Департамент қызметкерлерінің қатысуымен семинар
2021 жылғы 20 қаңтарда Департамент қызметкерлері мемлекеттік қызмет департаменті ұйымдастырған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамасын түсіндіру жөніндегі семинарға қатысты."Б" корпусының бос немесе уақытша бос лауазымдарына конкурс өткізілместен ауысу тәртібімен орналасудың жаңа қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілді.Қағидаларға сәйкес мемлекеттік органдарда екі түрлі ауысу болу мүмкін:біріншіден, «Б» корпусының қызметшісі мемлекеттік органның ішінде тең лауазымға ауыса алады;екіншіден, соңғы екі жыл бойы мемлекеттік органда келесі төмен тұрған лауазымды атқарған «Б» корпусының қызметшісі сол мемлекеттік органның ішінде жоғары тұрған лауазымға ауыса алады.Қызметшіні ауыстыру үшін оның өтініші ғана қажет, бұл жағдайда мемлекеттік қызмет істе…
