Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру бойынша Департамент ...
Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру бойынша Департамент қызметкерлеріне семинар
2021 жылғы 18 қаңтарда әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова Департамент қызметкерлері үшін 250.00 нысаны бойынша декларацияны толтыру және тапсыру бойынша семинар ұйымдастырды, семинарда Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының маманы Айдана Айдарова декларацияны толтыру және тапсыру тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, көлеңкелі экономиканың мөлшерін азайту мақсатында жеке тұлғалардың кірістеріне салық салуды толық ауқымды әкімшілендіру міндетін шешудің маңызды шарты халықтың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау болып табылады.
Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу үшін жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етуде мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады.
Жалпыға бірдей декларациялау кейінге қалдырылды және 2021 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізілетін болады.
Бірінші кезеңде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларынан, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардан және олардың жұбайларынан декларациялауды бастау ұсынылады.
Декларацияларды ұсынудың мерзімдері
Декларацияларды ұсынудың 2 мерзімі қарастырылған:
· 15 шілдеден кешіктірмей – қағаз тасығышта;
· 15 қыркүйектен кешіктірмей – электрондық түрде.
18 января 2021 года уполномоченный по этике Айтуарова А.Р. организовала семинар для сотрудников Департамента по разъяснению заполнения и сдачи декларации по форме 250.00, на семинаре выступила специалист Управления государственных доходов по г.Костанай Айдана Айдарова подробно разъяснив порядок заполнения и сдачи декларации.
Как показывает международный опыт, важным условием для решения задачи полномасштабного администрирования налогообложения доходов физических лиц в целях снижения размеров теневой экономики является всеобщее декларирование доходов и имущества населения.
Целью перехода к всеобщему декларированию является создание системы эффективного контроля доходов и имущества физических лиц для борьбы с теневой экономикой и коррупционными проявлениями, а также усиление роли государства в обеспечении сбора налогов и других обязательных платежей в бюджет.
Всеобщее декларирование перенесли, и будет внедряться поэтапно с 2021 года.
На первом этапе с 1 января 2021 года предлагается начать декларирование с государственных служащих и их супругов, а также лиц, приравненных к ним и их супругов.
Сроки представления деклараций
Предусмотрено 2 срока представления деклараций:
не позднее 15 июля – на бумажном носителе;
не позднее 15 сентября – в электронном виде.
