Мазмұнға өту
Новости
Новости

Новости

6 173 жазбалар429 тіркелуші

Актуальное и интересное со всего света

Полиция Алматыдағы «рэкеттер» туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Бұған дейін БАҚ «Алматыда рэкеттер алым-салық талап етіп, атыс шығарғаны» туралы хабарлаған болатын. Атыс кезінде екі ер адам жараланған. Оқиға Алматының Медеу ауданында болған.

«Алматыдағы рэкеттер туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл бір көшеде тұратын көршілер арасындағы қарапайым тұрмыстық жанжал. Сонымен қатар, бірнеше адам болды деген ақпарат та жалған. Күдікті - бір адам, ол дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция өкілдері шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Бұл деректі қазір Медеу аудандық Полиция басқармасының аумақтық бөлімшелері анықтап жатыр.

0
0
312

Қарағандыда кондуктор мен автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Қазыбек би аудандық соты автобус жүргізушісіне пышақ ала жүгірген қарағандылық азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігімен «Пышақ қолдануға оқталу арқылы бұзақылық жасады» деген айып тағылды.Қылмыстық іс осы қыста болған. 23 жастағы жолаушы автобуста келе жатып, аяқ киімін сүрткен шүберекті еденге лақтырып жіберген. Кондуктор ер адамға ескерту жасағанымен, жолаушы кешірім сұраудың орнына оның бетінен ұрған.Автобус жүргізушісі кондукторға көмектесемін дегенде оған жұдырығымен шабуыл жасаған. Сосын қалтасынан жиналмалы пышағын шығарып, жәбірленушілерді қорқытқан. Осыдан кейін ол көшеге шығып автобустың дөңгелектерін зақымдаған.Сотталушы өз кінәсін мойындап, өкінетінін мәлімдеді. Бас бостандығынан айырмауды және ең төменгі жаза тағайындауды сұ…

0
0
247

Қызылордадағы атыс: үш адамды өлтірді деген күдіктілер ұсталды

«Оқиға болған жерді және күдіктілердің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында бес қару-жарақ, бірнеше оқ-дәрі, есірткі және жеті автокөлік айғақ ретінде алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық қатысушының жеке басы анықталып, жәбірленуші тараптың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар негізінде сегіз қылмыстық іс, яғни адам өлтіру бойынша - 2, бұзақылық бойынша - 2, қарудың заңсыз айналымы бойынша 3 іс және есірткінің заңсыз айналымы бойынша бір іс тіркелді», - деді Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Қазіргі уақытта қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты, толық және объектив түрде тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

0
0
374

МКК өкілдері кедендегі заңбұзушылықтар туралы айтты

Ведомство мәліметінше, Президенттің тапсырмасы бойынша МКК қызметкерлері Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық топтың құрамында сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушыларға, сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторларға (УЭО) және Қытаймен шекаралас өткізу пункттеріне тексеру жүргізген.«9 уәкілетті экономикалық оператор және 1 уәкілетті экономикалық оператор бөлімшесіне қатысты анықталған бұзушылықтар бойынша жергiлiктi кедендiк тексерулер аяқталды, қосымша өндiрiп алу сомасы (берешек, өсімпұл және өсімпұлды төлей отырып, салық сомасын ұлғайту. - еск.) 107 миллиард теңге болды. Сондай-ақ 58 миллиард теңгеге салық төлеуден жалтару деректері анықталды. Үш жыл ішінде заң бұзушылықтың жалпы сомасы - 165 миллиард теңге. Сонымен қатар, комитет 398 миллиард теңгеге жалған электрон шот-ф…

0
0
284

Мәдениет министрлігі Сурдлимпиада комитетін сотқа береді

Бразилияда өтіп жатқан жазғы Сурдлимпиадаға ұлттық құрама командасынан сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша 59 спортшы қатысып жатқаны белгілі.Министрліктің мәліметінше, ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитеті ҚР заңамасына қарамастан, өз тараптарынан жариялап бірқатар спортшыны, оның ішінде Қанафин Еркебұланды жарысқа апарған.«Қанафин Еркебұлан бұрын-соңды есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ресми жарыстарға қатыспаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі емес және дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған спорт ұйымдарында тіркелмеген. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде аудиограмма нәтижелері және жалпы спортшының денсаулық жағдайы туралы ақпарат жоқ.Бұған қарамастан Ұлттық Сурдлимпиадалық комитет Еркебұлан Қанафинді өз есебінен жарысқа жіберіп, Қазақстанны…

0
0
236

Өскеменде мұғалімдерге 5 теңге жалақы төленген

Есепті оқу орнының есепшісі жүргізген. Тексеру барысында бұрын 20 миллион теңгеге дейін артық төлем жасалғандықтан, қызметкерлердің лауазымдық жалақыларынан қомақты сома ұсталғаны белгілі болды.Ұстаздардың айтуынша, олар осы уақытқа дейін артық ақша алып келгенін білмеген. Жұмыс беруші де оларға жалақы туралы мәлімет бермеген.Дегенмен, қалалық білім бөлімінің экономистері мұғалімдер жалақысына егжей-тегжейлі қайта есептеулер жүргізіп, жанжалды соттың араласуынсыз шешуге уәде беріп отыр.«5 теңге аударғандарына таңғалдым. Басшылыққа жүгіндім. Олар аудармағанын, бір қателік болғанын айтты», - деді бастауыш сынып мұғалімі Ольга Шмидт.Еңбек департаменті мамандарының айтуынша, бұл бюджет қаражаты, кез келген жағдайда өз еркімен жалақысынан ұстап қалуға рұқсат беруі керек.«Әрине, барлық соманы ұ…

0
0
248

#Қазақстан #конституциялықреформалар

Жалпыұлттықреферендум өтетін күнді 5 маусымға белгіленді. Конституциялық Кеңес ұсынылған түзетулердің барлық тармағын Ата Заңға сәйкес деп қорытынды жасады. Референдум – бірлігімізді айшықтайтын айтулы саяси оқиға.

0
0
506

ҰОС-ның үш ардагеріне «Халық қаһарманы» атағы берілді

Құжатта 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылатыны айтылған. Оның ішінде:

Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы(марқұм) - 8-гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-гвардия атқыштар полкі 2-атқыштар ротасының мергені;

Несмиянов Александр Александрович (марқұм) - 126-Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-атқыштар полкі 1-атқыштар батальонының командирі;

Сүлейменов Ыбырайым(марқұм) - 100-бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-бөлімшесінің мергені-бақылаушысы.

Фото алынды aif.ru

0
0
284

Ресейде іздеу жарияланған алаяқ Шымкентте ұсталды

1997 жылы туған азамат Шымкент қаласындағы сәбилердің бірінде ұсталды. Көрші мемлекеттің полицейлері айыпты есіртті заттарды заңсыз сақтағаны, тасымалдағаны, дайындағаны және өндіргені үшін, ал Алматы полицейлері он бірқатар алаяқты әрекеттер жасағаны үшін іздестірген.«Мәлімет бойынша, азамат Е.түрлі сайттарға заттарды төмен бағамен беретін деген жалған хабарлау орнатылған. Өзіне хабарласқан адамдардың сеніміне кіріп, жалған келісім жіберіп, жүз пайызды ала төлем алғаннан кейін ұялы телефонын өмір сүріп хабарсыз кеткен. Тіркеу кезінде одан бірнеше абонеті нөмірлері табылды. Онымен қатар, аударымдар жүргізілген банктік деректер белгіленді. Өмір алаяқтықтың 16 дерегі расталды. Олар бойынша сотты тергеудің біріңғай тіркелімінде ҚР ҚК 190 - бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді», - атасы Алмалы…

0
0
270

Интернет-алаяқтық 10 есе өсті. Бас прокуратура ескерту жасады

Ведомство мәліметінше, статистика бойынша, кейінгі 5 жылда елімізде интернет-алаяқтық дерегі 10 есе өскен (2017 жылы 2 мыңнан 2021 жылы 21 мыңға дейін).«Азаматтардың әлеуметтік желілердегі онлайн сауда мен танымал сайттар арқылы алаяқтық құрбаны болу көрсеткіші айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар, қылмыскерлер онлайн-қарыз алу жолымен және банк карталарынан ақша жымқырады. Алаяқтар көбіне құрбанына инвестиция салу, бәс тігу, ойын және лотереяны жарнамалайды. Уақыт өткен сайын алаяқтардың ақша жымқыру әдісі күрделеніп барады. Алайда көп жағдайда алаяқтардың қасақана ойын іске асыруына азаматтардың өзі де кінәлі. Себебі олар алаяқтардың жаңа әдістерін білмейді. Интернеттегі жарнамаға сеніп, оңай олжаға кенелемін деп, опық жеп қалады», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.Бас прокуратура…

0
0
298