Мазмұнға өту
Новости
Новости

Новости

6 173 жазбалар429 тіркелуші

Актуальное и интересное со всего света

Аграрлық несие корпорациясы «Қарызды өсімпұлсыз төле!» акциясын жариялайды

Аграрлық несие корпорациясы «Қарызды өсімпұлсыз төле!» акциясын бастап жатыр. 2022 жылғы 7 қараша мен 30 желтоқсан аралығында өтетін шара аясында 31-қазандағы жағдай бойынша мерзімі өткен қарыз алушылар мен лизинг алушылар (жеке және заңды тұлғалар) оны өсімпұлсыз өтей алады. Продолжение у нас на сайте #agroqogamkz #agro #agronews

0
0
220

«Бурабай» ұлттық паркіндегі 3 көлге 60 мың шабақ жіберілді

Осылайша, Шортанды, Бурабай және Үлкен Шабақты көлдерінің әрқайсының балық қоры 20 мыңға көбейіп отыр.

Әр шабақтың орташа салмағы – 25 г. Алты айда біршама өсіп қалған балықтардың суықта аздап салмағы азайғанымен, қысты жақсы өткізеді дейді «Бурабай» МҰТП жануарлар дүниесін қорғау және молайту бөлімінің мамандары. Жалғасы біздің веб-сайтта сілтеме #новости #bizkz #тренды #трендыbiz #новостиbiz

0
0
238

Кербұлақта моншадан аққан лас су 4 шаруа қожалығына зиянын тигізіп отыр

Төрт бірдей шаруа қожалығының өкілдері шағым айтқан монша иесі жуынатын орыннан шығатын лас суды таудан аққан суға ағызады деп шағымдануда. Бұл мәселені облыс әкімі Бейбіт Исабаев тікелей прокуратураның қарауына тапсырды, деп хабарлайды Agroqogam.kz.

Өңір басшысының кезекті кездесуінде бірнеше шаруа қожалығының жұмысына кедергі келтіріп отырған мәселе көтерілді.

«Таудан құлап аққан судың үстіне салынған монша мәселесі бойынша 4 шаруа қожалығының азаматтары шағымданған болатын. Заң бәріне ортақ қой. Осы моншаның салынуының заңдылығын тексеруге құзырлы органдар тосқауыл болып отыр, мәселені шешуге кедергі болып отыр деген әңгімені естігендіктен заңды-заңсыздығын анықтап, ықпал етсеңіз», – деді Дина Балқашқызы. Жалғасы біздің веб-сайтта #agroqogamkz #agro #agronews

0
0
280

Ұсақ мал арасында ең көп таралған ауру түрлері қандай

Бұған дейінгі мақаламызда біз қойларда кездесетін аурулардың алдын алу жолдарын айтқан болатынбыз. Бұл жолы қойлардың жұқпалы емес дерттерінің түрлеріне тоқталмақпыз. Ұсақ мал арасында ең көп таралған қой аурулары қандай деген сауалға жауап іздеп көреміз.Жұқпалы емес қой аурулары мал үшін аса қауіпті емес және олардың емі бар. Бастысы – емді уақытылы бастау. Жұқпалы емес қой ауруларының түрлері өте көп. Мәселен, безоар ауруы.Бұл – мал асқазанында жүн мен өсімдік талшықтарының иленіп қалуы салдарынан болатын дерт. Көп жағдайда бұл аурумен жас мал ауырады. Олар енесінің сүті жеткіліксіз болғандықтан, ағзасына минералдар мен дәрумендер жетпей, нәтижесінде ол өзінің жүнін жей бастайды. Осылайша ол ағзасындағы пайдалы заттардың жеткіліксіздігін толтыруға тырысады. Ауру мал өзін жайсыз сезініп,…

0
0
332

Бейнеу ауданы тұрғындарын киіктің Үстірт популяциясын сақтауға тарту бойынша жиын өтті

Дөңгелек үстел отырысы "Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің жүзеге асыруымен Еуропалық Одақ қаржыландыратын "Батыс Қазақстан-қоғамдық қатысу мектебі" жобасының шеңберінде «Тұрыш ауылы тұрғындарын экологиялық мәселелер бойынша шешім қабылдау процессіне тарту арқылы экологиялық мәдениет қалыптастыру» жобасының алғашқы іс-шарасы ретінде ұйымдастырылды.Айта кету керек, аталмыш жоба "Табиғи орта" Батыс Қазақстан үкіметтік емес ұйымдары өңірлік ассоциациясының кеңес төрағасы, "EcoJer" қауымдастығы Маңғыстау облысы бойынша аймақтық экологиялық кеңесінің мүшесі, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қоғамдық кеңес мүшесі Әділбек Қозыбақовтың жетекшілігімен жүзеге асырылуда.Отырыс барысында Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүн…

0
0
362

Ұлан Абдуллин: «Ауылды қалпына келтірмей болашағымыз жоқ»

100 млн адамды нанмен қамтамасыз етіп, Одақтың қорына 360 мың тоннаға дейін жоғары сапалы етті жөнелтіп отырған елдің қазірде азық-түлікті өзге елдерден тасымалдап отырғаны өкінішті. Астық дақылдары жоғары өнім берсе, бізде нан қымбаттайды, деп 83 жастағы ауыл шаруашылық ардагері өкінішпен баяндайды.– Мен, Ақтөбе облысының шетіндегі Ырғыз ауданында дүниеге келдім. Мектептен кейін ауыл шаруашылық институтында инженер-механик мамандығына оқып, 1969 жылға дейін «Тәуіп» совхозында жұмыс жасадым. Ауылшаруашылығына ондаған жылымды арнадым.«Тәуіп» совхозы Қызылорданың Арал ауданымен шектесетін Ақтөбе облысының ең шеткі ауылдарының бірі еді. Совхозда еділбай тұқымды қой өсірумен айналысатын. Өте табысты шаруашылық болатын. Қойдың жүні қымбат бағаланып, кілем мен костюм матасына пайдаланылатын. Жа…

0
0
341

Тәуелсіздікке алғашқы қадам: Қазақ КСР егемендігі туралы декларацияға 32 жыл

«Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Бұл құжат Қазақстанның нағыз тәуелсіздігіне апаратын құқықтық бастама болды. Жалғасы біздің веб-сайтта сілтеме #новости #bizkz #тренды #трендыbiz #новостиbiz

0
0
353

Сенімді өкілдерге куәлік табысталды

Сенімді өкілдерге куәліктер табысталды. Түркістан облысында жалпы 2700-ден астам азамат тіркелген болатын. Олар сайлау учаскелерінде бақылаушы болып, әділ өтуіне атсалысады.

Президенттікке Кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі Түркістан облыстық қоғамдық штабының ашылуында облыстық мәслихат хатшысы, штаб төрағасының орынбасары Қайрат Балабиевпен бірге жұмыс жоспарымызды таныстырып, белсенді азаматтарымызға куәліктерді тараттық.

Түркістан облысындағы 17 аудандық-қалалық штабтың барлығында да сенімді өкілдерге тиісті куәліктері ұсынылды.

#TOQAEV2022

0
0
394

Әділетті Қазақстанды” қалай және кімдермен құрамыз?Әрине, әрбір адамның

Әрине, әрбір адамның патриоттық рухын ояту және ішкі түйсігіне өзгеріске деген сенімді арттыру арқылы. Жүрек түкпірінде “мен елге не жасай аламын?” деген сұрақ болса бұл өзінің, қоғамның жетістікке жетуіне жасалған шынайы қадамы болады. Мемлекет басшысының да түпкі мақсаты - әр азамат отаншыл, әділ, шыншыл болып, қоғамдық өмірде өз ұстанымын ашық білдіруіне бейімдеу. Еңбек адамы - әлеуметтік құрылымдардың ең басты да маңызды бөлшегі. Қарапайым еңбекқордың мәртебесін көтеруге, оларды ел арасында насихаттауға басымдық беру жайлы жиі айтып жүрміз. Бұл да Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең ұнамды тұжырымдамасы болды. Білім сапасына жіті мән беру, медициналық қызметтерді халыққа қолжетімді ету Президенттің басты стратегиясы. Ал олигархтық капитализм біртіндеп жойылу үстінде. Ол дәлелдеуді қажет етпейді…

0
0
404

25 қазан Қазақстан Республикасының Күні

Дорогие казахстанцы!Поздравляем вас с Днем Республики, главным Национальным праздником Казахстана!День Республики 25 октября символизирует государственность Казахстана.В этот важный день, объединяющий всех жителей нашей многонациональной страны, желаем вам мира, стабильности и процветания. Пусть согласие, счастье и благополучие царят в каждой казахстанской семье!С уважением,Онлайн-сервис микрокредитования «Честное Слово»***Құрметті қазақстандықтар!Сіздерді Республика Күнімен, Қазақстанның басты ұлттық мерекесімен құттықтаймыз!Республика Күні 25 қазан Қазақстанның мемлекеттілігін білдіреді.Көпұлтты еліміздің барлық тұрғындарын біріктіретін осы маңызды күнде Сіздерге бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу тілейміз. Әрбір қазақстандық отбасында келісім, бақыт пен амандық орнасын!Құрметпен,Микр…

0
0
394