістету маңызды. Мәселен, VK Cloud халықаралық компаниясы QazCloud-пен серіктестікте биыл Қазақстанда бизнеске бейімделген және ел аумағындағы дата-орталықта орналасқан локализацияланған бұлтты платформаны іске қосты. VK Cloud бұлттық қызметтері стартаптар мен ірі компанияларға цифрлық трансформацияны жүзеге асыруға және заңнамаға сәйкес өнімдерді нарыққа шығару уақытын жеделдетуге көмектеседі.

— VK Cloud бұлтты платформасы — бір терезеден цифрлық технологияларды дамыту үшін қажетті АТ-құралдар мен сервистер қолжетімді бизнеске арналған ХҚКОіспеттес, — дейді VK Tech Қазақстан өкілдігінің басшысы, VK Cloud дамыту жөніндегі директоры Арман Нұрышев. — Бұлтты платформа 20-дан астам алдын ала конфигурацияланған IaaS, PaaS және SaaS қызметтерін біріктіреді. Олардың көмегімен бизнес деректерді сақтай алады немесе бірнеше минут ішінде IT инфрақұрылымын орналастыра алады, ауқымды деректерді әзірлеу және өңдеу үшін заманауи құралдарды қосады, ақпараттың резерв көшірмесін және қалпына келтірілуін қамтамасыз етеді. Жергілікті дата-орталықта орналастыру «Дербес деректер туралы» 94-V заң талаптарының сақталуын, сондай-ақ сервистердің жоғары жұмыс жылдамдығын қамтамасыз етеді.

Әлемдік трендтер

Сарапшылар әлемдегі бұлт нарығының өсу драйверлерінің бірі деп жасанды интеллектті (ЖИ)атап отыр, онымен дұрыс жұмыс істеу үшін қуатты және масштабталатын есептеу мүмкіндіктері қажет. ЖИ модельдерін әзірлеу және оқыту нақты уақыт режимінде үлкен көлемдегі деректерді өңдеуді қажет етеді. Бұл тапсырмалар үшін бұлтты платформа өте қолайлы.

«Қазақстанда бұлтқа сұраныстың өсуіне басқа себептерде бар: компаниялар бизнес-процестерді автоматтандыру үшін АТ-шешімдерді белсенді енгізіп жатыр, онлайн-сервистерді әзірлеп жатыр, жасанды интеллектті оқыта отырып, үлкен деректермен эксперименттер жүргізіп жатыр. Жасанды интеллект дегеніміз — бизнесті автоматтандырудың негізгі міндеттерін өтеген кезде компаниялар көшетін келесі қадам», - деп есептейді Vk Tech өкілдігінің басшысы, Қазақстандағы VK Cloud дамыту жөніндегі директоры Арман Нұрышев.

Сарапшылардың болжамына қарағанда, 2023 жылы бұлтты нарықтың барлық сегменті өседі. Қызмет ретінде инфрақұрылымға (IaaS) соңғы пайдаланушылардың шығындары ең жоғары қарқынмен өсіп жатыр — 30,9%, одан кейін қызмет ретінде платформа (PaaS) — 24,1% өсім. Сонымен қатар, нарықтың ең үлкен үлесі — 33%-ын SaaS қызметтеріне тиесілі — бұл қызмет ретіндегі бағдарламалық қамтамасыз ету. SaaS шығындары 17,9%-ға өсіп, 2023 жылы 197 миллиард долларға жетеді деген болжам бар.

«SaaS қызметтері ең түсініктісі және пайдалануға оңай. Қазақстандық қолданушылар B2C сегментіндегі бұлтты бағдарламаларға бой үйрете бастаған: электрондық пошта, білім беру сервистері, блог жүргізуге арналған платформалар, сайттар құруға арналған веб-конструкторлар және т. б. бизнес үшін осындай модель бойынша CRM-жүйе, онлайн-бухгалтерия сервисі немесе ЭДО, офистік бағдарламалар ұсынылуы мүмкін, — дейді VK Tech өкілдігінің басшысы, Қазақстандағы VK Cloud дамыту жөніндегі директор Арман Нұрышев. — Инфрақұрылымдық қызметтер есептеу қуатын жалға алуды және pay-as-you-go (тек тұтынылған ресурстар үшін) төлеуді көздейді. Платформалық қызметтердегеніміз — бұл бағдарламалық жасақтама жасаушылар мен деректерді талдаушылар үшін дайын немесе алдын-ала жасалған құралдар».

Сонымен қатар, Gartner 2026 жылға қарай әлемдегі ұйымдардың 75%-ы бұлтты іргелі базалық платформа ретінде пайдалануға негізделген цифрлық трансформация моделін қабылдайды деп болжайды.

«Бұлтты технологияларға деген жоғары сұраныс олардың бизнес үшін ашатын жаңа мүмкіндіктерімен байланысты. Мұндай мүмкіндіктер көбейіп келеді: бұлтты инфрақұрылымды таңдаған компаниялар IT-де айтарлықтай үнемдей алады және цифрлық шешімдерді өз процестеріне тезірек енгізе алады. Сонымен қатар, бұлтты технологиялар инновацияларға — Big Data, жасанды интеллект, заттар интернеті және басқасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оңай масштабталатын инфрақұрылым мен арнайы құралдардың арқасында бұл технологияларды игеру және жобалардапайдалану оңайырақ. Ол үшін тар профильді мамандардың үлкен штатын жалдаудың және ұстаудың қажеті жоқ — күрделі құралдар PaaS (дайын платформалар) түрінде ұсынылған және бір рет түймеге басу арқылы қол жетімді. Бұлттар кез келген саладағы компаниялар үшін цифрлық трансформацияның негізі бола алады: бөлшек саудадан қаржы секторына дейін, интернет-компаниялардан денсаулық сақтау саласына дейін».

0
0
459

Журналистер NIS төрінде

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-ке журналистер күніне қарсаңында қоғам тынысынан хабар тарататын қалам иелері шақырылып Зияткерлік мектептің қыл қалам мамандары Светлана Попкова, Айнұр Ажмадина және ағылшын тілінен модератор мұғалім Гүлмира Естепбергенова “Арт-терапия және English” бірлескен авторлық шеберлік сағатын өткізді.

Бір сағатқа конференц-зал шығармашылық алаңға айналды, кескіндемелеріне үңіліп әркім өз қиялдарын, жаздық демалыстарын суреттеуге кірісті. Арманда жүрген елге, аралға, қалаға барғанын елестетіп суретке айналдыруды өнер сабағының мұғалімдерінің нұсқауларымен оңай да қызықты болды. Соңында әр қонақ өз кескіндемесін ағылшын тілінде суреттеп, караокемен ән айтылды.

– Бүгін алған әсеріміз керемет болды. Бірінші рет қолыма қылқалам алып сурет салдым. Тынығып, күнделікті тіршіліктен дем алып қалғандай болдық. Ұйымдастырушыларға, мектеп директоры Гүлмира Бақытбекқызына көп рахмет,– деп бөлісті “Қазақ әдебиеті” газетінің арт-редакторы Марат Сәбдікен.

– Шара өзінің креативтігімен, ерекше бағытымен қызықтырды. Тек саусақтарымызды қозғалтпай, миымызды да шынықтырып ағылшын тілде , әнді де айтып үлгердік. Мұғалімдерге зор алғыс,– деді “Жібек жолы” телеарнасының редактор-продюсері Гүлнүр Байменова.

– Елдегі балаларға озық үлгіде білім беріп отырған Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS ұстаздары мен басшылығына, журналистер қауымына, ресми ақпаратын ұсынып отыратын баспасөз кызметіне бүгінгі шара үшін алғысымыз шексіз. Төртінші билік өкілдерін шақырып, керемет арттерапия және ағылшын тілінде дәріс ұйымдастырып, жан дүниемізді рухани байыттыңыздар. Білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын,– деп ағынан жарылды “Евразия” арнасының редакторы Әріпжан Али

Шара соңында NIS директоры Гүлмира Бақытбекқызы жиналған қонақтарды келе жатқан төл мерекелерімен қүттықтады, жұмыстарына табыс тіледі және жыл бойы серіктестік танытып жүрген журналистерге алғыс хат табыстады. Қонақкәде ретінде оқушылардың техноторияда жасақтаған NIS белгісі сыйға тартылды.

#ЖурналистерНИШте

#NIS

0
0
580
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз