МЕРХАТ ЗАНГИНОВ: Әрбір науқастың өмірін аман алып қалу үшін дәрігер ештеңеден аянып қалмайды!
Солардың бірі - Зангинов Мерхат Тоқтарбекұлы, Дәрігер – мейірімділік пен ізгілік жаршысы. Рас, науқастың жанын қинаған ауруды табу оңай шаруа емес және екінің бірі дәрігер бола алмайды. Мұны тек ақ халатты абзал жандар ғана жақсы түсінеді. Солардың бірі - Зангинов Мерхат Тоқтарбекұлы, өмір мен өлім үстіндегі адам жанын ажалдан арашалап жүр. Дертіне дауа тауып, әрқашан көмек қолын созудан жалыққан емес. Талай адамның жүрегіне үміт отын жағып жүрген дәрігер-хирург проктолог, "SofieMed Group" көпбағыттағы медициналық клиникасында еңбек етіп жүргеніне биыл төртінші жылға қарады. Күнделікті үсті-үстіне ағылып келіп жатқан науқастарға ем-дом көрсетерде жайдары мінез танытуға тырысып-ақ жүр. Оның өмір жолына тоқталар болсақ, дәрігер болуды мектеп қабырғасында жүріп алдына мақсат етіп қойған. Ада…
