Батыс өңіріне сапар жалғасуда
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының республикалық штабының мүшесі Имашева Снежанна Валерьевна өңірге сапары барысында конституциялық өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты "Медициналық орталық" ЖШС дәрігерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында мекеме қызметкерлерін алдағы өткелі тұрған референдумға қатысуға шақырды. - Референдумның мақсаты саяси, құқықтық жүйемізді жетілдіру, конституциялық реформа жасау. Конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді. Конституциядағы 98 баптың 33-і өзгертілмек. Нақтылап айтсақ, Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлы-пропорционалды моделі енгізіледі. Мәслихаттардың ықпалы артады Бұл қадам сайлаушылардың көзқарастары мен пікірлерін барынша толық қамтуға мүм…
